- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпіліс пен шабыт тудырды. Отандық философия сахнасына жоғарыда аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтеріліп, өзінің қомақты үлесін қосты. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдікке кететін руханияты, тілі, дүниесезімі қайта тексеріліп, зерттеліп, төл мәдениетімізді байытты. Бұл мәселелерге арналған М.Орынбековтің бірнеше нәтижелі еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерін атауға болады. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономиқалық, саяси-құктық, рухани сараптау жасаған Ж.Молдабеқовтің еңбектерін атау қажет. Орта ғасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз үлесін қосқан Ж.Алтаев болды.
Қазақ мдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны ең соңғы мдениеттанудағы көкжиектермен үштастыра білген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген Т.Ғабитовтың еңбектері ерекше қызықты да нәтижелі деп есептейміз.
Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ділі мен дүниесезімінін ерекшеліктерін нәзік те терең көрсете білген Қ.Нұрлановатың еңбектерін атап өткен абзал. Отандық рухани мүраны зерттеуге Т.Айтқазин, Т.Бүрбаев, К.Бегалинова өз үлестерін қосты.
Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берері әлі көп. Бұл арада «Абайтану» саласын жаңа биік дрежеге көтеріп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты улесін қосып журген Ғ.Есімнің еңбектері ерекше аталуға тиіс.
Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгеруі, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар дәуірдің қойған жаңа жалаптарына сәйкес жауап беру, Дүниежүзілік көштен қалын қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталды, біршама қомақгы еңбектер жарық көрді.
Бұл арада неміс классиқалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдени философия саласында компаративті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым Б.Нүржановтың еңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді тереңірек тұсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Соңғы жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелі дәуірдегі адамның экзистенциалдық вакумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге қолымыз жетті. Оған өз үлесін қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов, И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қапышев, Р.Қадыржанов, З.Срсенбаева т.б. ғалымдар болды. Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтің еңбектері де өз ерекшеліктерімен үндесіп жатады.
Өтпелі дәуірде философиялық деңгейде қажетгі түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көштен тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар.
Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-рекетіне негізделген Батыс цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамнын игілігіне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік сатысы - бүгінгі таңда постиндустриалдық цивилизацияның шеңберінде өмір сүріп жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техниқалық жағынан қандай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендеді, оның дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекі мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауымыз керек.
Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негізделген. Бұл принципті өзінің логиқалық аяғына шейін жеткізіп, бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды (біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп жылдарға созылған ауруға айналды.
Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Қорея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық технологияларды игере біліп, постиндустриялық цивилизация сатысына көтерілді. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғана алғынан тұрып, болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады.
