Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)

Адамзат тарихы көрсеткендей, қайсыбір империя ертелі-кеш ыдырайды. XX ғ. 80 жж. бастап, Жер бетіндегі соңғының бірі болып Совет Одағы да үлкен дағдарысқа түсіп, соның нәтижесінде 90 жж. басында тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болды. Тарихта бірінші рет бабаларымыздан қалған алып территорияда қазақ халқының басы бірігіп, әртүрлі жағдайлармен келген басқа ұлт өкілдерімен қосыла, өз мемлекеттігінің негізін қалай бастады.

Жас мемлекеттің алдында, негізінен, үш үлкен іс жатыр еді. Біріншіден, тұтастай (тотальды) мемлекеттік меншікке өткен ұлт байлығын жекешелендіру (приватизация) арқылы нарықтық экономиканы орнату, екіншіден, саяси міндеттерді бүгінгі таңдағы талаптарға сай етіп өзгерту (көппартиялық, құқтық мемлекет т.с.с.), үшіншіден, халықтың тілі мен дінін, рухани өмірін қалпына келтіріп, қайта жаңғырту болатын.

Осы талаптарға сай біздің елде болған көп өзгерістерді философиялық тұрғыдан сараптағанбыз (қараңыз: 16-22, 32-35-6.6.).

Бұл тарауда, сондықтан бір-ақ нәрсеге көңіл бөлгіміз келеді. Ол - адамзаттың рухани дағдарысқа түсуі. Қазақ елінің жас мемлекеттігі осы дағдарыс шеңберінде қалыптасып жатыр. Расында да, Жаңа дәуір адамзатқа екі ғажап идея ұсынған болатын. Оның біреуі - социалистік идея болатын болса, екіншісі - сциентизм, ғылым мен техниканың негізінде қоғам өміріндегі барлық жетіспеушілікті жеңіп, бақытты өмір орнату болатын-ды. Бүгінгі таңда осы екі идеяның да тасталқаны шықты. Біз ол жөнінде жоғарғы тарауларда өз ойларымызды айтқанбыз. Дәл казір бүкіл адамзатты елең еткізетін еш жаңа идея болмай тұр.

Әрине, мұндай ахуал өтіп жатқан өзгерістерге өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сондықтан да реформа барысында Батыс елдерінде дүниеге келіп жетілген «оңшыл» либерализм саясаты қолданыла бастады. Бұл саясаттың қысқаша мәнін «әрбіреуге өзінікі» деген қағидаға теңеуге болады. Әр адам өзінше іс-әрекет жасап, ең алдымен өз қамын ойлауы керек. Осы себепті мыңдаған жылдар бойы қауымдастықтың рухында тәрбиеленген халықтың санасында «кұндылықтар кақтығысы» пайда болып, үлкен қайшылықтарды тудырды.

Әлеуметтік-экономикалық салада асығыс түрде жүргізілген жекешелендіру саясаты (біз оған мәжбүр болдық), тез арада қоғамның «жаңа қайта топтануына» (рестратификация) әкеліп, әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертті. Байлық пен кедейлік арасында қалыптасқан айырмашылық Батыста қалыптасқан өлшемдерді басып өтіп, ешқандай сын көтермейтін жағдайға әкелді. Негізгі кемшілік - жаңадан пайда болған дәулетті адамдардың біршамасының, дәлірек айтсақ, буржуазияның халық алдындағы жауапкершілігінің төмендігі, моральдық қасиеттерінің тайаздығы. Өтпелі қоғамдағы жаңа қалыптасып жатқан кейбір іскер топтар өкілдерінің көбінің бойында қарапайымдылық, басқалардың қамын ойлау, әділеттілік деген қасиеттер жоқтың қасында. Жеңіл келген байлықтың буына мас болған кейбіреулер тіпті дөрекі нәрселерді жасап, өзін қоғамдық пікірге батыл қарсы коюда.

