- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
Рефераттар тақырыптары:
Бейклассикалық философияның дүниеге келуінің негізгі себептері
А.Шопенгауер және оның әлемдік пессимистік философиясы.
С.Кьеркогер – экзистенциалдық философияның алғашқы өкілі.
X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз - Ресей халкының рухани-философиялык мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «Ұлы мәртебелі Тарихтын» шешімімен ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықпалында болып, қалай дегенде де, олардың көп құндылықтарын өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны, қайталанбас құндылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат игеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт - қазақтардан кейінгі екінші үлкен элеуметтік-демографиялық топ, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.
Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының шапағатына қатысты екенін негіздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.
§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
«Алтын Орда» мемлекетінен ез дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «ұлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын право-славиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде Дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген «Мәскеу - үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.
Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап,
олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінін шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті Ақырында, большевиктер бұл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі карай жүре берді.
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және калай қарай дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уакытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылануына әкеліп,. XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қыскаша экскурс осы елдегі философиялык ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.
Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бүл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық жэне рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтык еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыкка негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде құруы керек.
П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарсв, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай карап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлык ұлылык, асылдык, адами-руханияттылык Еуропа топырағында бәйшешектей гүл жарып. өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нэзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке карай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы... – бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» - деп қорытады В.Е.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқараска түзету енгізер ме еді, кім біледі?
«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Құдайға» деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек кана коғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мәдениетгің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі коғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзінің ішкі мұмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани токыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды,
Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? - деген сұрақка жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.