Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Түстердің түсі Асыл түстер және олардың мағыналары.

1. Сөздермен жұмыс (сөздікті пайдаланыңыз).

Өзіндік, даналық, үміт, кейіптеу, әділдік, ерлік, бірлік, ынтымақ, даңқ,

тәңірлік, билік, сақтық, жаңару, молшылық, қайта өркендеу.

2.Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Сізге қандай түс ұнайды? Неге?

ә. Сіздіңше ақ түстің мағынасы не?

б. Сіздіңше қара түстің мағынасы не?

в. Жасыл түстің мағынасы не?

г. Көк түс нені білдіреді?

д. Қай елдің туларында үш түс бар?

з. Мемлекеттік туларда қай түс жиі кездеседі?

3. Мәтінді оқыңыз (таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз)

Жасыл түстер және олардың мағыналары

Әлемдегі мемлекеттің рәміздеріне қарап отырсаңыз, қызыл түсті туларды жиі кездестіресіз. Ақ, көк, сары, қара, жасыл түстер де бар. Мемлекеттік тудың негізгі элементі – оның түсі. Әр түрлі түстердің мағыналары бар.

Қызыл түс - өмір түсі. Қанды, отты, махаббатты, батылдықты, күшті білдіреді. Ол бостандық пен тәуелсіздік жолын бейнелейді.

Ақ түс – бұл тазалық, жарық, даналық, үміт. Ақ ту – келісімді, бейбітшілікті білдіреді. Түріктер үшін қасиетті ақ түс. Ананы кейіптейді, бейнелейді.

Көк түс – аспан мен теңіздің түсі, биіктік пен тереңдікті бейнелейді, сондай-ақ тұрақтылық, әділдік, ерлікті білдіреді. Ежелгі египеттіктер бұл түсті шындықты білдіру үшін пайдаланған. Бұл түс грек, рим құдайлары – Зевс пен Гераның түсі. Көк түстің саяси мәні – азаматтық бірлік, ынтымақ.

Сары түс – Күн түсі, даңқты, тәңірлік билікті, сенімді , тұрақтылықты, бірлік, тұтастықты білдіреді. Бұл өмір түсі. Қытайда сары түс – императорлық түс болып саналады. Сары ту сонымен қатар карантинді білдіреді.

Қара түс – жер мен түннің түсі, сақтықты, тұрақтылықты, мойындамауды, торығу, үмітсіздікті білдіреді. Христиандарда қара түс қайғыны білдірсе, жапондарда қуанышты білдіреді.

Жасыл түс- көктемнің түсі, табиғаттың жаңаруын, қуанышты, үмітті, сенімді, молшылықты, гүлденуді, қайта өркендеуді білдіреді, бұл өмір белгісі (символ жизни). Жасыл түс – исламның қасиетті түсі. ХХ ғасырдың екінші жартысында жасыл түс экологиялық қозғалыстың символы болды.

4. Мәтіннен туынды зат есімдерді теріп жазыңыз:

Үлгі: батылдық, батыл+дық

5. Мәтіннен антоним сөздерді теріп жазыңыз.

Үлгі: ақ-қара

6. Лексикалық түсініктеме:

Кейіптеу – синоним бейнелеу –

Ежелгі –синоним көне

Жаңару – обновление

Молшылық – синоним береке

Мысалдар: Көк түс биіктік пен тереңдікті бейнелейді. Ежелгі грек аңыздары маған ұнайды. Наурыз – жаңарудың, өсіп-өркендеудің басы. Күз –молшылық, береке айы.

7. Грамматикалық түсініктеме:

1. Сын есім.

Сұрақтары: қандай? қай?

- В предложении имя прилагательное в основном выступает в качестве определения (анықтауыш). Прилагательное в казахском языке не согласуется с существительным ни в роде, ни в числе, ни в падеже.

- Имя прилагательное делится на непроизводные (негізгі) и производные (туынды)

- По всему значению и граматическим особеностям – прилагательные делятся на два разряда: качественные (сапалық сын есімдер), относительные (қатыстық сын есімдер)

- Сапалық сын есімдер обозначают признаки: цвет, объем, величину, размер, характер или своиству вкус, температуру и духовные качества людей, без дополнительного грамматического оформления.

- Қатыстық сын есім обозначают признак предмета по его отношению к другим предметам и явлениям.

8. Мәтіннен сапалық сын есімдерді табыңыз, жазыңыз.

9. Мәтінде берілген туынды зат есімдер қандай сын есімнен жасалған?

Батыл+дық, таза+лық, дана+лық, терең+дік, биік+тік, әділ+дік, тұтас+тық, тұрақ+тық, үмітсіз+дік.

10.Мына сын есімдермен тіркесетін сөздерді табыңыз.

Үлгі: батыл адам

терең ... биік...

таза... дана...

тұтас... әділ...

үмітсіз... тұрақты...

сақ...

11. Табыс септігі (винительныый падеж)

- сұрақтары кімді? (кого?), нені? (что?)

Мағынасы – қимылдың объектісі

(семантика) объект действия

  • табыс септік қосымшасыз да қолданылады.

  • Жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

12. Мәтіннен табыс септігінде берілген сөздерді теріп жазыңыз.

Үлгі: батылдықты бейнелейді.

13. Мәтіндегі табыс септігіндегі берілген сөздер қандай сөзбен тіркесіп тұр, жазыңыздар.

Үлгі: батылдықты бейнелейді.

14. –н табыс жалғауы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағынан соң –нг жалғауы жалғанады (после существительных ІІІ лица притяжательной формы)

Мысалы: Ол бостандық пен тәуелсіздік жолы+н бейнелейді. Жасыл түс – көктемнің түсі, табиғаттың жаңаруы+н, қуанышты, үмітті, сенімді білдіреді.

Жыр жаттаңыз.

Қара түнді көрдім де

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз сірә, мен мүлде

Аппақтың нарқын сезбеспін.

Қашпаңдар қарабояудан

Аспанда жарық жұлдыздар

Қап-қара түнде оянған.

М.Мақатаев

Гүлдің тілі мен түрі

1. Сөздермен жұмыс (сөздікті пайдаланыңыз)

Пәктік,ғашықтық, шын сүю, сүйіспеншілік, дау-дамай, талас, көнбіс, ерекшелік, уайым, өткінші, момын, жаңарған махаббат, бейкүнәлік, берілгендік, үміт, жесірлік.

2. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Қандай гүлді жақсы көресіз? Неге?

ә. Қандай гүлдерді білесіз? Атаңыз.

б. Мерекелерде (туған күн, мерейтой, үйлену тойы) Сіз досыңызға, туысыңызға гүл сыйлайсыз ба?

в. Гүлді көп таңдайсыз ба?

3. Мәтінді оқыңыз.