Мұндай теріс ахуал қалыптасуының негізінде реформаларды тез арада өткізу қажеттігі жатқан болатын. Екіншіден, әрине, Батыс емір салтына әсіресе «тәтті өмір» идеологиясына ойланбай еліктеу жатса керек. Нәтижесінде «жаңа орыстар», «жаңа қазақтар» деген сөз тіркестері пайда болып, халык жүздеген анекдоттарда оларға өз бағасын берді. Олар халықтың сый-қошеметіне ие болу, өз әлеуметтік мәртебесін мойындату үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы, қорланған көп элеуметтік мэселелерді шешуге атсалысуы қажет. Өйткені либералдық саясат ұстаған мемлекет, біздің жағдайда, тез арада оларды шеше алмайды.

Қазақ елінің ерекшелігін ескере отырып (территория көлемдігі, ауа райыньщ қаталдығы, халқының аздығы т.с.с.), мемлекеттің аса үлкен рөлін ескеру қажет. Олай дейтін себебіміз: реформа барысында мемлекетке деген «романтикалық», «жеңіл» көзқарастың қалыптасуы, нарыққа аса көп үміт артуға байланысты болды. Реформаторлардьщ ойынша, нарьқ қалыптасса, А.Смиттің «көзге көрінбейтін нарық қолы» барлық экономикалық қатынастарды өзі-ақ ретке келтіреді. Ал мемлекет жекенің мүлкін сақтайтын «түнгі күзетші» болып, салықты жинап, қоғамның керектігіне жаратуы керек. Екінші бір кең тараған «либералдық пікір» - тек қана жеке-меншіктің аса тиімділігі, ал мемлекеттік меншік болса оның ауырлығы, өзгеріп жатқан ахуалға тез икемделе алмауы т.с.с. Шынына келгенде, әңгіме меншік формасында емес, оны тиімді басқаруда (менеджмент) екенін бүкіл әлем біледі. Олай болса, мемлекеттік меншікті нығайтып, оны басқаратын «топменеджерлерді» дайындауға аса көп назар аударылуы қажет сияқты. Энергетика, жолдар мен басқа коммуникациялар, су тораптары т.с.с. өмірлік маңызы бар шаруашылық кешендер мемлекеттің қолында болуы керек. Бүгінгі таңда, еркіндік үлттық капитал қорланған кезде, ел байлығын «оңға-солға» сатуды тоқтатып, керісінше, бұрын басқаларға өтіп кеткен шикізат кеніштерін мемлекетке кайта оралту қажет. Сонда ғана мемлекет әлеуметтік мәселелерді кеңінен шеше алатын дәрежеге көтеріледі.

Дербестік жолында саяси салада біршама оң өзгерістер қалыптасты. Біз оны «зиялы демократиялық құндылықтарды жақтайтын авторитаризм» деп бағалар едік. Елімізде «сөз еріктігі», «көппартиялық», «кәсіби парламент», жүздеген «бейүкіметтік ұйымдар» пайда болды. Президенттің тағайындауымен жүмыс жасайтын атқару жүйесінің арқасында елде тәртіп болып, ең қиын уақыттардан аман-есен шықтык. Десек те, қайсыбір авторитаризмнің осал жері - коррупция, жемқорлықтың етек алып кетуі, шен иелерінің озбырлығы. Бұл - Қазақстанға да қатысты нәрсе. Оның көлемін қысқарту үшін демократиялық үрдіс әрі қарай дамуы кажет. Сонымен катар жоғарыдағы көрсетілген ел ерекшеліктері президенттік басқару жүйесінің сақталуын қажет ететіні де сөзсіз.

Қоғамның рухани өмір шеңберіндегі мәселелеріне келсек, онда бірінші орынға білім беру мәселелерін қойған болар едік. Бұл салада да асырасілтеушілік болмады емес. Ол, негізінен, жекеменшікке негізделген оқу орындарын жасаумен байланысты болды.

