Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары

Джон Локк (1632-1704 жж.) - XVII ғ. философия ғылымына зор әсерін тигізген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде философияға көп көңіл бөлген тұлға.

Негізгі еңбектері: «Адамның зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екі трактат», «Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар» т.с.с.

Онтологиялық мәселелер

Өзінің Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж. Локк тәжірибе арқылы зерттелетін заттарды эмпирикалық субстанция дейді. Сонымен қатар ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады, оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

Материя - орасан зор өлі кесек, ол өзінің күшімен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлі материя оның сыртында тіршіліктен де соншалықты алыс.

Онда дүниедегі қозғалысты, тіршілік әлемін кім тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж.Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. «Осы жоғарыдағы көрсетілген қозғалыс пен тіршілік Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды. Бірінші, мәңгілікті ойлайтын пенде жаратылған өлі материяның кейбіреулеріне белгілі бір дәрежедегі сезім, қабылдау және ойлау қасиеттерін беру мүмкіндігінен ешқандай қайшылықты көріп тұрған жоқпын», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен Құдай жараткан Дүние әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде дамиды.

Ал Құдай мәселесінің өзіне келсек, ол жөнінде бір нәрсе айту өте қиын, әсіресе, оның денесі бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.

Бірақ оның өмір сүруінде күмән жоқ. «Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдіретті күш соншалықты көрініп тұр, сондықтан кім ол жөнінде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды», - дейді ұлы ойшыл.

- Сонымен Құдай идеясына адам ойлау тәжірибесі арқылы жетеді, әрі қарай ойлау арқылы біз Құдайдың шексіздігі мен мәңгілін аша аламыз, - дейді Дж.Локк.

Гносеологиялық мәселелер

Өзінің таным теориясында Дж.Локк сезімдік танымды (сенсуализм) білімнің кайнар көзіне жатқызады. Сондықтан ол «адаммен туа біткен идеялар» жөніндегі ағымдарды сынға алады. «Егер біз қандай да болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», - дейді Дж.Локк. «Туа біткен білімді» сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып койған қоғамдардағы адамдардын психологиясындағы ерекшеліктерге өз назарын аударады.

Мысалы, «бүтін бөлшектерден үлкен» бұл идея салыстырмалы және тәжірибеден туады. Ал «тепе-теңдік» заңымен «кайшылық заңын» алсақ, балалар бүл заңның не екенін білмейді. Бұл заңдар біздің жан-дүниемізге туа бітсе, онда оны сәби де, жас жеткіншек те білер еді ғой, - дейді Дж.Локк.

Дж.Локктың ойынша, қайсыбір білім, идеяның негізінде тәжірибе жатыр. Ол саналы, иә болмаса бейсаналы жолмен біздің рухани өмірімізде жиналуы мүмкін. Сондықтан біздің жан-дүниеміздегі неше түрлі ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бізбен бірге туа келмейді, ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады.

Ұғымдар сиякты, моральдық нормалар да шынайы өмірде бірте-бірте қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмірдің өзгерістеріне сэйкес өзінің мән-мағынасын жетілдіріп отырады. Әртүрлі халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас емес, бүл деректердін өзі бүкіл адамзатқа тән туа біткен моральдык құндылықтардың жок екенін көрсетеді. Адамдардың ізгілікті, жаксылықты жақтауы оның туа біткенінен емес, негізінен, онын пайдалығында жатыр, - дейді Дж.Локк.

Сонымен егер адамның жан дүниесінде ешкандай туа біткен идеялар болмағаннан кейін, оны «таза тақта» (tabula rasa) ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж.Локк сезімдік тәжірибе (sensation) дейді.

Ал адамның ішкі рухани өміріндегі тебіреністерді, неше түрлі қиял, идеяларды қайда жібереміз? Әрине, Дж.Локк оларды теріске шығармайды. Ол оның бәрін терең ішкі тәжірибе, сезім, ой-өрісі ретінде қарайды да, оған рефлексия (reflection - бейнелеу) деген ат береді. Егер сыртқы тәжірибеден алған идеяларға біз көзбен көру, құлақпен есту, иісті сезіну т.с.с. арқылы келсек, ішкі тәжірибе адамның өзінің ішкі ой-өрісін талдау арқылы келеді.

