Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Шартты рефлекс - тіршіліктің өзгеру жағдайларына адам мен жануарлардың бейімделу түрі ретінде. Шартты рефлекстің жіктелуі

ШР-шартты және шартсыз тітіркендіргіштер ұштастырылуындағы УБ түзілуі негізіндегі адам мен жануарлар организмінің жеке, жүре пайда болған, күрделі бейімделу реакциясы. Ол онтогенез үрдісінде шартсыз рефлекс базисында түзіледі және ОЖЖ жоғарғы бөлімдерімен, яғни ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдарымен іске асырылады. ШР түсінігін 1903ж. И.П. Павлов ұсынған. Осы құбылысты зерттеу И.П. Павловты ЖЖІӘ-физиологиясы бойынша ми қызметтері туралы жаңа ілім, сонымен қатар, адам мен жануарлар тәртібінің шартты-рефлекторлық қағидасын ашуға әкелді.

Шартты тітіркендіргіштер рецептормен қабылданған сыртқы және ішкі ортаның кез-келген өзгерісі болуы мүмкін. ШР қалыптасуының бастапқы кезеңінде көптеген сигналдарға біркелкі реакция туатындықтан, ШР жинақталған сипатта болады. Кейінірек ол барынша арнамалы, таңдамалы, шамасы бойынша берік және тұрақты болады. Бір ғана тітіркендіргіш үйреншікті реакцияны тудырады. Егер де ШР түзілу жағдайы бұзылса, онда ШР сөнеді немесе тіптен жойылады. ШР таңдамалылығы организмнің сыртқы ортамен белсенді түрде теңесуін қамтамасыз етеді. Сыртқы орта туралы нақты ақпаратты дұрыс жеткізбейтін шартты тітіркендіргіш тәртіптік актіні ұйымдастыруда өз күшін жояды. Бұл құбылыс ішкі тежелуге негізделген.

Шартты байланыста түзілетін ішкі тежелу, барлық ШР оң және теріс түрлеріне бөліну негізінде жатыр. Оң ШР құрастырылуында шартты әсер, қозуды және организмнің нақты әрекетін (мысалы: тағамдық) тудырады. Ал теріс (бекітілмеген) ШР кезінде ішкі тежелудің даму салдарынан пайда болған ШР жойылады.

ЖЖІӘ-физиологиясының жалпы заңдылықтары ретінде, нейрофизиологияда РД деген түсінік енгізілген. РД (2-сызба-нұсқасы) бес бөлімнен тұрады:

  1. рецептор- тітіркендіргіш әсерін қабылдайды және оны жүйкелік серпініске айналдырады.

  2. афференттік жол- жүйкелік серпіністі рецептордан алып, оны жүйкелік орталыққа жеткізеді.

  3. жүйкелік орталық немесе ОЖЖ ақпаратты түзеді және талдайды.

  4. эфференттік жол- талданылған ақпаратты нақты бір жүйке құрамы бойынша тиісті мүшеге тартады.

  5. жұмысшы мүше немесе эффектор- жеткізілген ақпарат бойынша өз әрекетін өзгертеді немесе кез-келген мүше не без не жүйке өз қызметін орындайды.

2-сурет. Рефлеторлық доға құрылымдары

Р

I

IY

Э Y

І- рецептор

ІІ- афференттік жол

ІІІ- нейрон

IV- эфференттік жол

V-эффектор немесе орындаушы мүше

Осы РД құрылымдары бойынша организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті іске асырылады. ШР- тіршілік барысындағы өзгеретін жағдайларға организмнің жеке түрде жоғарғы бейімделісі. Оның ОЖЖ- жоғарғы бөлімдерімен іске асырылатын, УБ арқылы жүре пайда болады және егер де, оны тудыратын орта өзгерсе, онда ол жойылатын және өте күшті реакция болып табылатын жалпы белгілері бар. Сонымен, ШР дегеніміз- ОЖЖ- жоғарғы бөлімдерімен іске асырылатын, УБ түзілу жолындағы бейімделіс әрекеті. ШР жіктемесі келесі белгілер бойынша анықталады: ШР- түзілу жағадайлары; әсердің түрі; әсердің қасиеті; бекіту түрі; шартты тітіркендіргіш және оның бекітілу уақытының қарым-қатынасы.

ШР келесі түрлерін айырады:

I.Шартты тітіркендіргішті қабылдайтын мүшелерде орналасқан

рецепторлар немесе талдағыштардың атауы бойынша ШР келесі түрлерін ажыратады:

  • көру, есту, иiс және дәм сезу; асқазандық; iшектiк; жатырлық.

II. Организмге жасалыңған әсердiң түрiне байланысты ШР:

  • жарықтық, дыбыстық, жанасушы, температуралық болып бөлінеді.

III.Сыртқы талдағыш арқылы құрастырылған ШР экстеро; ал ішкі мүшелердің тітіркенуінен туатын рефлекстер интеро; бұлшықет, сіңір, буындардың тітіркенуінен пайда болған ШР проприорецепторлар деп аталады.

IY.Шартты тітіркендіргіштің құрылымына және шартты мен шартсыз тітіркендіргіштің әсер ету уақытының қатынасына сонымен қатар, бекіту ерекщелігіне, тітіркендіргішке жауаптың пайда болу уақытына байланысты ШР келесі түрлерін ажыратады:

А. 1-реттегі ШР дегеніміз - шартты тiтiркендiргiш және шартсыз тiтiркендiргiштің бірмезетте ұштастырылу барысында қалыптасатын рефлекстер.

Б. 2-реттегі ШР - оларды құрастыру барысында шартты тiтiркендiргiш, шартсыз тiтiркендiргiшпен бекiтілмегенде, УБ туады.

