Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать
  1. Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрлысы.

Бұлшықет талшығының құрлысы.

Қан тамырлар жүйесінің жұмысы, жүректің қызметатқаруы, ас-қорту жолының жұмысы, кеңістікте дененің қозғалысы мен қимыл-тұрпаттың бір деңгейде болуы адам мен омыртқалы жануарларда бұлшықеттінің екі типімен іске асырылады, көлденен жолақты( қаңқа бұлшықетті, жүрек бұлшықетті) және тегіс. Олар бір-бірінен бір клеткалық және тканьдік құрылыммен, екі иннервациямен, үш қызметтену механизмінің дәрежесімен ерекшеленеді.

Бұлшықет қызметті.

1. Адам денесінің кеңістікте қалпын сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Кеңістікте дененің орын ауыстыруын, жүріп тұруын қамтамасыз етеді.

  2. Қимылды іске асырады.

  3. Жылу көзі ретінде жылуды реттеу қызметтін атқарады. Бұлшықеттің қызмет теу барысында өте көп мөлшерде жылу бөлінеді.

Барлық бұлшықетке тән физиология қасиеттері.

  1. Қозғыштық-тітіркендіргіштің әсеріне әрекет потенциалы мен иондық өткізгішті өзгерту мен жауап береді;

  2. Өткізгіштік- бұлшықет талшығының тұла бойымен және терең әрекет потенциалын өткізу қаблеттілігі;

  3. Жиырылғыштың-қозу кезінде қысқарып немесе босаңсу және кернеулікті дамыту қаблеттілігі.

  4. Серпімділік- бұлшықет созылғанда кернеулікті дамыту қаблеттілігі.

Бұлшықет тамырының құрлысы.

Бұлшықет талшығы көп ядролы құрылым болып табылады. Ол мембранамен қоршалған. Онда арнайы жиырылғыш аппараты меофибрилдер, митохондрия, Ка көлденең орналасқан түтікшелік жүйе- саркорлазматикалық құрылым және тігінен орналасқан түтікшелік жүйе-түтікше жүйесі болады. Ол Са2+ толтырылған цистерла тәрізді.

Бұлшықет клеткасының жиырылу аппаратының қыз-дың бірлігі-саркомер. Осы саркомерден миофибриллалар тұрады. миофибрилдерде саркомерлер тізбектеліп орналасқан. Сондықтан да саркомердің жиырылуы мен миофибрилдер жиырылады да бұлшықет талшығының қысқару туады.

Миофибрилдер актин және меозин жіпшелерінен тұрады. актинге қарағанда меозин жуан болып келеді. Ал актин жіпшелерінде белогы орналасқан. Тропомиозин тропонин және меозин белогынан тұрады. Тропонин мен тропомиозин актин мен меозиннің өзара әрекеттесу механизмінде өте қажетті роль атқарады. Саркомердің орталығында, актин жіпшелерінің арасында жуан жіпше меозин орналасқан.

2. Бүлшықеттінің жиырылуының тәртібі мен түрлері.

Бұлшықеттінің жиырылуының тәртібі үшке бөлінеді.

  1. Бұлшықеттің изотониялық (изос- тұрақты, тонус-кернеулік) жиырылу тәртібі дегеніміз бұлшықет талшығының еркін түрде қысқаруы кезінде, бұлшықет талшығының тек ұзындығы өзгереді де, ал кернеулігі өзгермейді. Мысалы : жүкті еркін түрде көтеру.

  2. Бұлшықеттінің изометриялық жиырылу тәртібі дегеніміз бұлшықет талшығы екі жақтан бекітіліп, еркін түрде қысқара алмағанда, бұлшықет талшығының ұзындығы өзгермейді де ал кернеулігі өзгереді.

Организмде бұлшықеттің табиғи жиырылуы ешуақытта тек қана изотониялық немесе тек қана изометриялық болмайды. Өйткені бұлшықет жұк көтере отырып қысқарады да өзінің кернеуліктің дамуынан бұлшықеттің ұзындығы қысқарады да, ол бұлшықеттің ауксотониялық жиырылу тәртібі деп аталады.

Бұлшықеттінің немесе оның инервациялайтын қозғалыс (двигательн) жүйкесін бір ғана әсермен (стимулмен) тітіркендіруді бұлшықеттінң жеке жиырылуы деп аталады. Онда негізгі екі фазаны айыруға болады.

б .Жиырылу кезеңі .

в . Босаңсу кезеңін.

Бұлшықеттінің жиырылуы ӘП-ң деполяризация кезінде басталады. Тітіркендірудент кейін пайда болады.ӘП мен жиырылу толқыны бұлшықет талшығының тұла бойына таралады. ӘП-ң ұзақтығына қарағанда, әрбір талшықтың жиырылуы ұзақтығы өте жоғары. Сондықтан да ӘП бастапқы қалпына келгенмен (репол-я кезеңі) талшық түгелімен жиырылып, қысқарады. Жеке тітіркендіру кезендегі әрбір талшықтың жиырылуы түгел немесе ешнәрсе заңына бағынады. Бұл дегеніміз бұлшықетті табалдырық кешімен, және еттің ампллитудасы жоғары болады. Бұлшықеттінің жеке жиырылуының шамасы тітіркендіру күшіне тәуелді. Егер де жеке бұлшықет талшығына немесе барлық бұлшықетке бір-бірінен соң екі күшті және тітіркендірулер әсер етсе, онда пайда болады. Жиырылудың амплитудасы, жеке жиырылу амплитудасына қарағанда жоғары болады. Бірінші және екінші тітіркендіргішпен пайда болған жиырфылулар қосылады да, бұл құбылыс бұлшықеттінің жинақталу деп аталады. Бұлшықеттің өзін тікелей тітіркендіру тікелей тітіктендіру деп, ал осы бұлшықеттің арқылы пайда болатын жиырылу тікелей емес тітіркендіру деп аталады. Жинақталу осы екі түрлі тітіркендіруде де бақыланады.

Соседние файлы в папке физиология