Ал енді осы екі тәжірибенің қарым-катынасы қандай? Әрине, уақыт тұрғысынан алғанда, сырткы тәжірибе алғашқы, әсіресе адамның сәбилік және жастык уақытында, негізінен, сыртқы тәжірибе басым болып, оның психологиясының қалыптасуына шешуші рөл атқарады, әрі карай жүре келе, адамның әлеуметтік құрылымындағы орнына байланысты оның ішкі тәжірибесі: оның Дүние жөніндегі ойлары, үміті, күмәні, сенімі, куанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбір адамдардың ішкі рухани өмірі ерте, кейбіреулерде өте кеш оянады. Ал уақытында дамымай қалып, надандықтың шеңберінен шыға алмағандардың тіпті ішкі өмірі оянбауы да мүмкін деген ойға келеді Дж.Локк. Мұндай терең пікірмен, жалпы алғанда, толығымен келісуге болады.

Сонымен қатар Дж.Локк терең ойшыл ретінде бұл мәселеге біржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, ішкі тәжірибенің дербес өмір сүре алатынына да біздің назарымызды аударады. Өйткені ішкі тәжірибе тұрақтылығы мен өзінің мәнділігі жағынан дербес өмір суре алатын дәрежеге көтеріле алады.

Екінші жағынан алғанда, адамның ішкі өмірінің қалыптасуына оның туа біткен табиғи дарындары да зор әсерін тигізеді. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжірибеге тәуелді емес Және адамның іс-әрекетін , мамандығын таңдауда шешуші рөл атқарады. «Біркелкі тәрбие алған адамдардың әртүрлі қабілеттерінің бар екенін байкаймыз», - деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында біз сырткы тәжірибемен катар ішкі тәжірибені де дамытуымыз керек. Бұл пікірмен тағы да келісуге болады.

Сонымен Дж.Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөніндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде біз Дж.Локктың «идея» ұғымына жаңа мазмұн бергенін байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есептесе, Дж.Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді.

Сыртқы және ішкі тәжірибені бір-бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж.Локк идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды. Енді соларға мінездеме берейік.

Бірінші сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттер - созылу, бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.

Екінші сапалар - әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы ашамыз: түрлі-түсті нәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстарды құлақпен естиміз, неше түрлі иістерді мұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы-тұщыны тіліміз арқылы сезінеміз т.с.с. «Бірінші сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екіншілер олай емес. Тәттілік, жасылдық, жылылық т.с.с. заттардың өзіндегі белгілі бір бітім, көлем, көрінбейтін бөлшектердің қозғалысы ғана», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір-бірімен қосылуы деген пікірге келеді.

Ал енді тұрпайы идеялардан күрделіге көшетін болсақ, оны Дж.Локк субстанция ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы идеялардың бір-бірімен қосылуынан болады.

Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжірибеден туатын субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге көтерілсек, онда ол — материя, рух. Мысалы, біз күнді алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрін біз тәжірибе аркылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды біріктіретін оның ар жағындағы негіз (support -ағылшын сөзі, негіз) неде деген сұрақка біздің сыртқы және ішкі тәжірибеміз ештеңе айтпайды, - дейді Дж.Локк.

Гносеология саласындағы келесі күрделі мәселе - ол жалпылық. Дүниедегі өмір сүретіннің бәрі - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл – ойдың әрекетінен пайда болады, заттардың бір-біріне ұқсас касиеттері олардан ой арқылы бөлініп жалпыланады. Қайсыбір тілдегі сөздер арқылы біз жалпылықты көрсетеміз.

Тілдің жалпы азаматтық жэне философиялық жақтары бар. Оның бірінші жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметті өмірде қолданылады, адамдар бір-біріне тіл аркылы неше түрлі ақпараттар, өздерінің сезімдерін т.с.с. жеткізеді.

Ал тілдің философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбір ұғымның нақтылы көлемі, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше түрлі ғылым саласындағы дау-дамайлар, түсінбеушілік, тілдегі ұғымдардың әртүрлі мағынада қолданылуымен байланысты. Әсіресе ғылымға зор әсерін тигізетін нәрсеге неше түрлі мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздерді ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу жатады.

Әлеуметтік-философиялық, саяси идеялар

Адам - бақытты өмірге ұмтылатын пенде. Ізгілік, жақсылық дегеніміздің бәрі - адамды рақатқа, қуанышты сезімге әкелетін нәрселер. Жамандық пен залымдық дегеніміз - ол адамға зардап, қайғы, өкініш әкелетіннің бәрі. Адам бақытты болуы үшін, ең алдымен оның материалдық мүдделері іске асуы қажет.

