Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

12 Сабақ ыбырай алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесi ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиелейдi. 1850 жылы Балғожа өзiнiң немересiн қазақ балаларына арнап ашылған мектепке оқуға бердi.

Мектепте ол алғаш татар тiлiнде оқиды. Кейiн ол оқуды орыс тiлiнде аяқтады. Ыбырай жетi жылдық мектептi бiтiрген соң, туған халқы үшiн қызмет етедi. Ең алдымен тiлмаш, кейiн мектепте мұғалiм болып iстейдi. Ол қазақ балалары үшiн мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. Ол қыздар үшiн де мектептер ашты. Мектептерге арнап көп жұмыстар атқарды.

Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тiлiн оқыту құралы» деген екi кiтап жазып, бастырды. Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгiмелер жазды. Ы.Алтынсарин И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдiң әңгiмелерiн қазақ тiлiне аударды.

Ыбырай Алтынсариннiң «Өзен», «Жаз» деген өлеңдерi табиғат туралы. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекшi, құмырсқа, қарлығаш» деген әңгiмелерi – өмiрдiң әр саласына арналған әңгiмелер. Ыбырай Алтынсариннiң қай шығармасын алса да, балаларды бiлiмге, еңбекке, адалдыққа, iскерлiкке шақырады. Оның «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңiн қазiр барлық балалар жатқа бiледi.

Ыбырай Алтынсарин әрi педагог, әрi ақын, әрi жазушы болған. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсариндi әрқашан жоғары бағалайды. Алтынсариннiң әдеби, педагогтiк еңбектерi қазақ, орыс тiлдерiнде бiрнеше рет басылып шықты. Қазақстанда бiрқатар жалпы және арнаулы орта оқу орындарына Ы.Алтынсарин есiмi берiлдi. Ы.Алтынсарин туралы ақын‚ Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма, драматург М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазды. Қостанай қаласында оған ескерткiш орнатылды. Республикадағы педагогика ғылыми-зерттеу институты Ы.Алтынсарин есiмiмен аталады.

Ы.Алтынсарин – өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам. Ы.Алтынсарин халқын адалдыққа, еңбекке және өзге халықтармен достықта болуға шақырды.

Сөздiк

Тiлмаш – переводчик адалдық – честность

әр‹ашан жоғары бағалайды – всегда высоко ценят

iскерлiк – мастерство

атқару – исполнять

дарынды – талантливый

ағартушылық – просветительный

iлiм – ученье

13 Сабақ Еуразия университеті – менің университетім

Еуразия университеті – қазақ және орыс бөлімдерінде 82 мамандық бойынша дипломды маман және 31 бағыт бойынша бакалавр даярлауға 2001 жылы 17 қарашада лицензия (АА сериялы № 0000002) алған жоғары оқу орны. Университетте 53 кафедра бар.

Университет құрамында мынадай факультеттер жұмыс істейді:

Математика, ақпараттық технология және стандарттау факультеті.

Жаратылыстану факультеті;

Сәулет-құрылыс факультеті;

Халықаралық қатынастар факультеті;

Тарих-филология факультеті;

Заң факультеті;

Педагогикалық факультеті;

Экономикалық факультеті.

Еуразия университетінің оқу процесі бес ғимаратта жүргізіледі. Ол барлық талаптарға сай келеді.

Әлемдік үлгіде салынған Бас (Әкімшілік-оқу) ғимарат Ақбұлақ каналының бойында орналасқан. Ол 2000 жылы пайдалануға берілді. Аумағы 20 мың шаршы метр.

Бұл ғимаратта университеттің әкімшілігі, оқу-әдістемелік басқармасы, Халықаралық қатынастар факультеті және ұлы түрік қолбасшысы Күлтегін (VІІ) ескерткішінің көшірмесі қойылған мұражай орналасқан. Осы ғимаратта студенттердің табысты оқуы мен оқытушылардың шығармашылық қызметіне қажеті бар жағдай жасалған. Қазіргі заманның зертханалық база, лингофондық кабинеттер, аудио және видеотехникалар, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар осыған дәлел.

Жаңа үлгідегі 8 қабатты оқу-зертханалық ғимарат 4 мың студентке арналған. Оның көлемі – 20 мың шаршы метр. 2003 жылы пайдалануға берілген бұл ғимаратта 1 мың орындық конференцзал, кең дәрісханалар, үлкен кітапхана, ауқымды оқу залдары, асхана бар.

Бүгінде ЕҰУ халықаралық деңгейге тез әрі мақсатты түрде көтеріліп келеді. Еуразия ұлттық университеті мынандай әлемге белгілі білім және ғылым орталықтарымен тығыз ынтымақтастыққа негізделген байланыс орнатқан:

Каир университеті;

Ольденбург университеті;

Испан дипломатиялық академиясы; “Клингендал” халықаралық қатынастар институты (Нидерланд);

М.В.Ломоносов атындағы ММУ;

РҒА-ның В.А.Стеклов атындағы Математика институты;

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;

Беларусь мемлекеттік университеті;

Том мемлекеттік университеті;

Новосібір мемлекеттік университеті;

Омбы мемлекеттік университеті;

Біріккен ядролық зерттеулер институты (Дубна, РФ);

Ресей СІМ Дипломатиялық академиясы;

Ресей халықтар достығы университеті;

ТМД университеттері;

Ресей Жаратылыстану ғылымы академиясы;

Лион – 1 университеті (Франция);

Берлин техникалық университеті;

Геологиялық институт (Осака, Жапония);

Милан университеті (Италия);

Халықаралық “Дубна” табиғат, қоғам және адам университеті;

ЕҰУ студенттері Нидерланд, Дания, Испания, Түркия, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания мамандарынан да дәріс тыңдайды. Университетте иран, қытай, үнді, түрік, неміс мәдени орталықтары бар.