Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қазақстанның мәдениеті

Ел ордасы – Астана

  • Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұндаңыз:

Астана қаласы – республикамыздың тек әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы заман талабына сай дамыған орталық болып есептеледі. Бас қаламыздың тарихына қысқаша тоқталар болсақ, былай болып шығады.

1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталады. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қайта қайтарылып, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе желілерін байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды.

Елордамызда экономиканың бірнеше салалары халыққа үздіксіз қызмет етуде:

  • машина және ауыл шаруашылық машиналары;

  • құрылыс материалдары өнеркәсібі;

  • энергетика;

  • полиграфия өнеркәсібі;

  • жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

  • теміржол, әуе жолы, автомобиль көлігі;

  • байланыс және телекоммуникация.

Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда бірнеше зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Нұра аудандары.

Республика Астанасында бірнеше мәдени орындар мен театрлар: К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, сонымен қатар қалалық филармония бар. Талантты ақын-жазушыларымыз көрікті де, көркем Астанамызға арнап көптеген өлең-жырлар жазып, әнге қосуда!

Елордамызда бірнеше ірі жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар қалашығы, республикалық аурухана мен емханалар бар. Мәселен: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет, Медицина академиясы, Ұлттық музыка академиясы, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Еуразия гуманитарлық институты т.б. Сондай-ақ, «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері мен Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион бар.

Қаламыздың көрікті жерлерінде С.Сейфуллин мұражайы, Өлкетану мұражайы, Бейнелеу өнері мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Артем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары бар.

2.Астананың қандай көрнекті жерлерін араладыңыздар? Топпен

талқылаңыздар.

3.Сөздердің синонимдерін жазыңыз.

айғақтау ғажайып, тірек, даңқ, марқасқа, жетік білу, оң қапталында, қарыштап даму, айшықты

4.Мына сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.

Желмая, жерұйық, ошақта от маздату, көк аспанда қалықтау

5. Мәтінді оқыңыз

«Астана – Бәйтерек»

1997 жылы Астана қаласы елордалық мәртебеге ие болды. Қалада бұл тарихи күнді айғақтап тұрған ғажайып бір ғимарат бар. Ол «Астана-Бәйтерек» кешені. Бәйтерек дегеніміз, біріншіден, терек туысына тән ең биік ағаш бәйтерек сияқты биік, ірі дегенді білдірсе, екіншіден, ауыспалы мағынасы-тірек, таяныш, сүйеніш деген сөз.

Алтын шарлы жебенің аспанға атылған ұзындығы 97 метр. Әлі есімізде, Ресейдің Экс-Президенті Борис Ельцин Астанаға келгенінде:

«Бәйтерек – ғажайып құбылыс! Оның ұшар басындағы алтын шар – қазақ елінің ертеңгі бақытын елестетіп тұрғандай», - деп таң қалса, Мәскеудің мэрі Юрий Лужков болса: «Астананың даму қарқыны Гиннестің рекордтар кітабына енуге лайықты екен» - деп айтыпты.

«Астана – Бәйтерек» монументімен бірге салынған ғимараттар да арнайы аймақта аз емес. Жаңа Астана – Елбасымыздың қазақ халқына сыйға тартқан ұлы ескерткіші.

«Қазақ елі» монументі

Болашақта Астананың даңқын шығаратын «Қазақ елі» ескерткіш кешеннің биіктігі - 91 метр, бұл еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдың құрметіне орайластырылған сан. Жалпы алаңның аумағы – 5,02га. Ескерткіш кешеннің авторы Астана суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сембіғали Смағұлов. Соңғы үш жыл бойы осындай ескерткіш жобаға әлемдік тұрғыдан бәйге жарияланды. Бұған Ресей сәулетшілер одағының президенті Зураб Церетелиден бастап небір марқасқалар қатысты. Солардың ішінен Елбасы осы Сембіғалидың жұмысын ұнатқан. Сембіғалидың басқалардан артықшылығы қазақи дүниетанымы терең, ұлтының өткен тарихы мен мәдениетін жетік білетіндігі еді.

Ескерткіш кешеннің оң қапталында орналасқан екі тұлға 15 ғасырда қазақ хандығының негізін қалаған атақты сұлтандар Керей мен Жәнібек, екінші жағында еліміздің Ата Заңын көтеріп тұрған қос барыс бейнеленген.

Барыс Қазақстанның қарыштап дамуын бейнелейтін нышан. «Ат үстіндегі алты батыр» ескерткіштің екі жағына орналасқан. Мұндағы басты ерекшелік қазақ батырлары мінген арғымақтардың мүсіні, ер-тұрман, жүген-ноқта, ат әбзелдері айшықты бейнеленген. Ескерткіштің екі жағында екі дәуірді бейнелейтін сурет галереясы орналасқан. «Көне дәуірде» желмаяға мініп, жерұйығын іздеген Асан Қайғы, қобызын ойнатқан Қорқыт ата, ошақта отын маздатқан, бесік тербеткен әйел –аналар бейнелері салынған.

Келесі «Жаңа дәуірде» көк аспанда желбіреген туымыз, бейбіт аспанда қалықтаған ақ көгершін, бүгінгі Елорда келбеті, Есіл бойындағы Кенесары ескерткіші, айбынды Ақорда, бүгінгі білім-ғылым саласындағы жеткен жетістіктеріміз бейнеленген. 91метр биік Стелланың ұшар басында Самұрық құс бейнеленген. Көшпенділер үшін Самұрық құс - төзімділіктің, қайырымдылық пен еркіндіктің символы.

(«Айқын» 31мамыр, 2008)

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Бәйтерек деген не?

ә) Бәйтерек сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?

б)Бәйтерек туралы Б.Ельцин не айтты?

в) Ю.Лужков Астананың даму қарқыны туралы не деді?

г) Мәтіндегі 91, 97 сандары нені білдіреді ?

д) Барыс, Самұрық ненің белгісі?

ж) Асан Қайғы, Қорқыт ата, Жәнібек пен Керей сұлтандар туралы не

білесіздер?