Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

(Выражение объекта, обозначающего желаемое)

10.Сөйлемдерді оқыңыз. Тілекті білдіретін объектіге назар аударыңыз.

Достарым менен көмек, кеңес сұрады. Дастан менен бүгінгі газетті

сұрады. Ата-аналар балаларына бақыт тілейді. Әлем халықтары бейбіт өмірді, апатсыз, соғыссыз өмірді қалайды. Ректор студенттерге табыс тіледі. Айжан Аннадан магнитофон сұрады. Мерекеде бәрі бір-біріне бақыт, денсаулық тіледі. Сіздің досыңыз кімді іздеп жүр? Контролер жол билетін сұрады.

11. Сұхбатты оқыңыз. Ұқсас сұхбат құрыңыз.

– Сәлематсыз ба, Гүлсім Сейілханқызы! Мейрамыңызбен! Біз сізге денсаулық, жақсылық, табыс, бақыт тілейміз.

– Үлкен рахмет, мен де сіздерге денсаулық пен табыстар, қуаныштар тілеймін.

12. Сөйлемдерді оқыңыз. Өтініш, тілек, талапты білдіретін етістікке назар аударыңыз.

Оқытушы студенттерден сабаққа кешікпеулерін өтінді. Достарымнан

менің өтінішімді ұмытпауларын сұрадым. Ата-анам жиі хат жазып тұруымды. өтінеді. Кітапхана студенттерге тіркеуден өтуін талап етті. Көп адамдар менің досыма эксперимент нәтижесі туралы мақала жазуға кеңес берді. Ғылыми кеңестің ұйымдастыру комитеті баяндамашылардан 15 қарашаға дейін тезистерін тапсыруларын өтінді. Декан бізден сабақ жібермеуімізді талап етті.

Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі

(Выражение объекта, обозначающего содержание речи, мысли)

13. Сөйлемдерді оқыңыз. Объектіні білдіретін сөздерге сұрақ құрыңыз.

Әпкем ертең суық болатынын, жылы киіну керектігін айтты. Директор

кітапхананың жазғы каникулда жөндеуге жабылатынын айтты. Оқытушы студенттердің курс жұмыстарын уақытында тапсыратынын білмеді. Кездесу

туралы айтық па, айтпадық па, есімде жоқ. Біздің топта бүгін жиналыс болатынын білеміз.

14. Сөйлемдерді салыстырыңыз, төл сөздің төлеу сөзге айналуына аударыңыз.

Радиодан: «Бүгін ауа-райы күрт өзгерді», - деп хабарлады. Радиодан бүгін ауа-райының күрт өзгеретінін хабарлады.

Қонақ үйде менен: «Қашан қайтасыз», - деп сұрады. Қонақ үйде менен қашан қайтатынымды сұрады.

Ғылыми жетекшім: «Жұмысты қашан бітіресің», - деп сұрады. Ғылыми жетекшім жұмысымды қашан бітіретінімді сұрады.

Балам: «Жұмыстан қашан келесің»? – деп сұрады. Балам жұмыстан қашан келетінімді сұрады.

Профессор: «Қай факультетте оқисың?»- деп сұрады.

Профессор қай факультетте оқитынымды сұрады.

Қазақ тілінің оқытушысы: «Біз синтаксисті көп оқыдық.», - деді. Қазақ тілінің оқытушысы біздің синтаксисті көп оқығанымызды айтты.

Факультет деканы: «Бәйге жеңімпазы марапатталады», - дейді. Факультет деканы бәйге жеңімпазының марапатталатынын айтты.

15. Мына сөйлемдерді жазыңыз, оқыңыз. Біреудің сөзін, ойын айтыңыз.

1.Маған «Егемен Қазақстан газетінің таным беттері ұнайды», - дейді

Раушан.

2.Мен «Шахмат ойлылар ойыны айдарымен берілетін мақалаларды

оқимын», - деді Салтанат.

3.«Нобель сыйлығын алған ең жас ғалым – 25 жасар физик Уйльям

Брэг», - деді оқытушы. Ол бұл сыйлықты 1915 жылы әкесімен бірге алған.

4.«Уақыт адам ойланып- толғанғанда ғана немесе жұмыс істегенде ғана алға жылжиды», - деді Раушан.

Назар аударыңыз!!!

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру құрылымы былайша білдіреді:

◊ Егер төл сөзде етістік ауыспалы осы шақта болса, төлеу сөзде – қашан келесің? қашан кел+етін+ім+ді болып өзгереді. Яғни түбір етістік + -атын, -итін, - етін есімше тұлғасы + тәуелдік жалғауы + табыс септігі.

Егер төл сөзде етістік өткен шақта берілсе, төлеу сөзде – қашан келдің? Қашан кел+ген+ім+ді болып өзгереді. Яғни түбір етістік + -ған, -ген,- қан,-кен тұлғалы есімше + тәулелдік жалғауы+табыс септігі.

Төл сөзде:

Үлгі: Шешем: «жұмыстан қашан келесің?» -деп сұрады.

Төлеу сөзде:

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІІ жақта берілуі

Шешем менің жұмыстан қашан келетінімді сұрады.

Шешем сенің жұмыстан қашан келетініңді сұрады.

Шешем оның жұмыстан қашан келетінін сұрады.

Назар аударыңыз!!!

Егер төл сөзде етістік өткен шақта болса, төлеу сөзде өткен шақ есімшеге тәуелдік жалғауы, табыс септігі жалғанады.

Төлеу сөзде:

Үлгі: Шешем: «Шешем жұмыстан қашан келдің?»- деп сұрады.

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІІ жақта берілуі

Шешем менің жұмыстан қашан келгенімді сұрады.

Шешем сенің жұмыстан қашан келгеніңді сұрады.

Шешем оның жұмыстан қашан келгенін сұрады.

Есіңізге түсіріңіз!

Есімшенің тәуелденуі:

І жақ

ІІ жақ

ІІІ

Менің оқыған+ым

Сенің оқыған+ың,

Сіздің оқыған+ыңыз

Оның оқыған+ы

Көпше түрі

Біздің оқыған+ымыз

Сендердің оқыған+дар+ың

Сіздердің оқыған+дарыңыз

Олардың оқыған+ы

Менің жаз+атын+ым

Сенің жаз+атын+ың

Сіздің жаз+атын+ыңыз

Оның жаз+атын+ы

Біздің жаз+атын+ымыз

Сендердің жаз+атын+дарың

Сіздердің жаз+атын+дарыңыз

Олардың жаз+атын+ы