Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§ 7. Эллинистік-Римдік философия

Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалык дәуірдегі философиялык ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсак, б.з.д. IV ғ. - V ғ. екі ортасындағы 8 ғасырды көне заманның фило-софиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, қүлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар - бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық коғамның пісіп-жеткен сатысынан етіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен, оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын.

Птоломей Филопатер өз заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, ал оны 4 мың кұл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде пайдалануға болады?

Бірақ бұл заманның ғылым саласында Римде құқық теориясының іргетасы қаланып, соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына өзінің зор әсерін тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің негізгі пәндерінің бірі - ол Рим құқы.

Бұл дәуір жөнінде орыстың ұлы философы А.Ф.Лосев айтқандай: «Философияда қажу мен түңілу байқалады... Мәресіне жете алмай өшкен, бірақ болуға тиіс болса да, дегенмен болмысқа айналмаған ілімдер...». Бұл ойды эллиністік-римдік философиялық ой-пікірдің жалпы мінездемесі ретінде келтіруге болады.

Киниктер

Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда сондағы тәртіпке ашықтан-ашық қарсы шығатын белгілі бір философиялық саяси ойлар, я болмаса бүкіл өмір салтымен сол қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар пайда болады. XX ғасырдың екінші жартысында біз оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден», «кришнаиттерден» т.с.с. байқадық.

Міне, осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде философия мен этика саласында киниктер мектебі пайда болады. Оларды Грециядағы сократтық мектептердің өкілдеріне жатқызады.

Олардың атын біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе, келесілері «куоп» (ит) деген сөзбен теңейді, өйткені осы мектептің негізін қалаған Антисфен: «Адам «ит сияқты өмір сүруі керек», -- деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы - Диоген Синоптық.

Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес, керісінше, жаңа өмір салтын жасап, оны сынау болды. Мысалы, Диоген теңіздің жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді, шалшықтан қолымен су алып ішеді, жұрттың көзінше дәрет алады; күндіз шам жағып жүреді. «Неге шам жағып жүрсіз?» - деген сұраққа: «Адам іздеп жүрмін», деп жауап береді. Атақты Александр Македонский мұндай қызық адамды көрейінші деп оған келгенде, Диоген: «Былайырақ тұршы, күннің сәулесін жауып тұрсың ғой», - деген екен.

Киниктердің ілімі бойынша, адамның ең соңғы талғамы -ізгілік. Ал оның өзі - бақыт. Ізгілік дегеніміз - аз нәрсеге қанағат ету, залымдықтан аулақ жүру; ізгілікке үйренуге болады, бірақ оған білімнен гөрі ерік керек; ізгілік адамның сөзінен емес, жүріс-тұрысынан байқалады. Азға қанағат ету адамды біреулерге тәуелді болудан арылтады. Бірақ Киниктердің дербестігі бүкіл мәдениет, әлеуметтік нормалар, өнер, отбасы, мемлекетті теріске шығаруға әкелді. Мүның бәрі де, әрине, сол кездегі қоғамдағы қалың бұкараның өте аянышты жағдайымен байланысты болса керек.

Киниктер жекеменшікті, әлеуметтік айырмашылықты жою керек, адам әлемнің азаматы (космополит) болуы керек деген пікір айтты.