Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать
  1. Вегетативті жүйке жүйесінің(вжж) анатомиялық және физиологиялық ерекшелері.

Негізгі жүйке жүйесі сіздерге анатомиядан белгілі, үш деңгейге бөлінеді:

ОЖЖ. Жүйке жүйесінің шеткі бөлімдері: рецепторлар қабылдағыштар, оларды сезімтал жүйелер деп және импульсті тарататын шеткі жүйкелер жүйке жүйесінің ерекше бір бөлімі, ол ВЖЖ. Бұл жүйенің анатомиялық немес морфологиялық ерекшеліктері:

  1. Ол жүйкелік орталықтары жалпы жүйеде әртүрлі аймақтар шоғырланған. Мысалы: парасимпатикалық бөліміне қатысты орталықтар, орталығы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бөлімінде орналасқан.

  1. Бұл жүйке жүйесінің талшықтары жіңішке болады.

  1. Симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар көптеген ағзаларға тармақталынған. Ал симпатикалық бөлімі жұлынның кеуде, белдік аймағында орналасқан.

  1. Бұл жүйкенің талшықтары екіге бөлнеді. Жүйкелік түйінге дейін преганглионарлық, ал түйіннен соң постганглионарлық талшықтар деп талады.

Физиологиялық ерекшеліктері.

  1. Соматикалық жүйке жүйесімен салыстырғанда бұларды қозу негізінде эффекторлық қызмет атқарады.(99%). Ал небары 10%-ке жуығы афференттік қызмет атқарады.

  1. Қозу баяу дамиды және ұзақ уакқытта тарайды. Себебі: вегетативтік синапстардың құрылымдық ерекшелігі бойынша вегетативтік рефлекстердің барлығы күрделі рефлекстерге жатады. Оларда өз доғаларында бірнеше синапстардан құрастырылған. Вегетативтік рефлекстердің доғаларында постсинапстық қозу потенциалы көп уақыт арасын алады.

  1. Бұл рефлекстердің даму барысында шаршаудың байқалуы ұзаққа созылады.

  1. Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері.

19ғ. Француз физиологы Билеттің кезеңінен бастап организмнің қызметі анимальді соматикалық және вегетативтік деп екі үлкен топқа бөлді.

Анимальды соматикалық қызметке қаңқа бұлшық еттерімен жүзеге асырылатын қозғалыс реакциясы мен тітіркендіруді қабылдайтын талдағыштар жатады. Біртұтас организмнің көбеюі мен өсуін, сонымен қатар зат алмасуды іске алу сыртқа бөлу т.б.вегетативтік қызметке жатады. Осыған орай, жүйке жүйесінің қызметін соматикалық және вегетативтік деп екіге бөледі.

Соматикалық жүйке жүйесі –организмнің моторлы және сенсорлы қызметтерін қамтамасыз етеді.

Вегетативатік жүйке жүйесі – жүйке жүйкесінің, рецептордың, қаңқа бұлшықеттердің, қоректендіру иннервациясын, сонымен бірге тер бездері, тамырлардың ішкі мүшелердің эфферентті иннервациясын қамтамасыз етеді. Саматикалық құрылымдар ерікті түрде қызмет ете алады, яғни оның қызметі әрдайым өздігінен күшеюі немесе безеңдеуі мүмкін. Бұл жүйке әрқашан мидың үлкен жарты шарларының бақылауында болады. Ал вигетативтік жүйке жүкесі ерікті түрде бақыланбайды. Сондықтан да, бұл вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) автаномды немесе еріксіз жүйке жүйесі деп аталады. Автономды жүйке жүйесі анатомиялық тұрғыдан бездердің иннервациялайтын жүйкелік түйіндер мен жүйкелік өрімдерден; ми мен жұлындағы ядролық құрылымдардан тұрады. Негізгі қызметі, ол организімге әртүрлі әсерлер әрекет еткенде, ішкі ортаның тұрақтылығын, яғни гомеостазды қалпында ұстап тұру.

Автономды жүйке жүйесінің АЖЖорталықтары ми бағанында және жұлында орналасқан;

1. Ортраңғы мида парасимпатикалық жүке жүйесінің мезэнцефальді бөлімі бар;

2. Сопақша мида парасимпатикалық жүйке жүйесінің бульбарлық бөлімі орналасқан. Бұл бөлімнен бұлшықеттік, тіл жұтқыншақтық, кезеген жүйкенің құрамымен эфференттік талшықтар өтеді;

3. Жұлының көкірек және белдік сегментерінде (I – көкіректен II – Ivбелдікке дейін) ВЖЖ Симпатикалық, торако люмбальдік бөлімі бар. Осы бөлімнен моторлы нейронның өсінділерімен бірге жұлын –милық сегменттерге сай алдыңғы түбірлер арқылы вегатативті талшықтар өтеді.

4. Жұлының сегізкөз сигменттерінде парасимпатикалық жүйке жүйесінің сакральді бөлімі орналасқан. Бұл бөлімнің ж(амбас жүкесінің құрамымен талшықтар өтеді.

Сонымен ВЖЖ-ң бөлімдері ОЖЖ-ң 4 бөлімінде орналасқан. Мизенцефальді бульбарлы, сакральді бөлімдерінде орналасқан ядролар; ВЖЖ парасимпатикалық бөлімінен, ал торако-люмбальді бөлімде орналасқан ядролар; оның симпатикалық бөлімімен құрайды.

ВЖЖ –ң барлық бөлімдері аралық мида – гипоталамуста және жолақты денеде орналасқан вегетативтік орталықтарға бағынады. Ал жоғарғы вегетативтік орталықтары, тәртіпті жүзеге асыратын саматикалық және вегетативтік қызметтердің бірігуін қамтамасыз ететін , мидың үлкен жарты шарларына бағынады. Симпатикалық жүйкенің талшықтары кеңінен таралған және организімнің барлық тканьдері мен мүшелерін иннервациялайды. Ал парасимпатикалық жүйкенің жүйкелік талшықтары кезеген жүйкенің жүйкелік талшықтары кезеген жүйкенің құрамымен өтіп брон, жүрек , өңеш, қарын, бауыр, ащы ішек, ұйқы безін, бүйректүсті безін, бүйректі, көкбауырды, тоқ ішек бөлімдерін иннервациялайды.

Соседние файлы в папке физиология