Өз егемендігін алған Қазақ елінде реформалар басталғаннан кейін көп ұзамай, либералдық-демократиялық саяси бағыт басымдыққа ие болды. Алайда біздің пәніміз саясаттану емес, философия болғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болды деген сұраққа жауап берейік. «Шындық, батыста бүгінгі таңдағы артта қалған елдер ертелі-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсіп, дамиды. Олардың ұлттық мәдениеті, тілі ертең-ақ қоғамдық сананың шетінде қалың «универсалдық батыс түсінігі толығынан өз басымдығына жетеді. Бұл бүкіладамзат дамуының негізгі жолы» деген пікірді біз Н.Әмірқұлов пен Н.Масановтың 90-шы жылдардың орта кезінде шыққан еңбектерінен окимыз. Бұлар ашық батысшылдар. Қазіргі қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз. Екінші көлемді топқа астыртын батысшыларды жатқызуға болады билік басындағы біршама қызметкерлер, әсіресе, батыс елдерінен соңғы жылдары білім алған, өз елінде уақытында ұлттық мәдениеттен терен нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық іс-әрекетіне негізделген озық технологиялар, құқықтың мемлекет үлгілерін т.с.с. жетістіктерін алып, өмірге дереу енгізу керек, сонымен қатар жеке адамдардың кұқықтарын сақтау негізінде олардың жасампаздық; күш қуатын арттыру қажет; ұлттық руханиятгың дамуын сол жолға бағындыру - заңды нәрсе. Кейбір зиялылар қоғамды апаттан құлжарудың негізгі жолы исламдық бағытпен дамуда деген пікір айтады. Сонда ғана біз өз болмысымызды сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Алайда бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бір жағынан, кеңес заманынан бері келе жатқан ағарған саясатқа, екінші жағынан, қазақ халқының ислам дінінде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек. Соңғы зиялылар тобы отандық бағытты (А.Қасымжанов, Т.Срсенбаев, А.Қасабек, Д.Кішібеков, т.б.) ұстайды. Олардын ойынша, қоғамның түбегейлі өзгеру жолында ұлттық діліміз бен дәстүрлі мәдениетімізді сақтай отырын, озған елдердің жетістіктерін соларға бейімдей қабылдап, өзгеруіміз керек. Сонда ғана біз өз-өзімізді сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттеріне айналмаймыз, ал жеке тұлғаның еріктігі әрқашанда қоғамдық мүдденің шеңберінен шықпай, құзға кетіп бара жатқан «соқырдың еріктігіне» ұқсамауға тиіс. Бұл бағыттын жақтаушылары зиялылар арасында ең кеп болғанымен, қазіргі саясатта олардын үндері әлсіз естіледі. Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзі нақтылы ащы шындықтың негізінде дүниеге келген болатын. Егемендікті алу барысындағы қалыптасқан ішкі және сыртқы ахуалдың өзі бізге басқа жолды тандауға мүмкіндік бермеді.Өкінішке қарай, оны егжей-тегжейлі талдауға кітаптың көлемі мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге әерекшеленіп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуі, «байлық пен бақытты болу жақсы» деген идеологияның негізінде руханияттың үдеуі, қоғамның біршама бөлігінің, әсіресе буыны қатаймаған, өмірден алған тәжірибесі тайыз жастардың батыстық тойымсыздық пиғылына өтуі, осыған байланысты «әлеуметтік аномияның» (ауытқу) шектен тыс өсуі, жекешендірілу жолында жасалған келеңсіз жайттар т.с.с. әлеуметтік наразылықты күшейтіп, билік басындағылар жүргізіліп жатқан саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-демократиялық бағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңісі - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге болады?
Көне түркі мифологиясындағы әйел Құдайдың аты қандай?
Көне түркі мифологиясындағы өлімнен қашып, өлместікті іздеген кім болды?
4. Гректердің «Жеті даналарының» бірі болып саналатын түркі бабамыздың есімі кім болды?
«Ақыл, әділет, дәулет, қанағат» құндылықтары елді бақытқа әкеледі», — деген ойшыл кім?
«Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз.
Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы неде?
Сопылықтың қай сатысында адам Алла тағаламен қауышады?
Өмірде алудан гөрі болуды арман еткен жырауларды есіңізге түсіріңіз.
Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кім болды?
Абылай ханның кеңесшісі болған ұлы жырау кім еді?
Қазақтың дана билерін есіңізге түсіріңіз.
13. Қазақ болмысындагы шамандықтың қалдықтарын терең зерттеген ағартушы кім болды?
14. «Адам бол!» ұранын тастаған ойшыл кім еді?
15. Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш Жазған ағартушы кім болды?
Абай қандай «бес нрседен қашық, бес нәрсеге асық^бол» Дейді, соны есіңізге тұсіріңіз.
Сот билігіне жыл кесілмей, сайлауды қалаған кім болды?
Шәкәрімнің танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға болады?
«Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жазған ағартушы-демократты есіңізге түсіріңіз.
«Үш анықты» жазған кім?
«Маса» жинағын жазған ағартушы.
Кеңес дәуірінде диалектикалық логика саласын дамытқан философтарды есіңізге түсіріңіз.
Ұлт аралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есіңізге түсіріңіз. Өтпелі кезең теориясын терең зерттеген ғалым.
Отандық философиядағы «батысшылардың» көзқарасын сипаттаңыз.
«Діни іргетастық» деп қандай көзқарасты айтамыз?
Философиядағы «Отаншыл бағыттың» өкілдерін есіңізге түсіріңіз.
Қазақстанның XXI ғ. болашағына өз дүниетанымыңыздың негізінде философиялық болжам жасап көріңіз.