Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§ 4. Өмір философиясы

Егер позитивизм ағымы XX ғ. ғылым саласында болып жатқан күрделі процестерді зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық күштерін салса, «өмір философиясы», керісінше, өмірді ақтау мен түсінуге шақырып, ақыл-ой, логика, дүниетаным, экономиқалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан дүниесін, өмір сезімін кедейлетеді деген пікірге келеді. Расында да, XX ғ. қарай «адам ақыл-ойдың негізінде дүниені езгертіп, жер бетіне бақытты өмір әкеледі» деген Жаңа дәуірдегі ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткір сынға алына бастады. Оның бастамасын біз сол XIX ғ. өзінде-ақ емір сүрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердің шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға «еккен» ойлары XX ғ. әр түрлі «өмір философиясының» ағымдарын тудырып, өте жемісті болып шықты.

Бұл ағымның негізгі ұғымы ретінде «өмір» философиядағы бұрынғы «болмыс» қатегориясына қарсы қойыла бастады. «Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар», - деді Ф.Ницше. «Ал қалыптасу дегеніміз өмір», - деп әрі қарай өз ойын қорытты.

Өмір философиясының шеңберінде «емір» ұғымына әртүрлі галымдар әртүрлі мазмүн-мағына береді. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді инстинктер, өмір сүруге деген құштарлық, ерікке т.с.с. тенейді. Тарихтық көзқарасқа негізделген бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның ішкі жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретінде тұсініледі.

«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері Вильгельм Дильтей (1893-1911 жж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 жж.) өмірді ерік пен іңкәрлік, сезім мен тебіреніс деректері деп анықтайды. Өмір хаосты тәртіпке келтіреді. Өмірдің организмдік және одан да биік формалары бар. Өмір организмдік деңгейде өліммен шектелсе, организмдіктен биік формалары мәдениетгі құрайды. Осы тұрғыдан алғанда, шындық өмірден алған тәжірибенің өзі. «Өмірлік тәжірибе» - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға сыймайды. Өмір - ағым, өзгеріс, шығармашылық, онда жалпылық деген жоқ. Өмірді тек қайталанбайтын жекелік арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада «шығармашылық трагедия» дүниеге келеді. Өйткені өмірдің қайталанбайтын толқындары оның объективтелінген, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келеді. Ол қайшылықтарды шешу үшін тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ахуалды білу, барлық жан-дүниемен соған өткендей болын сезіну арқылы түсінуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен береді. Тарихшы өткен окиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бірге оны қайта тебіреніп, оның өміршеңдік жақтарын түсіндіре білуі керек.

Анри Бергсон (1859-1941 жж.) - «өмір философиясының» шеңберінде «шығармашылық талпыныс» ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындың - ол белгілі бір толыққанды біртұтас өмір, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол -сол өмірдің қалдықтары. Өмір - «өмірлік талпынысқа» (еіап уііаі), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгеріс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмірге бағынады. Сондықтан табиғаттың тарихи күрделенуі, өрлеуі - өмірдің шығармашылық өрлеуімен тең. Олай болса, дүние бірегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды бірінсн соң бірін тудыра беретін шығармашылық .

А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге өзінің интеллекті (ақыл-ойы) арқылы бейімделді. Интеллект дегеніміз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегі құбылыстарды танып-білуі, ол өзінің ең биік шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетеді. Интеллект біртүтас дүниені заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөліп, содан кейін олардан дүниенің жасанды суреттерін тудырады. Интеллектінің қайнар көзі — адамның материалдық дүниедегі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, олардың нәтижелілігін қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнін аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлі материяны құрамдас бөліктеріне бөліп, содан кейін оларды басқаша түрде қайта құрастыру - интеллектінің негізгі ісі. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгеріп жатқан дүниені интеллект кинопленкадағы өмірді «жасанды түрде» көрсеткен сиякты (онда әрбір кадр қозғалысты көрсетпесе де), бірінің артынан бірін белгілі бір жылдамдықпен өткізген кезде, экранда «қозғалыстағы өмірдің» көшірмесі пайда болады. Интеллект дүниедегі ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетіп, сонымен қатар оның қайталанбайтын, өмірге бір-ақ рет келген ішкі өзегін - өмірдің өзін—танып-біле алмайды.

А.Бергсон адамның интеллектінен басқа да таным кұралының бар екенін мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегеніміз - ол затқа деген сүйіспеншіліктің негізінде оның ішкі, интеллектіге ашылмайтын жағына өтіп, оның өмірлік өзегін сезіну болып табылады. Интуиция дегеніміз - рухтың алғашқы негізі. Ол -өмірдің өзі. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектіге бөлінеді. Сол сәтте инстинкт өзіндік санасынан, интеллект заттың ішкі сырын ашу қабілетінен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектіге бағынышты. Алайда кейбір «шекаралық жағдайда», адамның өміріне қауіптенген, я болмаса оның басына «тағдырлық» ахуал келген кезде, интуиция интеллектінің құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетіп, оның ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседі.

Адам - шығармашылық пенде, өйткені «өмірлік талпыныс» оның ішінен өтеді. Алайда өмірді терең сезіну интуициясы - тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнінде элитарлық көзқарас ұстайды.

А.Бергсонның әлеуметтік философиясына келер болсақ, ол адамның өмір сүруінің екі түрін мойындайды. Көп жағдайда адам «сыртқы» өмірдің шеңберінде, өзі үшін емес, басқа адамдар үшін өмір сүреді. Тек қана өзіміздің ішкі өмірімізге терең үңіліп, біз өзіміздің еріктігіміз бен әлеуметтігімізді анықтай аламыз. Бірінші, өмір формасын ол «жабық», екіншісін «ашық» қоғамға жатқызады,жабық қоғамда тұлға ұжымның кұрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмірі мен шығармашылық қызметі ұстем болып келеді.

Қорыта келе, біз А.Бергсонның философиясының біршама қайшылықтарының бар екенін байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан дүниесінің нәзік жақтарын толығынан жете біле алмайды. Интеллект есептейді, бөледі, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебіз білінеді. Адам көп жағдайда өмірдің терең жақтарын бисаналық түрде өзінін барлық жан-тәнімен сезінуі мүмкін. Мұның бәрі де дұрыс. Бірақ А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбір терең дүниетанымды жоққа шығарады. Өйткені интуициямен сезінгенді ұғым арқылы түсіне алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткіземіз? Дүниедегі «шығармашылық талпыныс» өне бойы қайталанбайтын өзгерістерді тудыра берсе, онда дүниедегі барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер еді. Әрине, ол мүмкін емес. Дегенмен А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негізінде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол XX ғ. басқа философиялық ағымдарға өзінің зор әсерін тигізді.