Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

4.Берілген сөздерді орысша аудармасымен жұптастырыңыз.

мәртебе комплекс

ғажайып опора

кешен стрела

ауыспалы темп

сүйеніш соответствующий

жебе чудесный

құбылыс переносный

қарқын статус

лайықты явление

5. «Жаңа Астана келбеті» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Совсем недавно на географических картах мира появился город Астана – новая столица Казахстана. До этого столицами Казахстана были Орынбор, Кызылорда, Алматы.

Сегодня Астана – это огромная стройка. Над городом возвышаются высокие краны, тут и там поднимаются красивые многоэтажные здания, реставрируются старые дома, покрываюся асфальтом широкие площади, проспекты, и нарядные улицы.

Архитектура Астаны выполняется в евроазиатском стиле. Предполагается, что именно Астана будущем станет символом единения двух континентов.

(Гуревич Г.Ф.»Орыс тілі 6 сынып» 178 бет)

  • Мына пікірді қалай түсінесіз? Баяндап беріңіз.

Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.

(Жүсіп Баласағұни).

7. Сөздермен жұмыс істеңіз

Ұлыс, билеу,дәуір, дәурен, жерлеу, жақсы-жайсаңдар, саяси, рухани,

құрылу, қасиетті, өңір, қоныс тебу, шамшырақ, көшіру, таңдау,

еңбек сіңіру, жұтамау, жұрдай

8. Сұрақтарды талқылаңыздар

а) Қазақтың ежелгі астаналары қай қалалар болған?

ә) Кеңес одағы уақытындағы астаналары туралы не білесіз?

б) Астаналарды көшіру себебі неде деп ойлайсыз?

в) Сіздің Астанада тұрғыңыз келе ме?

9. Мына омоним сөздердің мағынасын түсіндіріңіз

Тақ, ер, жаға, бас

10 Мәтінді оқыңыз.

Қазақ тарихындағы астаналар

«Байтақ» - «пойтәхт» парсы тілінен аударғанда «астана», «тақ табалдырығы» деген мағынаны білдіреді екен. Батыс Түрік қағанатының және одан кейінгі Түргеш мемлекетінің орталығы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Орта ғасырларда Отырар, Испиджаб (Сайрам) әкімшілік, сауда-саттықтың ірі орталықтары болған. Аса ірі саяси-әкімшілік орталық саналған Сығанақ қаласы - Қыпшақ мемлекетінің, Ақ Орда ұлысының, Әбілқайыр мемлекеті және Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Көшпелі өзбектер мемлекетін билеген Әбілқайыр хан осы Сығанақ түбіндегі Көк кесене деген жерге жерленген. Алтын Орда дәуірінде Сарайшықтың дәурені өтті. Онда қазақтың әйгілі ханы – Қасым хан жерленген. Қазақ ордасының астанасы қазақтың 200-дей хан-сұлтаны, батыр-билері, жақсы-жайсаңдары жерленген қасиетті Түркістан ұзақ жылдар саяси-рухани байтақ қала болды. Ер түріктің бесігі болған қасиетті Түркістан – қазақтың мәңгілік рухани астанасы болып қала бермек. Қазақтың ежелгі астаналары Үлы Жібек жолының бойына және өзен-суы мол өңірлерге қоныс тепкен. 1920жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылған соң Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай, Х. Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер қазақ халқына шамшырақ болды. Алғашқы «Қазақ» газеті және «Айқап» журналы Орынборда басылды. 1924 жылы Ресей Орынборды өздеріне қосып алып, астаналарыңды өздерің таңдаңдар деген мәселе қояды. Қазақ зиялылары Ташкент немесе Түркістан қаласын таңдамақ болады. Сол Ташкентті өзбектерге алып беруге қызыл коммунистер Фрунзе мен Куйбышев көп еңбек сіңіреді. Сөйтіп, 1925жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріледі. Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді, Сыр жағалаған ел ешуақытта қыстан жұтамай шығатын. Қазаққа төрт жыл болған Қызылордада тұңғыш музыка театры ашылды, онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова тағы басқа өнер тарландары өздерінің талантымен танылды.

Атақты Түркісіб теміржолының салынуы астананы Алматыға көшіруге түрткі болды, Әуелгі кезде Алматыдан 120 шақырым жерде Іле өзенінің бойынан астана тұрғызылмақ болып, тіпті құрылысы басталған. Алайда инфақұрылымнан жұрдай, жол торабынан алыс жерге астана салудың қисыны келмейтіні мәлім.

Сөйтіп, 1929 жылы Қазастанның астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы сейсмикалық қауіптілігіне қарамастан Қазақстанның орталығы болуға лайық еді. Кеңес жылдарында сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып табылатын Опера және балет театрының үйі, Қазақстан қонақ үйі, Республика сарайы, Әуезов атындағы академиялық театр, Орталық мұражай, Ғылым академиясының бас ғимараты сияқты құрылыстар,бүкіл дүниежүзіне белгілі Медеу мұз айдыны салынды.

(«Айқын» 12маусым, 2008 )

Астана – әкімшілік-басқару орталығы