Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

8. Факультетте экологиялық мәселелерге қатысты осы үш кесте бойынша сауалнама жүргізіп, қорытынды әңгіме өткізіңіздер.

6 - сабақ

Альфред Нобель және Нобель сыйлығы

1.Мәтінді оқып, Нобель сыйлығы комитеті жұмысының ерекшелігін айтыңыз.

Парижде 1895 жылы жазылған өзінің атақты аманат хатында, А.Нобель

қалдырған капиталын қалай пайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы (перед смертью) оның қалдырған (оставленный) байлығы 92 млн. доллар. Қазір барлық қаржылық, ұйымдастырушылық сұрақтарын «Нобель қоры» ұйымы шешеді.

Нобель сыйлығы қорының қаржылық жұмысы табысты жүргізіліп келеді.

Жыл сайын сыйлық қоры теңдей беске бөлінеді. Физика, химия, медицина және физиология саласындағы ғалымдарға сондай-ақ әдебиет саласындағы жазушыларға, бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткен қоғамдық қайраткерлерге бес Нобель сыйлығы бар.

Нобель қоры жеке және тәуелсіз ұйым болып табылады. Директор жұмысын Швеция үкіметі ұсынған адам орындайды. Нобель сыйлығын кімге беруді Нобель қоры шешпейді. Нобельдің аманат хатында Нобельдің өзі айтқан: физика саласындағы сыйлық туралы Швед ғылым академиясы, медицина саласындағы сыйлықты Стокгольм Медицина институты, әдебиет саласындағы сыйлықты Стокгольмдегі Академия, бейбітшілікті нығайту туралы сыйлықты Норвег парламенті сайлаған бес адамнан тұратын арнайы комитет шешу керек".

1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі үсынған экономика бойынша тағы бір Нобель сыйлығы бар. Бұл сыйлық ресми басқаша аталған — Альфред Нобельдің кұрметіне аталған сыйлық (премия в честь Альфреда Нобеля).

Қазіргі күнде Нобель сыйлығы бүкіл әлемге белгілі.

Нобель сыйлығына кандидаттарды тандау үшін, бекіту үшін арнайы комитет құрылған. Онда белгілі мамандар жүмыс істейді. Нобель сыйлығына кандидаттар бекітілген соң, олар 10

желтоқсанда Стокгольм мен Ослоға отбасымен бірге шақырылады. Стокгольмде марапаттау рәсімі 1200 адам қатысқан концерт залында өтеді. Химия, физика, медицина, әдебиет саласындағы сыйлықтарды Швеция Королі табыс етеді. Кеш банкетпен аяқталады. Ослода бейбітшілік сыйлығын марапаттау рәсімі Норвегия королімен оның отбасының қатысуымен университетте өтеді. Марапаттаудан кейін лауреаттар өздерінің Нобельдік лекцияларын оқиды. Ол лекциялар "Нобельдік лауреаттар" деген арнайы басылымда жарияланады.

Нобель сыйлығы өте ерекше және айрықша сыйлық болып табылады. Ол 1901 жылдан беріліп келеді. Осы уақыт аралығында 600 жуық адамдар лауреат болды.

(Лауреаты Нобелевской премии: Энциклопедия: пер. с англ. М., Прогресс, 1992 г.)

2. Сіздің пікіріңіз.

Келісіңіз немесе карсылығыңызды білдіріңіз.

1. Альфред Нобель капиталды қалай пайдалану туралы аманат хатын қалдырды.

2. Екі ғана Нобель сыйлығы бар: физика және химия саласында.

3. Нобель коры — мемлекеттік үйым.

4. Кімнің лауреат болатынын қор дирекциясы шешеді.

5. А.Нобель әдебиет қызметін маңызды деп санамады.

6. Нобель соғысты үлкен қылмыс деп санаған, сондықтан Нобельдік бейбітшілік сыйлығы қүрылған.

7. Нобельдік лауреаттарды марапаттау, әдетте, желтоқсанда, екі қалада Стокгольмде және Ослода өтеді.

8. Марапатгау рәсіміне тек қана лауреаттар мен Нобельдік комитеттің мүшелері қатысады.

9. Марапаттаудан кейін лауреаттар өз Отанына бірден қайтады.

10. Сыйлық 1910 жылдан беріліп келеді және осы уақыттан бері лауреаттар саны жүзге жуық.

6. 3-тапсырмада жасалған жоспарыңыз бойынша тезистік жоспар жазыңыз.

Король Файсалдың халықаралық сыйлығы

7. Мәтінді оқыңыз. Нобель сыйлығымен салыстырыңыз.

Сауд Арабиясының қоғамдық өмірінде Король-Файсалдың алатын орны ерекше. Қазіргі уақытта бұл мемлекеттің дүниежүзіндегі ең бай елдердің қатарына косылуына зор үлес қосушылардың бірі осы Король Файсал болып табылады. Сауд Арабиясы дегенде біздің көз алдымызға, әуелі қасиетті Мекке мен Медине, одан соң сарқылмас мұнай мұхиты елестейтіні жасырын емес.

Бүгінгі Сауд Арабиясы түрлі ғылым салаларын зерттеушілерге қомақты сыйлықгарды жыл сайын үлестіріп отырады.

Бұл сыйлықты Король Файсалдың халықаралық сыйлығы деп атайды. Король Файсал атындағы бұл қор Сауд Арабиясының астанасы Ринад қаласында орналасқан.

Халықаралық сыйлық негізінен 5 ғылым саласы бойынша жыл сайын тапсырылып отырады.

Олар:

1. Нақты ғылымдар;

2. Медицина;

3. Араб әдебиеті;

4. Исламды зерттеу ғылымы;

5. Исламға кызмет ету:

1979 жылдан бастап, осы бес сала бойынша 34 елден 132 ғалым лауреат атағын алды.

Бұл сыйлықтарды негізінен адам баласына кызмет ететін ғылымдарды зерттеген ғалымдар ала алады. Ғылыми ізденістердің (иақты ғылымдар және медицина) Құран Кәрім аяттарымен сәйкестендіріліп айғакталуы шарт емес.

Етер осы ғылым бәйгесінде жеңімпаз атансаңыз, сізді төмендегідей жүлде күтеді:

I. Ғылыми еңбектің жеңімпаз атанғаны жөніндегі арнаулы сертификат;

2. Салмағы 200 грам болатын таза алтын медаль;

3. Ақшалай сыйлыққа 750 мың Сауд риалы немесе соның баламасы болатын 200 мың АҚШ доллары тапсырылады.

("Түркістан", мамыр, 2000 ж.)