- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим Империясының құлауынан бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан XIV ғасырға дейін). Яғни бұл заман - құл иеленушілік коғамның Дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында.
Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта ғасырлар Европа топырағына Христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), философияда адам және Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.
Сонымен тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжылдық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады.
Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-екі ауыз сөзбен айтып өтіп, әрі қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар тарихтағы бір кертартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани езіліске түсуі, ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын.
Мүның негізгі себебі - Кеңес заманындағы Орта ғасырларды атеистік (кұдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау болды.
Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатырмыз. Әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ, әрине, құлдық қоғаммен салыстырғанда, бұл заманда үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің отбасы, малы, жері болды. Олар жартылай ғана тәуелді адамдар болды.
Ғылым мен техникада да белгілі жаналықтар болды. VI ғ. Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа дүниеге келіп, кітаптар шыға бастады, шараптан спирт шығарыла бастады.
1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп ашылды.XII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге келді.
1215 ж. Париж университінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде - 1725 ж., Қазақстанда - 1934ж.). XIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасала бастады. 1320 жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың бәрі де қоғам өмірінде алға жылжулықтың болғанын көрсетеді.
Ал Орта ғасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап өзгеріс - адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып, өзінің Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа түрінің пайда болуына әкелді. Ол - сенім шеңберіңдегі философия, рух саласын зерттеу философиясы.
Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия, негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды.
Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі - монотеистік (бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? деген ой шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал Плотин Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы айтылды.
Екінші ерекшелігі - креационизм, (сrеаturа - лат. сөзі, жасау, жарату). Бұл - Дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Грек философиясында Дүние әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, Аристотельдің «Мәңгілік қозғалтқышы» арқылы түсіндірілсе, Орта ғасырда Дүние мен адам Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды.
Үшінші ерекшелік - Антропоцентризм (аntrороs - адам, сеntrum - орталық). Грек философиясының негізгі мәселесі - ғылым. Адам мен ғылым бір-біріне қарсы қойылмайды, Ғарыш макрокосм болса, адам - микрокосм. Адамды қандай дәріптеп биікке қойған-менен, ол Ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша, «адамнан да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады: мысалы Ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзкарас Орта ғасырда пайда болды. Ол бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды, өйткені оны Құдай өзіне ұқсас қылып, ерекше басқадан бөліп жасады. Олай болса, ол - жаратылған Дүниенің қожайыны, бәрінен де биік тұр. Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде екендігі оған үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза үстауға тырысуы керек.
Төртінші ерекшелік - Құдайдын еркіне көну мәселесі.
Егер Грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда болса, оған адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім жасаған жок, ол мәнгі болатын болса, Орта ғасырда, керісінше, адамға заңды беретін - Құдай, адам оның еркіне көнуі қажет (ешқандай карсылықсыз). Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә жок.
Иса пайғамбардын өзі Құдайдың еркіне көніп, талай-талай зардаптан өтіп өлді. Олай болса, адам да езінің Құдайға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, Иса пайғамбар жасап кеткен жолмен жүруі керек.
Бесінші ерекшелік Құдайдың қүдіретті көрегендігі. Егер гректер тағдырға (фатум) табынса, ал оның өзі табиғаттың қажеттілігінен шығатын болса, Құдай өзі жаратқан бүкіл Дүниені басқарып қоймай, ондағы әрбір адамның – күнәлі, кемтар, данышпан болса да, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін бағалап отырады. Оған сенген адамға «Сұраса - беріледі, іздесе - табылады, қақса - ашылады».
Алғашқы тектік күнә, оның салдары және одан құтылу -алтыншы ерекшелік. Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты танитын ағаштың жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. Ол адамның тәкаппарлығында, өзімшілігінде, ешқандай шектеуді жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде. Керісінше, адам шайтанның «Сендер алманың дәмін татқан кездеріңде Құдай сияқты ізгілік пен жамандықты білетін боласыңдар» деген ақылын тыңдап, күнәға батып, жердегі жұмақтан қуылды. Құдай оларды жамандық, зардап өлімге толы дүниеге өзінен алыстатып қоя берді. Адамның жасаған күнәсі бүкіл адамзат күнәсіна айналды, сонымен «өлім адамдың тағдарының үстінен өтеді, өйткені бәрі де күнәкар» (апостол Павел ).
