Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

17. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Нобель өсиет хатында: «Барлық қаржысын марапаттау қорына қалдырамын», - деді. Арвин Нобельдің өсиет хатын оқығаннан кейін: «Ақшаның бәрі қор құруға жұмсалады,» - деді. Арвин: «Залдағы тыныштықты қара сюртуктегі кісі бұзды», - деді. Ол Нобельдің туысы еді. Нобель өсиет хатында «Табыс жыл сайын ғылымның бес саласына бөлінеді», - деді.

18. Сөйлемдерді оқыңыз. Объектілік қатынастағы сөйлемдерді табыңыз.

Өткен жылға қарағанда, А.Нобель тынымсыз еңбек етті. Соңғы кезде оны бір ғана ой мазалады: «Маңдай термен, бейнетпен (добытое адским трудом) жиған – терген байлығы кімге қалады? Мүмкін осы жиған – тергеніне жеке бақытын құрбан еткен де болар. Бауырларына ма? Туыстарына ма? Кімге қалдырады? Ақшаны еңбекпен табу керек, сонда ғана оның күші мен бағасын білесің. Аспаннан түсе қалған байлықтың қадірін ешуақытта да білмейсің. Еңбекпен тапқан нан тәтті.» Көп ойланып, ол қор құру туралы шешімге келді.

Көп ойланудан кейін жазған өсиеті оның жанын жадырата түсті. Өмір дәмін басқаша, жаңаша сезді. Енді оған өлім де қорқынышты емес сияқты. Абзал адамзат оның есімін ғасырдан жеткізетініне сенді.

(Нобель, Интернеттен)

Объектіні, құбылыстарды салыстыру, теңеу, ұқсату, ұқсастығын, бірдейлігін, теңдігін айырмашылығын білдіру.(Выражение сравнения, сопоставления, сходства и тождества объектов)

19. Сөйлемдерді оқыңыз. Объектіні салыстырған сөйлемдерді табыңыз.

Үлгі: жаңа үкімет, бұрынғы үкімет.

Өткен түнге қарағанда, бүгін ол көбірек ойланды, ұйықтай алмады. Өткен айлармен салыстырғанда, инфляция 2 пайызға өсті. Құстар тәрізді (подобно птицам) көбелектер ұзақ ұшады. Қалаға қарағанда ауылда туыстық байланыстар күштірек. Гидроэлектр станциясының жылу электр станциясынан айырмашылығы – қоршаған ортаны ластандырмайды (не загрязняет). Жердің басқа планеталардан айырмашылығы – жерде тіршілік бар. Лицейдің гимназиядан айырмашылығы- лицейде техникалық ғылымға көбірек назар аударылады.

20. Сөйлемдерді оқыңыз. Салыстыру құрылымындағы сөздерге назар аударыңыз, айтыңыз.

Жаңа үкімет құрамында алдыңғы жылмен салыстырғанда заңгерлер көбірек. Бірінші курс студентерімен салыстырғанда екінші курс студенттері көбірек біледі. Қазақстанның батыс бөлігінде шығыс бөлігімен салыстырғанда климат жұмсағырақ. Бұрынғыға қарағанда қазір әдістеме ілгері жылжиды.

Объектілерді, құбылыстарды салыстыру, ұқсату, теңеу.

21. Оқыңыз, сөйлемдерде қандай объектілерді салыстыру ұқсату бар?

а) 1. Оның түрі қуанышты хабар алған адамның түрі қандай болатын болса,

сондай жайдары еді.

2. Оның түрі қуанышты хабар алған адамның түрі тәрізді жайдары еді.

3. Ол бөтен адаммен қалай сөйлейтін болса, менімен солай салқын

сөйлесті.

4. Ол бөтен адаммен сөйлескен тәрізді менімен салқын сөйлесті.

5. Бір нәрседен күдіктенген сияқты, маған сенімсіз қарады.

ә) Зайсанға бірнеше өзен құяды, ал бір өзен ғана ағып шығады. О уақытта жағалауда күн бұлты, ылғалды, ал тауда ауа-райы ашық, құрғақ. Астана қысы өте суық, ал жазы өте ыстық. Қалада қар еріп кетті, ал қала сыртында қар әлі бар. Зайсанға бірнеше өзен құяды, ал Балқаш қажетті өзен құяды. Іле де, Ертіс сияқты Қытайдан басталады, Балқашқа құяды. Іле де Ертіс сияқты халықаралық өзен.