- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе - дүниетану жолындағы ашылған білімнін ақикаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі -- адамның биологиялык табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оны мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерің анықтау болмак. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығьіз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы касиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.
Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол - адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардын адамның санасында сәйкес бейнеленуін айтамыз.
Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешкашанда жете алмайды, өйткені ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.
Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны - объективтік ақикат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.
Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зертгеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.
Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытка дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па деген сұракқа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді.
Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз кажет. Келесі ұрпақ онын біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақикатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік.
Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол - ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады. Батыс философиясында прагматистік (рragmа - іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақиқатқа жаткызамыз», - дейді осы ағымның өкілдері.
Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактілік, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», - деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың», - десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», -деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактілік тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уакытқа дейін талданып келе жаткан «ақикат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нэрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол — біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі кажет», - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинскийге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақикаты білім ақикатынан жоғары, өйткені ол - Қүдайдың аяны деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым және мораль» мәселесіне айналды. Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық кұндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты.