Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

14. Шақтармен жұмыс істеу. Мына сөйлемдердегі сызықша орнына нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақ тұлғасын қойыңыз.

а. Су туралы көп (жазылу, жүр).

ә. Су туралы көп (айтылу, жүр).

б. Экологияға жауапсыз қарауымыз – қаншама теңіз, өзендер мен көлдердің суын (улану, жату).

в. Су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін (ескерту).

г. Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта (қалу).

  1. Суға анықтауыш сөздер жазыңыз.

2 - САБАҚ

Балқаш – байлығымыз

1. Ойтүрткі

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а. Балқаш көлі қайда?

ә. Балқаш суы таза ма?

б. Балқашта балық көп пе?

в. Балқаш көлі тұзды ма? (соленое?)

г. Парламентте экология комитеті бар ма?

ғ. Экология комитеті Балқаш проблемасын біле ме?

2. Диаграмманы оқыңыз

2. Оқыңыз

Балқашты құтқару үшін оған құр айқай емес, нақты іс қажет

Парламент мәжілісі экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Балқаш көлін қорғау және оны құқықтық реттеу туралы» мәселе қаралды. Отырысқа «Экология» депутаттық тобының мүшелері, сыртқы істер министрлігінің Өкілі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қатысты.

Отырыста Балқаш жағдайы – апат жағдайында деп айтылды. Химикаттар Балқашқа құятын өзендер арқылы көлді ластап жатыр. Көлдің деңгейі 2 метрге дейін төмендеген. Жағалауда тұз, құм. Ресей Байкал тағдырын шеше білді. Бізде керісінше, құр сөз бар, іс жоқ.

Депутат Ерлан: «Экологиялық мәселені шешу үшін қаржы керек, сондықтан заң жобасын талқылау кезінде осыған ерекше назар аудару керек», - деді.

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

4. Мәтіннен диаграммада берілген сөйлемдерді табыңыз (найдите в тексте предложения, которые в диаграмме).

5. А) Мәтіннен өткен шақта берілген етістіктерді табыңыз (найдите в тексте прошедшее время глагола)

ә) Мәтіннен –л, -ыл жұрнағы арқылы жасалған ырықсыз етісті (страдательный залог) табыңыз (найдите в тексте страдательный залог с суффиксами –л, -ыл).

б) Мәтіннен депутаттар сөзін табыңыз (найдите в тексте слова депутатов).

6 . Салыстырыңыз:

Балқаш көлі

Балқашта балық көп

_________________

_________________

_________________

_________________

_________________

Алакөл

Алакөлде балық аз

___________________

___________________

___________________

___________________

___________________

7. Арал тағдыры

Ойтүрткі

а. Арал теңізі бар ма?

ә. Аралда тұз көп пе?

б. Аралды құтқардық па?

в. Арал қазір қандай?

8.

• Балқашты қалай құтқаруға болады? (Как можно спасти Балхаш?)

• Қандай ұсынысыңыз бар? (Какие предложения есть?)

• Жазыңыз.

• Қабырғаға өз қағазыңызды қыстырыңыз, басқалар оқысын.

• Басқалардың ұсынысын оқыңыз (Прочтите предложения остальных)

• Өз ұсынысыңызды толықтырыңыз.

9. Көршіңізге өз ұсынысыңызды айтыңыз.

Модель: Менің мынадай ұсынысым бар:

Біріншіден, қор құру керек.

Екіншіден, судың құрамын (состав воды) тексеру керек.

10. Жазыңыз: Балқаш көлі.

11. Газетке мақала жазыңыз.

12. Төменде берілген мына мәтінді оқыңыз:

Балқаш бізге несімен қымбат? Мұны былайша көз алдымызға елестетуге болады. АҚШ үшін Мичиган, Ресей үшін Байкал, Қырғызстан үшін Ыстықкөл, ал біз үшін Балқаш соншалықты қасиетті, теңдессіз ұлттық және табиғи байлығымыз.

Балқаш көлінің ластану себептері көп:

а) Техногендік ластану жоғары,

ә) «Балқаш» кен-металлургия комбинатының қалдықтары Балқашқа ағып келеді,

б) Сарышаған әскери полигонының да әсері көп.

БАЛҚАШ КӨЛІ