Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы

Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) - Жаңа Дәуір философиясына өз үлесін косып, негізін калаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында окып білім алған. Егер біз оны Ф.Бэконмен салыстырсак, ол - бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға.

Ұлы математик, механик, физиологияның негізін жасаушы, психолог Декарт Аристотельден кейінгі жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерімен ұштастыра білген бірден-бір ойшыл болды.

Негізгі еңбектері: «Диоптрика» күн сәулесін зерттеуге арналған, «Метеорлар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия», «Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар» т. с.с.

Онтологиялық (болмыс) мәселелер

Болмыс жөніндегі көзқарасында Р.Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді. Олардың біреуі - материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты (қасиеті) - созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция - рух. Оның негізгі атрибуты - ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.

Бұл екі бір-бірінен тәуелсіз жатқан субстанция адам мәселесіне келген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесі оның рухына, жан дүниесіне, ал соңғы оның денесіне сондай үйлесімді өз әсерін тигізе алады? Оны өз кезіндегі жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесімді қарым-қатынасын тудыра алады.

Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық (ғарыштың дүниеге келуі жөніндегі ) болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет қозғап жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи заңдылықтарының негізінде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, күнге айналады. Екінші ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бір-бірімен қосылып, жер және басқа планеталардың денесін кұрайды.

Ал жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілікке келгенде, Р.Декарт бұрынғы философиядағы гилозоистік көзқарастардан бас тартады. Өз заманында Аристотельдің болжаған өсімдік пен сезімдік жандарын Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдің ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р.Декарт жануардың өмірлік мүшесі - ол оның жүрегі деген пікірге келеді. Ол ғылымда алғашқы болып, жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын ішкі реакциясының механизмін ашты. Оның ойынша, сыртқы әсерді миға жеткізетін - артериялар ішінде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектері. Әрине, бүгінгі физиология ғылымының тұрғысынан мұндай пікірді тұрпайы деп бағалауға болар еді. Бірақ шартсыз рефлекстің алғашқы болжамын жасаған Р.Декарт екені сөзсіз. Сонымен егер жануарлардың жан дүниесі болмаса, онда олар өте күрделі машиналар.

Адам дене ретінде жануар әлеміне жақын, сонда ол да машина ма? деген сұрақ заңды түрде ойға келеді. Оған Р.Декарт үзілді-кесілді теріс жауап береді. Біріншіден, адам мақсатқа лайықты іс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесімді жауап бере алады, өйткені ол ақыл-ой елегінен барлығын өткізіп, шешімін табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесі - жан-жақты құрал», - дейді Р.Декарт. Адамның екінші ерекшелігі - ол сөйлей алатын пенде. Олай болса, адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы - оның рухында.