Екіншіден, Батыс үлгілеріне өз жағдайымызды ескермей еліктеу, білім саласында технократтық саясат жүргізу, гуманитарлық білім беруге көңіл аудармау, «біржақты, тек өз мамандығын ғана білетін» кадрларды дайындау дер едік.

Қайсыбір рухани саланың өзегі - тіл. Дербестік алған елде қазақ тілі кең тыныс алып, даму үстінде. Көп халықтар өкілдеріжиналған елдегі жетістік - бүкіл Қазақстан халкыньщ қазақ тілін окып-білуге бағытталған бетбүрысы. Әрине, кейбір интеллигенция өкілдері оның тез уақытта күш алып кеткенін жаратар еді. Бірақ бүл мэселеге сабырлылық керек деп есептейміз. Негізгі шаруа - ез халқымыздың бэрін өз тілінде сөйлеуге, оны кұрметтеуге шакыру, сол жолда барлық мүмкіндіктерді пайдалану дер едік. Сонда ғана баска үлттың өкілдері қазақ тілін тезірек меңгеруге мүдделі болады.

Өнер саласында да көп өзгерістер байкалады. Талантты азаматтарымыздың ашылып гүлдеуіне біршама жағдайлар жасалды. Бүгінгі таңда қазақ елінің өнерін көп елдерде біліп, қошеметтейді.

Сонымен қатар батыс «бұқара мәдениетіне» жалаң еліктеу де жоқ емес. Әрине, өнер де өз заманына сай өзгеруі керек. Десек те, оның үлттық негізі, аркауы эрқашанда сакталуы қажет деп ойлаймыз. Сонда ғана өнер саласы шынайы дамиды.

Енді ең қиын мәселе - халықтың діліне (менталитет) келер болсақ, ол бүгінгі өмірге сай болуы үшін қаншалықты өзгеруі керек деген заңды сұрақ туады. Себебі, реформаторлық саясатта эсіресе алғашқы уақытта, жеке мүдде қауымдық пен үжымдыққа, еркіндік теңдікке қарсы қойылды. Окырманның өзі де байқаған болар, бүгінгі таңда «ұжым» деген ұғымды өте сирек кездестіруге болады.

Қауымдық, әлеуметтік мүдденің жекеден жоғары болуы қайсыбір салауатты қоғамның рухани өмірі мен адамгершілік құндылықтары негізінде жатыр. Ол - адамның әлеуметтік табиғатын көрсетіп, тұлға рухының іргетасын құрап, қоғамның шынайы бірлігін қамтамасыз ететін құндылық. Арампиғылдық, пайдақорлық, Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, «динарды қуудың» негізінде ізгі қоғам орнату мүмкін емес. Ондай қоғам орнаған жағдайда адамдар мәңгі бітпейтін ұрыс-керіс, тартыс, бір-бірінен жаттану т.с.с. ахуалда болар еді.

Қазақ халқының керемет қасиеттерінің бірі - бұл дүниеде алудан гөрі болуды жақтауы. Яғни өз бойыңдағы қасиеттерді гүлдетіп сыртқа шығару, өзіңнің ерекше болмысыңмен көріну, «сегіз қырлы, бір сырлы» болу. Бүгінгі Қазақстан қоғамында адамның ерікті еңбек етіп, белсенділік көрсетуіне, бұл дүниеде болуға деген ұмтылысына жағдай жасалған. Бәрі де өз қолымызда. Тек қажымай-талмай ізденісте болып, еңбек етіп, самаркаулықтан арылуымыз қажет.

Қазақстан дүниежүзілік қауымның ішінде өз орнын тапты. Әрі қарай ел дамуының жалпы формуласын «жаһандық тұрғыдан ойланып өз жеріңде белсенді шығармашылық іс-әрекет жасауға» теңер едік.

Мазмұны: