Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Құдай мәселесі

Августин христиан философиясында Құдай болмысының 3 дәлелдеуін ұсынадьі;

Бірінші дәлелдеуде ол Дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние қаншалықты әртүрлі және өзгерістс болғанменен, ол хаос емес, онда тәртіп, әсемдік бар. Дүние ешқандай сөзсіз-ақ бізге Жаратушыны, оның құдіретті күшін көрсетіп тұрғандай.

Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі, оны мойындауы, көнуі жатыр. «Құдайдың Дүниедегі билігін, адамның ақылы болса, аңғармайтын адам жоқ. Егер біз аз-мәз табиғаты бүзылған адамдарды есептемесек, қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын мойындайды».

Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең соңында біз ең жоғарғы игілікке – Құдайға келіп тірелеміз.

Расында да, Дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде бір зат әсем, ал екіншісі одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат одан да пайдалы. Ал олардың бәрін салыстырып анықтау үшін, біз еш нәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең, таза игілікті қажет етеміз, ол - Құдай.

Сонымен Болмыс, Игілік, Ақиқат - Құдайдың мән-мағыналық касиеттері. Олай болса, біз Августин Құдайдың үштік (троица) табиғатын қалай түсінетініне назарымызды аударайық.

Үштік мәселесі

Христиан дінінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - үштің сиқырлы мағынасын ашу (шамасы, пифагореизмнің жұрнағы болса керек). Құдай біреу болғаньшен, оның үш тұлғалық жақтары бар. Ол - Құдай-әке, Құдай-ұл және киелі рух. Құдайдың осы үш тұлғалық жағының біреуі де басқаларынан басым емес, сондықтан бір: Құдай - ол әке де, әл да, киелі рух та, бір-бірінен Болмыста бөлінбейді.

Бірақ оларды бір-бірінен айыру керек. Августиннің айтуынша, «киелі рухты айырамыз, бірақ басқа Құдайдың жақтарынан беле алмаймыз. Ол мәңгілік игілік пен тұрақтықта. Бұл үш тұлға -бір Құдай. Әке болған жерде ұл бар, және ол ұл емес; ұлдың әкесі бар, бірақ ол әке емес. Егер ұл белгілі бір уақытта Дүниеге келсе, онда күндердің бір күнінде ол Балалық шағын тастар еді, бірақ Құдай-ұл - мәнгіліктен. Сондыктан Құдай-әке де, Құдай-ұл да –мәңгілікті, тұрақты».

Құдай үш тұлғалық болғаннан кейін, жаратылған Дүниеден де оның іздерін табуға болады. Дүниедегі заттардың бірлігі, бітімі ясәне тәртібі бар. Ал адамның ақыл-ойына келер болсақ ол да бір мен үш: ақыл, таным, сүю. Сонымен біз айнадағы өзіміздің сәулемізді көргендей, Құдай біздің жан-дүниемізде, сондықтан Құдайды тану - жан-дүниені танумен, жан-дүниені тану - Құдай арқылы танумен тең.

Дүниенің жаратылу мәселесі

Августин Дүниенің жаратылу мәселесін ертедегі гректерге қарағанда басқаша шешеді. Плотиннің Демиургі Августиннің Құдайынан тіпті бөлек. Өйткені оның жоғарысында «Идеялык әлем» үлгі ретінде, ал төменгі жағында мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя жатты. Сондықтан Демиург бір нәрседен екіншіні жасаған ұста сияқты, өйткені материя мен «Идеялар әлемін» ол тудырған жоқ, олар мәңгілік өмір сүріп жатты.

Августин мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығып: «Дүние жоқтан (ехnіgіlо - лат. сөзі, еш нәрседен) Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды», — дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың пайда болуының үш жолы бар.

  1. Генерация жолымен (gеnеrаtіо - лат.сөзі, туу, ұрпақ) яғни тіршілік өзін-өзі тудырып отырады. Мысалы, сиырдан бұзау, жылқыдан құлын, шешеден бала туады;

  2. Фабрикация жолымен (fаbrісаtіо - лат. сөзі, жасау), яғни бір заттан екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиһазын, я болмаса үйді жасау, салу, саздан кірпіш құю т.с.с.

  3. Жоқтан барды тудыру (сгеаtіо - лат. сөзі, жарату) яғни өз денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол - тек Құдайға ғана тән нәрсе.

Адамға келер болсақ, ол бірінші және екінші жол арқылы өмір сүреді, өз-өзін тудырып, табиғаттағы заттарды өзгертіп, өзіне лайықты керек нәрселерді Дүниеге әкеле алады.

Бірақ ол нағыз жаратудың не екенін білмейді, ейткені оның өзі жаратылған, олай болса, мәңгілік емес.

Олай болса, адамдардың тудырған заттары мен Құдайдың жаратуының арасында шексіз айырмашылық бар. Өйткені Құдай бұрынғы-соңғы болмаған нәрселерді Дүниеге әкеледі. Бұл Құдайдың «өлшемсіз сыйы», өйткені ол еш нәрсені талап етпейді, ол оның құдіретті еркінің, игілігінің туындысы.

«Құдай қаласы» деген еңбегінде Августин: «Біз жаратушы деп бақты өсіргенді, тіпті бәрін асырайтын ана-жердің өзін де айтпаймыз. Тек кана Құдай - барлығын жараткан, әртүрлі жолмен өзін солар аркылы көрсеткен... Егер ол болмаса, онда еш нәрсе болмас еді», -дейді.

Дүниені жарату жолында Құдайдың ойының алатын орны ерекше. Августиннің айтуынша, «идеяларды мойындамау - Дүние ақыл-ойсыз жаратылды дегенмен тең... әрбір заттың өзінің идеясы, негізі бар. Ал идеялардың бәрі қайда, егер Жаратушының ойында болмаса?» - деген сұрақпен Августин бұл мәселені қорытады.