Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

7. Қарағай мен қайыңның пайдасы туралы газет, журнал, кітап беттерінен материалдар іздеңіздер.

Жазыңыздар. Ол үшін В.Михайловтың “Бурабай” кітабын оқыңыздар.

8. Цифрлар нені айтады?

Ормандар, әсіресе, Бурабайда қорық ұйымдастырғанға дейін көп өртенді. Мысалы, 1931 жылы өрт апатынан 262 гектар қарағайлы орман жойылып кетсе, 1935 жылы бұл цифр бірден 1700-ге көтерілді! Бұл шығындардың орны әлі күнге толған жоқ.

Бір ғана жолдың өзін алайықшы. Ауқымы азғантай ғана, небары терістіктен түстікке қарай 42 километрге, шығыстан батысқа қарай 45 километрге созылатын орман арқылы 50 километр асфальт, 200 километр тас жол тартылған! Жаңадан салынып жатқан жол, ол үшін қиратылып жатқан ағаш қаншама?!. Орманға деген көзқарасымыздан біз өзіміз көрінсек керек.

(В.Ф.Михайлов, “Бурабай”)

9. Мына өлеңді жаттаңыздар:

Жапырақ жүрек жас қайың,

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын,

Келісесің бе, жас қайың?

(Көрінер, мүмкін кімге ерсі).

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына дүниені

Адам көзімен бір көрші.

Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орным табайын.

Беймәлім маған өмірге,

Қайың көзімен қарайын!

Сен-дағы жерден нәр алдың,

Мен-дағы жерден нәр алдым.

Біреуден сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым.

Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығы – адаммын!

Мендегі бары бір жүрек,

Беріпті жүрек саған мың.

Сондықтан ұзақ жасайсың –

Құрдасы келер заманның.

Бар-жоғы менде бір жүрек,

Ол өлсе – мәңгі кеткенім.

Сендегі семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемің

Тірілер қайта дүркіреп.

Жапырақ жүрек жас қайың!

Жанымызды айырбастайық?

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп тұрам қасқайып

Тәуекел айырбастайық!

М.Мақатаев

10. А) Өлең мәтінінен бұйрық райдың бірінші жағын табыңыздар.

ә) Өлеңнен шартты рай тұлғасындағы сөзді табыңыздар.

Б) Өлең мәтінінен қаратпа сөзді табыңыз.

11. Төменде берілген мысалдың мазмұнын айтыңыздар. Тілекті де қызғану бар

(Мысал)

Қалың орманда жасы жүзге келіп, аспанмен бой таластырып тұрған биік қарағай орман ішінде өсіп тұрған өзге ағаштарды қасына шақырып алып былай депті:

– Кімде-кім маған көңілге қонарлық, керемет тілектер айтса, соған жасымды, бойымды беремін...

Жүзге жету, бойын биік ұстау кім-кімге де арман емес пе? Жиылған ағаштар өзара сыбырласып, біртіндеп тілектерін айта бастады.

Ақ қайың ағашы:

  • Менің ақ тілегім: төбең бұдан да көкке жетсін...

Шырша:

  • Жапырақтарың жайқалып өссін...

Көк терек:

  • Тамырларың тереңге жайылсын.

Жабайы алма ағашы:

  • Мың жаса, бұтақтарың берік болсын... сияқты түрлі тілектер айтылса да, қарағайдың көңілінен шықпады. Күрсініп, шайқалып, серіктестерінің ойдағыдай тілектер айтпағанына налыды. Сол-ақ екен, манадан тып-тыныш үндемей тұрған жас шыбыққа тіл бітеді:

  • Жасым кіші болса да, сізге тілек айтуға бола ма?

  • Әрине, болады, айта бер, қысылма, – деді қарағай таңырқап.

Басқалары жақтырмағандай ыңғай білдіріп, орманның іші лезде күбір-күбір әңгімелерге ұласып кетті.

– Тыныш, сөз беріңдер. “Ақыл – жастан” деген, айтсын, - деп қарағай қаттырақ дауыстады. Ағаштар тыныштала қойды.

– Менің айтар тілегім, сізді отын шабуға келетін кездейсоқ орманшының балтасынан сақтасын... – дейді майысып.

Бұл қарағайдың ойынан шықты. Қуанғанынан зәулім бұтақтарын төмен иіп, жас шыбықтың төбесінен сипап, аялады.

  • Ақылшым, бердім жасымды, бердім жолымды, өзің де сақ бол!

Қарағай төбесі көкке жетті. Өзге ағаштар жас шыбықтың тапқырлығына қызыға, қызғана қарады.

(Баспасөз беттерінен)

12. а. Жоғарыда берілген мәтінде қандай ағаштардың аты аталған?

ә. Олар қарағайға қандай тілек айтты?

13. Мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыздар:

а. биік -

в. жас -

ә. ақ -

г. төмен -

б. терең -

ғ. кіші -

14. Мәтінде берілген “Ақыл - жастан” деген мәтелдің жалғасын табыңыздар.

15. Мына сөздердің синонимін беріңіздер:

а. биік -

в. налыды -

ә. көк -

г. таңырқау -

б. берік -

ғ. тіл бітті -

16. Мына сөйлемдер қандай рай түрінде, қай жақта (І, ІІ, ІІІ) берілген?

а. Төбең көкке жетсін.

ә. Жапырақтарың жайқалып өссін.

б. Тамырларың тереңге жайылсын.

в. Бұтақтарың берік болсын.

17. Фразеологиялық немесе түсіндірме сөздіктен мына сөздердің мағынасын қараңыздар: төбесі көкке жету, тіл бітті.

18. Орман әлемі туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Ол үшін мына тапсырмаларды орындаңыз:

1. Мәтіннің негізгі идеясын (Тіршіліктің жасыл тірегі) білдіретін сөздерді теріп жазыңыз.

2. Мына сұрақтардың мазмұнын ашатын абзацтарды мәтіннен табыңыз:

а) Адам өмірін ормансыз, тоғайсыз елестету мүмкін бе?

ә) Жердің, топырақтың өлуі неге баланысты?

б) Бангладештегі орман жағдайы қандай?

в) Австралиядағы орман жағдайы қандай?

г) Үндістандағы орман жағдайы қандай?

ғ) Қазақстандағы орман жағдайы қандай?

3. Мәтіндегі тірек сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді теріп жазыңыз.

4. Мәтін мазмұнына байланысты жоспар құрыңыз.

5. Жоспарыңызды, жазған тірек сөздеріңізді, сөйлемдеріңізді пайдаланып, мәтін мазмұнын әңгімелеңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.

5 - сабақ