Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Гностиктер ілімі

«Гносис» деген грек сезі «тану-білу» мағынасын береді. Алайда бұл сөзбен біздің дәуірдің басында өмір сүрген, ақыл-оймен танудан гөрі, мистикалық, (құпия) жолмен Дүниенің сырын ашуға болатынына сенген діни сектаны айтамыз.

Гностикалық ағым Құдайды және адамды құтқаруға арналған. Оған мынандай сұрақтар кіреді:

  1. Біз кім едік, енді не болдық?

  2. Біз қайда болып едік, енді қайда қуылдык?

  3. Енді қайда болғымыз, неден кұтылғымыз келеді?

  4. Туу және, қайта туу дегеніміз не?

Гностикалық тәжірибеде қамығу мен алаңдау аркьшы сананың астары ашылып, сонда игілік пен зұлымдыктың бір-бірімен ымыраласпайтыны анықталады. Адам өзінің жаратылысы бойынша игілікке жаратылған. Өйткені ол зұлымдықтан зардап шегеді, одан аулақ жүргісі келеді. Ал бұның өзі адамның басқа Дүниеден шыққанын және сол Дүниеге қайтып оралуы керек екенін көрсетеді.

Ол үшін адам өз-өзін терең танып-білуі керек. Бұл кайта оралуда Құтқарушы - Иса пайғамбар көмектеседі.

Гностиктер адамдарды үшке бөледі:

  1. пневматикалық адамдар, олардың рухы басым; (рnеvmа - грек сөзі, алғашқыда - тыныс, соңында - рух);

  2. психикалық адамдар, олардың жаны псюхе басым (рsусһе - грек сөзі, жан);

  3. гиликалық адамдар (gіlе - грек сөзі, материя, зат) дене қажеттіктері басым.

Соңғылар өмірін өліммен бітіреді, біріншілер құтқарылады; екіншілер біріншілердің жолын қуса, құтқарылуы мүмкін, бірақ үшіншілердің ізімен жүрсе, Дүниеден мәңгі кетеді.

Гносиктердің айтуынша, бүл Дүние - зұлымдыққа толы, сондықтан оны Құдай жаратқан жоқ. Оны жаратқан Құдайға қарсы, арам пиғылды - Демиург.

Олар гностикалық ілім - Христостың өзінің ең жақын оқушыларына ашқан аяны, ол «Ізгі Хабардан» (Евангелие) бөлек деген пікір айтқан.

Әрине, мұндай гностикалық көзқарастар әлі христиан дінінің философиясы күш ала алмай, сонымен қатар ескі грек ілімдері, рухы әлі біршама өзінің рухани өмірге әсерін тигізіп жатқан кезде пайда болса керек.

Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі

Осы кезде пайда болған жаңа ілім - неоплатонизм платонизмнің іліміне жаңа тыныс беріп, «идеялар әлемі» мен «жердегі әлемді», «Эманация» ұғымы арқылы қосты (еmаnаtіо - лат. сөзі-тасу, ағу, тарау). Ілімнің негізін қалаған - Плотин. Сатылы болмыстың ең биігінде Бір игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге болмайды, оған тек құдіретті экстаз жолымен ғана жетуге болады (ехіаsіs - грек сөзі, ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой елегінен тыс тікелей аңғару).

Бір игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-тасып, эманациялайды (ағады). Сол себептен Дүниеге таза болмыс - ақыл (нус) әлемі келеді. Ол да шеңберінен шығып, жан-дүние (псюхе) әлемін тудырады.

Плотиннің жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ой Платонның «идеялар әлеміне» тең келеді.

Жанға келер болсақ, дүниежүзілік ақыл-ой соншалықты жетілген әлем болғаннан кейін, басқаны тудырмай қоймайды, ол жан әлемін дүниеге әкеледі.

Ал жанның өзі барлық тіршілікті Дүниеге әкеледі, жердегі, судағы, аспандағы ма – бәрі дүниежүзілік жанның туындылары. Аспан пен күнді де тудырған - сол жан. Сонымен жан-дүние материяны жарып өтіп, оған мән-мағына, құндық, әсемдік береді. «Жан-дүниесіз материя - күңгірт тұңғиық, өлі, мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың өздері де корқады», - дейді Плотин.

Қорыта келе, біз неоплатонизм ағымының философиялық ой елегінен гөрі діни шеңберіне қарай жылжып бара жатқанын байқаймыз. Эманация жөніндегі ой-пікір - осы дінге карай козғалыстың айғағы.