Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

28. Сөйлемдегі көп нүктенің орнын толтырыңыз. Соңында берілген сөздерді пайдаланыңыз.

Ол ......... қорқақ. Ол ......... қу. Ол .......... аңқау. Ол .......... кекшіл. Ол .......... сақ (түлкі, қоян, аю, сауысқан, жылан)

29. Фразеологиялық теңеу оралымдарын оқыңыз. Соңында берілген сөздерді пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Уайымдама, адаспаймыз, мен бұл жерді өзімнің бес саусағымдай білемін. Тайға таңба басқандай емес пе, неге байқамадың? Мына жердің ит өлген жердей екен. Мына бала тойған қозыдай екен. Ана қызды хордың қызындай десе де болады.

(өте жақсы, анық, алыс, сүйкімді,сұлу)

30. Төменде берілген етістіктермен сөз тіркесін құраңыз. Қандай сөзді меңгереді анықтаңыз.

Үлгі: Білу – нені білу? – шындықты білу.

Беру марапаттау, алу, тану, ашу, бағалау, жүзеге асу, атау, қалыптастыру, талқылау, ойлап табу, құру, жою, тапсыру, қатысу, жариялау, беру, орындау, шығару, арнау, белгілеу, атап өту.

31.Мына құрылымды өзгертіп жазыңыз.

Үлгі: мәселені шешу – мәселе шешілді

Мектеп салу, химиялық процестерді зерттеу, жаңа техниканы қолдану, ғарыштық кемелерді жасау, ғылыми бағдарламаларды орындау, кітап шығару, сұрақтарды шешу.

32. Сөйлемдерді оқыңыз. Объектілік қатынасты білдіретін сөз тіркестерін табыңыз, құрылымына қарай топтаңыз.

Үлгі: І. Нобель сыйлығын беруді шешеді, есептерді шығарады. ІІ. Еңбегімен жасалынған.

Физика саласы бойынша Нобель сыйлығын беруді Швед ғылым академиясы шешеді. Инженерлер жаңа жоба жасап жатыр. Атомдық –молекуларлық теория көптеген ғалымдардыңеңбегімен жасалынған. Жоғарыда математика бойынша есептерді орта мектептің оқушылары шығарады. Студенттердің конференциясында студенттер ғылыми мәселелерді талқылайды. Атомдық-молекулярлық теорияны көптеген ғалымдар жасаған. Жаңа жоба инженерлердің еңбегімен жасалынған. Студенттердің ғылыми конференциясында жаңа ғылыми мәселелер талқыланды. Нобель сыйлығы туралы мәселелерді Швед ғылым академиясы шешеді.

33. Көп нүктенің орнына төменде берілген етістіктерді жазыңыз.

а. Нобельдік лекциялар «Нобельдік лауреаттар» деп аталатын арнайы басылымда ...........

ә. Көпшілік таныған ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері Нобель сыйлығымен ...........

б. Жер сілкіну, су тасқыны болған елдерде халықаралық Қызыл Крест комитеті көмек ...

в. А.Нобель өзінің ойлап тапқан динамитін халықты жоқ үшін қолданғанын ...........

г. Физика, химия, медицина, физиология сондай-ақ қоғамдық қайраткерлер мен жазушыларға берілетін Нобель сыйлығы бар. (берілу, көмек көрсету, пайдалану, тапсырылу, марапатталу, жариялану, қаламау)

34. Мәтінді әңгімелеңіз, етістіктерге назар аударыңыз, жазыңыз.

Үлгі: танылған, ...........

Бұл күнде Нобель сыйлығы барлық әлемге танылған. Осы сыйлық әр түрлі ғылым саласындағы және әдебиеттегі ерен еңбектері үшін, сондай-ақ үлкен қоғамдық қайраткерлігі үшін беріледі. Нобель сыйлығына кандидаттар арнайы комитет арқылы ұсынылады, таңдалады, бекітіледі. Бекітілген соң кандидаттар Стокгольм және Осло қаласына шақырылады. Тек қана марапаттталатындар ғана емес олардың отбасы да шақырылады. Лауреаттар марапатталғаннан кейін арнайы басылымда жарияланды. Нобельдік лекциялары оқылады. Нобельдік сыйлық 1901 жылдан беріліп келеді.

1975 жылы Стокгольмде экономика саласында А.Нобельдің құрметіне бірден екі лауреат лауреат марапатталады: Біреуі Ресейден Конторович Л.В., екіншісі Америкадан – Т.Купманс. Шындығында, екі ғалым екі жақта бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз болса да ресурстарды оңтайлы бөлудің теориясы жазылды.

Ғылыми ізденістер король Файсал атындағы халықаралық сыйлық қорының басшысы Принц Халел – Аль Файсал бастаған арнайы комиссия сарапталады.

Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін құрылымдардың жасалуы.

35. Мына етістіктерді оқыңыз.

оқу - оқыды оқылды, оқылған

жазу - жазды жазылды, жазылған

зерттеу - зерттеді зерттелді, зертелген

құру құрды құрылды, құрылған

қарау - қарады қаралды, қаралған

алу - алды алынды, алынған

шешу - шешті шешілді, шешілген

әкелу әкелді әкелінді, әкелінген

ашу - ашты ашылды, ашылған

қарсы алу - қарсы алды қарсы алынды, қарсы алынған

ойлап табу - ойлап тапты ойлап табылды, ойлап табылған

табу - тапты табылды, табылған

36. Мына есімшелермен сөз тіркесін жазыңыз. Үлгі: келісімге қол қойылған жазуға тапсырма берілген

ол қойылған, тапсырыс берілген, құрылған зерттелген, жарияланған, ұйымдастырылған, істелінген, алынған, ұсынылған, сыйланған, өткірленген, ойлап табылған, сатып алынған, табылған, әкелінген, қабылданған, басталған, ашылған, жабылған, ұмтылған.