Т.Гоббс сияқты Дж.Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ахуалы жөнінде айтады.

Табиғи жағдайда адамдар ерікті, тең, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді. Табиғи ахуалдағы адамдардың өзін-өзі сақтау жолында еңбек етіп, белгілі бір байлықтардың қайнар көзін ашатындығын Дж.Локк басым айтады. Сонымен ол меншік мәселесін табиғи Жағдайдағы адаммен өзара біріктіріп, оны қоғамның мәңгілік мәселесі ретінде қарайды.

Құдай адамға бүкіл өлі және тірі табиғатты бергенмен, олар өзінің ең пайдалылығын жекеменшікке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншіктін өзі әуеден түспейді, оған тек кана еңбектің негізінде жетуге болады. Еңбек пен меншік коғамның, бұкіл мәдениеттің негізін құрайды. Бір акр өңделген жер сол көлемді өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе кымбат, өйткені өңделген жерге адамның еңбегі сіңген. Еңбек - қайсыбір құндылықтың, бағаның қайнар көзі.

Мемлекет мәселесіне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекетпен бірге азаматтық ахуал пайда болады. Табиғи ахуалдан азаматтыққа өткенде, адамдардың еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы қажет.

Мемлекеттің негізгі мақсаты - азаматтардың меншігін қорғау. Мемлекет түнгі қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндіз азаматтар өздерінің меншігін өз еріктерімен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың іс-әрекеттерінің заңға сәйкестігін қадағалап отыруы қажет.

Дж.Локк алғашқылардың бірі болып, өзінің саяси философиясында өкімет билігінің бөлінуінің қажеттілігін көрсетті. Заң билігі парламентте, атқару билігі сот пен армияда, федеративтік билік (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату) король мен үкіметтің қолында болуы қажет.

Дж.Локк өз заманының ойшылы ретінде діннің мемлекеттен бөлінуін, бір-бірінің істеріне өзара қол сұқпау керектігін басым көрсетеді. Адамдар басқалардың да дінін сыйлауы қажет, бұл салада үлкен төзімшілдік керек, өйткені қайсыбір қоғам діни-рухани тірексіз өмір сүре алмайды.

Міне, осымен XVII ғасырда өмір сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесі сөзді XVIII ғасырға береміз.

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

  1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетін елестерді қалай деп атайды?

  2. «Жемісті» тәжірибелердің «сәулелі» тәжірибелерден айырмашылығы қандай?

  3. Танымдағы индуктивті әдістің маңызы қандай?

  4. Р.Декарттың философиясының негізгі принциптерін есіңізге түсіріңіз.

  5. Р.Декарттың «күмәндану» принципінің маңызы неде?

  6. Дедуктивті әдіс қай ғылым салаларында көбірек қолданылады?

  7. Т.Гоббс «субстанция» ұғымын калай түсінеді?

  8. Т.Гоббс тіл мен ойдың арақатынасын калай аныктайды?

  9. Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуы жөнінде кандай теория жасайды?

  10. Б.Спиноза субстанциясының ерекшелігі неде?

  11. Б.Спиноза неліктен математика ғылымын ең жетілген деп есептейді?

  1. Б.Спинозаның «аффектілер» теориясына баға беріңіз.

  2. Монада дегеніміз не?

  3. В.Лейбництің «алдын ала берілген сәйкестік» идеясын қалай түсінесіз?

  4. Дж.Локктың эмпириялық және философиялық субстанцияларының айырмашылығы неде?

  5. Дж.Локк екінші сапаға нелерді жаткызады?

  6. Дж.Локктың мемлекет, жекеменшік және азаматтық қоғам жөніндегі ойлары.

Рефераттар тақырыптары:

  1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушы.

  2. Р.Декарттың рационалдық философиясы.

  3. Б.Спинозаның пантеистік ілімі. 4- Ф.Бэконның танымдағы елестері.

5. В.Лейбництің монадологиясы.

  1. Дж.Локктың жекеменшік пен азаматтық қоғам жөніндегі ойлары

  2. Дж.Локктың танымдық ілімі.

  3. В.Лейбництің теодицеясы.

  4. Ф. Бэконның танымдық теориясы

10. Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі.