Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

37. Берілген етістіктерді өткен шақ және келер шаққа үлгі бойынша өзгертіңіз.

Үлгі: қор құрылды, қор құрылады

  1. қор, ұйым, қоғам құру

  2. кітап, мақала, әңгіме, хат, журнал оқу

  3. оқулық, әдіс, шешім, құжат табу

  4. сұрақ, міндет, теңдеу, мәселе шешу

  5. ренцензия, сыйлық, нәтиже, кеңес беру

  6. кітап, мақала, роман, шығарма, жұмыс жариялау

  7. роман, әңгіме, повесть, новелла, экрандау

38. Берілген сөйлемдерді өткен шақ тұлғасында жазыңыз.

Үлгі: берілген, берілді, берген, берді сыйлығы берілген, берілді,

сыйлығын берді

  1. «Тынық Дон» және «Көтерілген тың» романдары үшін М.Шолоховқа Нобель сыйлығы (беру)

  2. Химиялық элемент полоний мен радийді ғалым химик Мария Склодовская – Кюри мен оның күйеуі Пьер Кюридің еңбегімен (ашу)

  3. Ғалымның маңызды жаңалығын әлем (тану).

  4. А.Нобель динамитті құрастырғанда, оның жаңалығы бейбіт мақсаттарға пайдаланады – деп (ойлау)

  5. Б.Пастернактың белгілі шығармасы «Доктор Живого» 19 тілге (аудару)

  6. Бірінші рет «Доктор Живого» романы Италияда 1957 жылы (жариялау)

  7. Орыс жазушысы Б.Пастернактың «Доктор Живого» романы Ұлыбританияда (экрандау).

  8. Осы романда Ресейдің революцияға дейінгі және кейінгі жағдайы (бейнелеу)

39. Жедел өткен шақта берілген етістікті өткен шақ есімшеге айналдырыңыз.

1. Альберт Энштейн теориялық механикадағы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды.

2. А.Нобельдің әкесі талантты инженер болды, ол бірнеше қызықты жаңалықтар жасады.

3. Тереза шешей 1950 жылы Калькуттада мейірімділік орденінің негізін салды.

4. Шығу тегі бойынша албандық болса да Тереза шешей өмірінің көп бөлігін Индияда өткізді (провела)

5. Тереза шешейдің мейірімділік Ордені әлемнің 111 (жүз он бір) елінде, 568 аурухана мен балалар үйін ашты.

40. Өткен шақ есімшені жедел өткен шаққа өзгертіңіз.

Үлгі: аталған – аталды

  1. Химиялық элемент кюрий ғалымдар Пьер мен Мария Кюридің құрметіне аталған.

  2. А.Нобель 350-ден астам жаңалық жасаған.

  3. А.Нобель қайтыс болғанда, оның өсиеті (завещание) жарияланған.

  4. Ландаудың бірінші ғылыми еңбегі университетті бітірерден 1 жыл бұрын жарияланған.

  5. «Ақиқат пен аңыз » романы қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы арналған.

  6. Белгілі орыс жазушысы М.Шолохов әдебиеті сыйлығын 1965 жылы алған.

  7. А.Нобельдің әкесі Ресейге келіп, Петербургке механикалық завод ашқан. Cодан кейін Ресейдің басқа қалаларында бірнеше механикалық завод салынған.

  8. А.Нобель динамитті ойлап тапқан (изобред)

  9. М.Әуезовтың романы бірнеше тілге аударылған.

  10. Л.Ландау 100-ден астам ғылыми еңбек жазған.

41. Мәтіннен есімшені табыңыздар, мәтінді әңгімелеңіз.

Альфред Нобельдің қызметі ғылымның және өнердің көптеген саларымен байланысты болған. Ол әр түрлі тілде өлеңдер жазған. Нобель 350-ден астам жаңалық ашқан. 1863 жылы Нобель динамитті ойлап тапқан және осы жаңалық оған әлемдік даңқ әкелген. Ғалым, өзінің ойлап тапқан жаңалықтары тек қана бейбіт мақсаттарға пайдаланылса деп армандаған. Нобель соғысты қылмыс деп санаған.

Альфред Нобельдің пацифистік идеялары ол өлген соң бірнеше жылдан кейін құрылған БҰҮ-ның жұмыстарында көрсетілген (были отражены)