Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / философия Серик Мырзалы.doc
Скачиваний:
4129
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

§ 3. Герменевтика

Герменевтика сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсіну өнері ретінде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библиянын негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіру өнеріне айналады.

Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуірде пайда болған мәдени мұраларды қазіргі тілге аудару қажеттігі пайда болып, ол герменевтиканың негізгі ісіне айналады.

Жаңа дәуірде ғана герменевтика бірте-бірте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негізін қалаған неміс діни қайраткері, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол - Платонның барлық шығармаларын алғаш рет неміс тіліне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсінудің өнері, әңгіме оның ойларының мазмұнынан гөрі, оның сөз саптау мәнерінде, үлгісінде деген пікірде болды.

В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың ішкі сырын ашатын пән ретінде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын біз практикалық іс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәріс беру арқылы жеткізсек, өткен адамзат тарихының беттерін, сол заманда өмір сүрген адамдардың ішкі жан дүниесінің тебіренісін зерттеу үшін сол замандағы ахуалға өту, түйсіну, тебірену арқылы ғана жетуге болады деген пікірге келеді. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмір сүрген ұлы адамдардың өмірбаянын, ішкі рухани тебіреністерін түсініп қана баға беруге болады. Феноменология ағымының негізін қалаушы Ә.Гуссерльге келер болсақ, ол белгілі бір дәуірді жете тұсіну үшін, сол кездегі қоғамның «өмірлік дүниесінің» ерекшелігін зерттеу қажет деген пікірге келеді. Сонда ғана сол дәуірде өмір сүрген адамдардың өмір сезімін, мәдени мұраларының мән-мағынасын ашуға болады.

М.Хайдеггердің ойынша, «болмыстың үйі - тіл». Олай болса, герменевтика ілімін тілді талдау, тарихи ұмыт қалған сездердің сырын ашу, оны қайта өмірге енгізу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейді.

Әрине, әр халық өз тілі арқылы өзінің дүниесезімі мен дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмірлік тәжірибесі қорланады. Әсіресе бұл қағиданы көшпенді өмір салтын ұстаған қазақ халқының өткең тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал.

М.Хайдеггердің ойынша, адам тіл арқылы сөйлегеннен гөрі, «тіл адам арқылы сөйлейді». «Әрбір сөздің астарын ашсақ, онда неше түрлі мән-мағына жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика ісімен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзік жақтары беріледі. Сондықтан әр ірі өлеңші -әрқашанда философ», - деп қорытады М.Хайдеггер.

Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан неміс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика ілімін тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдіс ретінде тұсініп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негіздеді. Оның ойынша, тұсіну дегеніміз - адамның дүниетанымының негізгі жағы ғана емес, ол оның өмір сүруінің анықтаушы себебі, болмысының тәсілі. Г.Гадамер осы уақытқа дейін герменевтиқада кеңінен қолданылған белгілі тарихи күжатты зерттегенде, сондағы руханиятқа өту, түйсіну тәсілін үзілді-кесілді теріске шығарады. Бір дәуірден екіншіге, өзіңнен басқаға өту мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы философ 2,5 мың жылға шегініп, Платонның, я болмаса Анахарсистің тулғасына өтіп, солар сияқты өмірді сезініп, қабылдай алмайды: ол аңғырттықты көрсетумен тең болар еді. Әңгіме біреудің рухани өміріне өтуде емес, керісінше, сол замандағы мәселелерді қазіргі заманға сай етіп талдауда. Яғни өзің мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керісінше, оның жойылмайтындығын сезіне отырып, басқаның өмір тәжірибесін өз өміріңде қолданып қарауда, сондағы окиғаны өз ахуалыңмен ұштастыруда. Негізгі мақсат — өткен оқиғаны ой өрісте қайта құру (реконструкция) емес, керісінше, жаңа мән-мағынаны тудыру (конструкция) болып табылады.

Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппікірлікті тудырады. Гадамердің айтуынша, герменевтиканын іргетасты ақиқаты мынада: бірде-бір адам ақиқатты танып-біліп, толығынан жеткізе алмайды. «Сондықтан өне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз беріп, оның айтқанын назар қойып тыңдап, түсінуге тырысу қажет. Міне, герменевтиканың терең өзегі осында», - деп қорытады ойшыл.

Г.Гадамердін енгізген тағы бір жаңалығы тұлғаның тебіренісін зерттеуден гөрі, оның ойының мән-мағынасына өту ісеректігі. Зерттеуші жазылған мәтіннің ар жағындағы қалам иесінің тұлғасын көруге тырысудан гөрі, оның ой-тебіренісін тудырған затқа үңілуі қажет. Бұл пікірден біз Г.Гадамер ілімінің психологизмге қарсы екенін байқаймыз.

Бір дәуір екіншіге ауысқан сайын жаңа мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетиқалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен, әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала береді. Ол - тіл, оны өзгерту онай шаруа емес. Тілдегі қалыптасқан мәдениет тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне ез ықпалын тигізіп, сонымен қатар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа тұсуіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, түсінбеушілік - ол әр тілде сұхбаттасқанмен бірдей. Олай болса, тілге ұқыпты қарау. оны тыңдай білу, ондағы ұмыт қалған сөздерді жандандыру арқылы герменевтика өзінің негізгі мақсаты - мәдениеттегі дәнекерлік қызметін іске асыра алады.