Сонымен алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай тырысса да өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін құдайдың қолдауы керек; бүл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен канша алшақ тұр десеңізші! Грек философиясында күнә ұғымы бар болғанымен, оның мәні жөнінде сұрақ әлі қойылмаған болатын, сонымен қатар, олар жан-дүние өлген адамнан тірі адамға көшкен көзде жанарып отыратына сенген, ал философтарды алатын болсақ, олар дүниетаным арқылы өздерінін ақыл-ойының арқасында жан дүниесін тазарта алатынына күмән келтірмеген. Ал Орта ғасырдың адамы Құдайдың қолдауынсыз күнәліктің шеңберінен шыға алмайтьшына сенеді.
Жетінші ерекшелік - Рухани сенімнің дүниеге келуі.
Гректердің ойынша, сенім сезімдік танымнан шығады, ал сезіммен қабылданатынның бәрі - жалған, өтпелі, өзгергіш т.с.с. сондықтан олар ақыл-ой арқылы (ерікіете) Дүниені тану, игеруге көп көңіл бөлді. Орта ғасырдағы ахуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның әр жағында сенімнің бар екендігін мойындайды. Сонымен адамның үшінші өлшемі ашылады: егер гректер адамды тек дене және жан-дүние деп алып қараса, қазір оған рухани сенім қосылып, «дене-жан-рух» адамның үш құрамды бөлігіне айналады.
Сегізінші ерекшелік - Құдайдың сүйіспеншілігі.
Егер Гректердің эросы адамды жетілдіруге ұмтылдыратын күш, сезімдік құдіретті әлеммен байланыстырушы ретінде қаралған болса, Орта ғасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») ол адамның жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол Құдайдың адамдарға түсуі. Ол адамдарға берілген сый және ол қайырымды талап етпейді.
Егер гректердің ойынша сүйетін — адам болса, жаңа рухани ахуалда - ол Құдай, оның сүйіспеншілігі - риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, кемтарды да – бәрін сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, бірін-бірі сүю керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз - ол сүйіспеншілік. Христиан діні жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап қояды.
Адамзат Тарихының жаңа мән-мағынасы - соңғы ерекшеліктердің бірі.
Гректердің ойынша, тарих Ғарыштың тағдырымен тығыз байланысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы жаңа Дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады.
Ал жаңа Дүниеге келген көзкарастың шеңберінде тарих қайталанбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы сонымен қатар жаратылған Дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот -Құдайдың патшалығының толыққанды келуіне тең.
Орта ғасырдағы алғашқы діни философтар
Александриядан шыққан Филон (1 ғасырда өмір сүрген) Грек философиясындағы кейбір ұғымдарды Христиан дінінде пайдаланып, христиандық діни философияның негізін қалайды.
Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші - ондағы жазылғанды тікелей түсіну; екінші -- ондағы сөздермен көмкерілген астыртын жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-мағынаны ашу.
Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда болуы керек. Филон Грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын кіргізеді. Құдай Дүниені жоқтан жаратты. Бірақ материалдық Дүниеден ерте ол «интеллигибелдік Дүниені», яғни «идеялар әлемін» тудырды. Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. Сонымен Логос - Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы Дүние өмірге келеді.
Филонның айтуынша, Құдайдың екі потенциясы бар: біріншісі - жаратушылық, екіншісі - басқарушылық (жаратылған дүниені).
Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен карайды. Ол адамның хайуандық жағы - дене; 2 - жан, ақыл-ой; 3 - рух - Құдайдан пайда болған. Олай болса, адамның жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге өмір сүрсе, онда өлместік дәрежесіне көтерілуі мүмкін.
Сондықган адам Ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі өмірін тануға тырысуы керек. Адам өзін танып - біліп, сыртқа серпіліс жасаған кезде, өзінің толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек қана өзінің пенделігінен өтіп, жаратылмаған мәңгілік Құдаймен байланысқа түссе ғана масайрайды.