Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Онтология (болмыс) мәселелері

Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің «потенция» және «акт» деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да, болмауы да мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, кемеліне келмеген. «Таза потенциалдық» ол материя, болмыстын ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандык, кемеліне келгендік. Актуальдық – ол форма (бітім), сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар көзі. Олай болса, Құдай - болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағына бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан ол -- таза акт (шындык), өзіне-өзі жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. «Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды», -деген пікір айтады. Фома Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін, XX ғасырда ғалымдар растады. Қазіргі Дүние жөніндегі түсініктер бойынша Дүние өзінің ішінде орасан зор потенцияны (мүмкіндікті) сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске асады (актуальділікке айналады), потенция-шындықтың толқыны, қай толқын дүниеге айналады, ол кездейсоқпен байланысты. Толық болмыс тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние болмыстыққа қатысады. Сондықтан болмысқа келген заттардың өзінің мән-мағынасын ашудағы, шындыққа айналдырудағы мүмкіндігі зор, олай болса Фома Аквинскийдің философиясы - оптимистік философия. Өйткені біздің бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз бағасы жоқ қымбатты сыйға - өмірге ие болып, көз алдымыздағы болмыстағы таңғажайып құбылыстарға шаттанып қараймыз, өзіміздің ішкі мүмкіндіктерімізді, табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске асыруға тырысамыз.

«Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (Жаратушы біреу ғана, ол - Құдай), олар әртүрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға келер болсак, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдыктың түп-тамыры жатыр», - дейді Фома Аквинский.

Әрине, адам Құдайды, Дүниеде не істеу керектігін – бәрін біледі. Ерікті адам белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол садақшының жіберген оғы, адамдардың ойнайтын әуен құралы емес.

Бірақ Дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету - екі түрлі нәрсе. Адам күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіктің негізінде ақиқаттан алшақтап кетуі, тіпті оны ұмытып кетуі мүмкін.

Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар:

  1. мәңгілік заң (Lex аеtеrnа);

  2. табиғи заң (Lех nаturalis);

  3. адамдардың қабылдайтын заңдары (Lех һumаnа);

  4. Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар (Lех dіvinа).

Мәңгілік заң ол Құдайдың ойынан шыққан жоспар, жаратылған Дүниедегі заттардың тәртібі, әрбір зат пен құбылыстың ішкі мақсаты (Аристотельдің тілімен айтқанда - энтелехиясы). Бұл заң тек Құдай мен әулиелерге мәлім. Адам да, әрине, саналы пенде ретінде болмыстың мәнгілік өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін.

Табиғи заң адамның ақыл-ойдың иесі ретіндегі жақсылық пен жамандықты айыруынан шығады. «Жақсылыққа ұмтыл, зұлымдықтан аулақ бол» деген қағида - ол табиғаттан шығатын заң. Табиғаттың ең биік құндылығы - өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтауы керек, ол табиғи заңға жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің қосылуы, балаларды тәрбиелеу, басқа адамдармен бірге өмір сүру, өзара адамдардың бір-біріне көмектесуі, істеген нәрселерімен алмасуы, бәрі де - табиғи, адамның ақыл-ойынан шығатын нәрселер.

Адамдардың қабылдаған заңдарына келер болсақ, олар - қылмысқа, зұлымдықтың қайсыбір түріне карсы бағытталған заңдар. Олар - адамның ақыл-ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп, оған жету жолында қандай құралдарды пайдалану керектігі көрсетіледі. Егер Августин заңдардың керектігін адамзаттың алғашқы тектік күнәсінан шығарса, Фома Аквинский оны табиғи қажеттіктен шығарады. Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің қайнар көзін бастап, соларға сәйкес келуі керек. Ой арқылы табиғи заңдардан адамдардың кұқы құрастырылады. Ал соңғыдан оны нақтылау аркылы азаматтық құық пайда болады. Мысалы, табиғи заң - өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі. Одан «Өлтірме» деген адам кұқы пайда болады. Ал азаматтық құқта нақтылы түрде адам арам пиғылдың негізінде өлтірілді ме, әлде кездейсоқтық жағдайда қаза болды ма, әлде мас адамның іс-әрекетінен өлді ме, зерттелу негізінде әртүрлі жағы қолданылады.

Қайсыбір заң зұлымдық жолына тосқауыл койып, оны бұзушыларға күш жұмсау, қамау арқылы, калған адамдардың бейбіт өмірін сақтайды. Сонымен табиғаты бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы уақытта сырттай оның талаптарына көнеді, жүре келе ол әдетке айналады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы да ғажап емес. Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады.

Адам - міні көп, кемеліне келмеген пенде. Заңның керектігі осы іргетасты қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есептеп оны заң арқылы тежеу мүмкін емес. Ал, бірақ бүкіл қоғамға, басқа адамдарға кеселін тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы, адам өлтіру, ұрлық жасау - ол бүкіл қоғамның өміріне қауіп туғызады. Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет.

Аса көңіл аударатын нәрсе - егер адамдардың шығарған заңы табиғи заңға қайшы келсе, - ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір заңның негізінде әділеттік жатуы керек, басқаша жағдайда, біз түгел шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек жайып кеткен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселелеріне әкеліп тірейді. Заңның моральдық құндылығы табиғи заңмен байланысты. Әділетсіз заң зорлық-зомбылыққа жеткізеді.

Адам заңы Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту керек. Тиранияға қарсы кетерілісті де ақтау керек, өйткені одан артық зұлымдық қоғамда жоқ.

Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік формасы жоқ, ол – тәртіп пен мемлекет бірлігінің кепілі. Ең жаман билік формасы - ол тирания, өйткені ол зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі. Бұл билік күшейген сайын, оның зұлымдығы да арта түседі.

Мемлекет адамдарды игілік жолына бағыттап, бұзылған адамдарды тәрбиелеп, ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы қоғам өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.

«...Бірақ мемлекет адамдардың барлык рухани ұмтылысын мақсаттарын өтей алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары да оған жеткіліксіз. Сондықтан Құдай адамдарды сүйіп, оларға аянмен берілген зандарды ұсынды . Сол себепті адамның басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Библиядағы заңдармен толықтырып отыруымыз керек», - деп қорытады Фома Аквинский.

Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін калдырды. Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі осы күнгі заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзаттың рухани өміріне әсерін тигізуде.