Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы

Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) аса дарынды орыс діни философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық діндегі бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру кажеттігін айтты.

В.С.Соловьевтің философиясыньщ негізгі идеясы - дүниедегі бәрінін бірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялык мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оныңойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.

Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.

В.С.Соловьевтің дүниетаным тұжырымдары

Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім» алу жолын құптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейді.

Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дуниені танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінін формальдық табиғатының арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады.

В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі екіге - ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.

Сыртқы тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.

Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.

Мистикалық тәжірибе деп біздің жан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзінің бізге тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын құбылысты айтамыз.

Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалық, екіншіге - психикалық, соңына - физикалық тәжірибені қояды.

Әрине, логикалық дуниетанымның өз орны бар, бірақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол ушін интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным мен интуиция бізді болмыстың ең терең құпия сырларына жеткізе алмайды. Ол үшін - шектелгеннің ар жағына, трансцендентікке өту - ерекше таным қабілетін қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді. Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің бірлігінің қажеттігін көрсеткісі келді.