- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
Рефераттар тақырыбы:
Қазақ мифологиясының ерекшеліктері.
Анахарсис - жеті грек даналарының біріне айналған түркі баба.
Ж.Баласағүн және оның философиялық-этиқалық ойлары.
А.Жүйнекидің нақыл сөздері
Сопылық философияның ерекшеліктері
Қ.Яссауидің діни-этиқалық көзқарастары.
Асан қайғы - алғашқы қазақ жеріндегі утопист.
Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастары.
Ш.Уәлихановтың ағартушылық ойлары.
Абайдың адам философиясы.
Абайдың саяси-құқтық көзқарастары.
Шәкәрімнің «ар-ұждан философиясы» және оның бүгінгі адамзатқа қажеттігі.
XX ғ. басындағы ұлттық-демократиялық бағыттағы ойшылдар.
А.Байтүрсынұлының ағарту ісіне қосқан еңбегі.
Кенес заманындағы отандық философия.
Егемен Қазақстандағы философияның дамуы.
XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.
XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің жапқышымның етегін ешқашайда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX ғасырда теріске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар береді! Бүгінгі адам ми далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақтарды, неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды материалдарды т.с.с. атап кетуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып түседі! Бұл айтылған деректердің бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін тудырын, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген сциентистік көзқарастарды тудырды.
Бірақ біз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседі» деген нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электр станцияларымен бірге өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп жатқан адамдардың геноцидке құллырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып: «Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген сияқты болды.
XX ғасырдағы қоғамдық өзгерістерге келер болсақ, олар да қайшылықтарға толы. Бір жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған «жерүйығын» - коммунизмді дүниеге енгізуге бағытталған орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтік тәжірибе XX ғ. 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Дүниенің байлығын қайта бөлу әрекеті екі бұрын-соңды болмаған дүниежүзілік соғыстарға әкеліп, миллиондаған қыршын жастардың өмірін алып кетті. Гитлер мен Сталиннің жасаған зұлымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқгы! Мұндай жағдай философиядағы адам өміріне деген терең тебіреністерді тудырып, «өмір философиясын», әсіресе экзистенциализм бағытын күшейтіп, оның «діни» және «атеистік» бағыттарын дүниеге әкелді.
XX ғ. екінші жартысында дамыған капиталистік елдер «постиндустриалдық цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің халықтарына жеңіл де бай өмір салтын ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам құқтарының» сақталуына көп көңіл бөліне бастады.Бірақ байлықтың өсуі адамзаттың рухани-адамгершілік жолындағы өрлеуін тездеткен жоқ, тіпті, керісінше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бір жағынан, жер бетінде өмірдің қызығына тоймай, күнбе-күнгі өмірден ләззат іздеген дамыған елдердегі «алтын миллиард», екінші жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «миллиард», ал ол екеуінің ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткізіп, жақсы өмірге ұмтылыл жатқан кедей елдердегі адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бүгінгі таңда XX ғ. орта кезеңінде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөніндегі идеялар біршама сөніп, ғасырдың аяғына қарай дессимистік антисциентистік дүниесезім бой алып келе жатқан секілді. Ал енді XX ғасырдың рухани мәдениетіне тоқталсақ, ол да кеше түрлі шытырман қайшылықтарға толы. Бір жағынан, орасан зор ғылыми жетістіктер, мәдениет кұндылықтарын миллиондаған данамен басып, халыққа тарату мүмкіншіліктерінің өсуі т.с.с., екінші жағынан, адамның техника, өлі байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бір жағынан, XX ғ. бүкіл адамзат тарихының беттерінде сирек кездесетін ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмір сүрсе, екінші жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелді.Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе - жер бетіндегі ғарыштың әсем гүлі - өмірді сақтап қалу, ғылымның жетістіктерін адамгершілікпен ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгі сұрақ» - адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына - жаңа шешім іздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бір-бірін толықтыруы, өзара бір-бірін ақтауы, көмектесуі қажет сияқты.Әрине, мұндай талдауларды әрі қарай жалғастыра беруге болар еді.Бірақ жоғарыда көрсетілген сиппатамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік.