Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать
  1. Сөздікпен жұмыс.

Ерекшеліктер, адам бойы, табылу, тиіс, кәсіпкерлік, бейім, ынталы, болжамдар, мұрат тұту, әсер ету, қабілет, жүйелі, пікір, өзге, сендіру, ерту білу, уәде, айнымау, жүріс-тұрыс.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Басшы қандай болу керек деп ойлайсыз?

  2. Басшы уәдесін орындауға мән беруі керек пе?

  3. Басшы кездесу уақытынан айнымауға ерекше мән беру керек пе?

  4. Басшының киінуі, жүріс-тұрысы тартымды болуы керек пе?

  5. Басшыға тәжірбие керек пе?

  1. Оқыңыз. Таныс емес, сөздерді сөздіктен қараңыз. Басшы келбеті

Басшы белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсеткіші.

Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылу тиіс?

Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлыққа жатады. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады.

Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай-ақ ол бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады.

Тез тіл табыса кетумен бірге жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтайды.

Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері керек.

Кез-келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті маңызды роль ойнайды, яғни лидерлік қажет.

Лидерлер өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс.

Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет.

Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.

Басшы үшін оқу аса қажет, кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу...

9. Шын (ш) немесе жалған (ж)

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а. Басшы белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші емес.

ә. Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс.

б. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алмайды.

в. Басшы – бақылаушы, зерттеуші

г. Басшы келешекпен байланысты болжамдар жасай алады.

ғ. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері керек.

д. Лидерлер өзгелерді сендіргіш, қай жағынанда үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс емес.

е. Жүйелі пікірі бар адам ойлай білмейді.

ж. Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет емес.

10. Түсінікті тексеру

  1. Басшы кім?

  2. Басшы неге бейім болуға тиіс?

  3. Кәсіпкерлік неден бастау алады?

  4. Сондай-ақ басшы қандай болуы керек?

  5. Басшы жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен қандай қарым-қатынас сақтайды?

  6. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар кімді сыйлай білуі керек, нені орындап, қандай қадам жасай білулері керек.

  7. Басшы үшін ауадай қажет не?