В. 3-реттегі ШР - екінші реттегі ШР негізінде белгісіз жаңа тітіркендіргішті пайдалану арқылы осы рефлекстерді қалыптастыруға болады.

Г. Жоғарғы реттегі ШР – бұл бұрын пайда болған шартты рефлекстердің негізінде қалыптасатын рефлекстер.

Д.Ұқсаушы ШР-бекіту басқа жануарлардың тәртіптік реакциясы болып табылады.

Е.Ассоцияциялық, екі таңдамалы тітіркендіргіштің қосылуында туады.

Ж.Құралдық ШР қалыптасуында шартты тітіркендіргіш ретінде қандай да бір құрал немесе аспап қолданылады.

Y.Рефлекс қалыптасуында тітіркендіргішке тәуелді ШР 2-ге бөлiнедi:

А.Табиғи ШР жануарлар үшін биологиялық мәні бар, шартсыз бекітулердің табиғи қасиетінде туады. Мысалы: осы рефлекстің сигналы табиғи жағдайдағы тiтiркендiргiш, яғни тағамның түрi мен иiсi, әр түрлi жарық, дыбыстар болып табылады.

Б.Жасанды ШР алғашқы бекітулерге тәуелсіз құрастырылады. Бұл рефлексті құрастыру барысында тәжiрибелерде қолданылатын түрлi оптикалық, акустикалық агенттер қолданылады. Мысалы: қоңырау, электр жарығы, геометриялық фигуралар.

YI. Шартты және шартсыз қозудың әсер ету уақытына байланысты ШР екі түрін ажыратады:

  1. Қолма-қол ШР. Олар үш түрге бөлiнедi:

а. сәйкес – шартты тiiркендiргiшті шартсызбен бiрмезгілде ұштастыру барысында туады.

б. қалдырылған – шартты тiтiркендiргiшті шартсыз тiтiркендiргiшбен ұштастыру 30" аралығында іске асырылғанда туады.

в. кешiкпелi – шартты тiтiркендiргiш қосқанда шартсыз тiтiркендiргiш 1-3' аралығында бекiтiледi.

  1. Iздiк - шартты тiтiркендiргiшті қосқанда шартсыз тiтiркендiргiштi бекiту арасындағы кiдiрiс 10-20", ал 1-2" созылса кешiгушi шартты рефлексі пайда болады.

VII. Шартсыз бекітудің биологиялық мәні бойынша тағамдық-тағамды табу, қабылдау және қорғаныстық ШР болады.

VIII. Жауапты реакцияның ерекшелігіне байланысты вегетативтік және өзіндік қозғалыс болып ШР бөлінеді.

Сонымен, И.П. Павлов бойынша организмдегі барлық рефлекстер 2 үлкен топқа бөлiне отырып, шартты және шартсыз рефлекстер келесі белгілер бойынша бір-бірінен ерекшелiнедi (1-кесте).

Иллюстрациялы материалдар: Л-ОМ1-12

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.

Қосымша:

  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Рефлекстердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Уақытша байланыс деген не?

  3. Естің қандай түрлерін білесіздер?

  4. Зейіннің механизмін түсіндіріңіз.

  5. Қабылдаудың қандай патологиялық түрлері бар?

  6. Дифференциональды тежегіштің негізі неде?

  7. Бағдарлы рефлекс дегеніміз не?

  8. Тез ұйқы рефлекс фазасының негізі объективті белгілерін атаңыз.

«Астана медицина университеті» АҚ

Қалыпты физиология кафедрасы

16 Дәріс

Тақырыбы: Жоғары жүйке қызметтерінің типтері. Бірінші және екінші сигнальды жүйелер туралы И.П. Павловтың ілімі. Ұйқы физиологиясы.

Мақсаты: ЖЖІӘ типтері туралы білім беру,ЖЖІӘ түрлерін,экстра және интравентривтік индивидтерді бөлуді үйрету,жоғарғы психикалық функциялар туралы түсінікті қалыптастыру,ЖЖІӘ типтері мен психикалық функцияларды анықтауды психологиялық тестпен жүргізу.

Дәріс тезистері:

1- кесте. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы

Шартты рефлекс

Шартсыз рефлекс

I. Берiлген анықтамасы бойынша:

- жеке даму барысында ағзаның жүре пайда болған реакциясы.

- тұқым қуалау арқылы берiлетiн, эволюция кезiнде түзілiп, бекiтiлген, ағзаның туа бiткен реакциясы.

II. Рефлекстердің сипаттамасы бойынша:

– жеке болып табылады, тiршiлiк барысында туады, бекiтiледi де, сөнедi.

- түрлiк болып табылады, барлық адам мен жануарларда туа пайда болады.

III. Осы рефлекстердiң тууы бойынша:

- тууы үшiн арнайы жағдай қажет, кез-келген қабылдағыш аймақтың, кез-келген тiтiркендiр-гiшіне түзiлуi мүмкiн.

- арнайы жағдайдың қажетi жоқ, анық бiр рецепторға үйреншiктi тiтiркендiргiш әсер етсе, онда осы рефлекс туады.

IҮ. Осы рефлекстердiң сақталынуы бойынша:

- өзгергiш, қозғалғыш, жоғалуы немесе сөнуi мүмкiн.

- тұрақты, өмiр бойы сақталынады.

Ү. Осы рефлекстердiң жүзеге асуында қатысатын ми құрылымдары:

- ми қыртысы.

- қыртыс пен қыртыс асты құрылымдар (жұлын, ми бағаны).

Соседние файлы в папке физиология