Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

2. Есту жүйесінің шеткі бөлімі

Есту жүйесінің шеткі бөлімі:

  1. Сыртқы

  2. Ортаңғы

  3. Ішкі

    1. Сыртқы құлақ – сыртқы есту жолы мен дабыл жарғағы жатады. Сыртқы есту жолы дыбыстың толқындары дабыл жарғағына жеткізеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақтан ортаңғы құлақты бөліп жатады.

    2. Ортаңғы құлақ – Ауаға толтырылған үш сүйектен тұрады: төс, балғашық, үзеңгі. Бұл үшеуі дабыл жарғағының тоқуын ішкі құлаққа жеткізеді.Балғашық дабыл жарғағының ұстағышына, ал балғаның басқа жағы – төске жалғасып, өзінің толқуын үзеңгіге береді.

Ортаңғы құлақта екі бұлшық ет: m.tensor tympani және m.stapedius бар.

m.tensor tympani жирылуында дабыл жарғағының созылуын күшейтеді де, өте күшті дыбыстарға амплитудасын шектейді. Ал m.stapedius үзеңгіні тіркейді де, үзеңгінің қимылын шектейді m.tensor tympani дыбыс ырғағының серпімділігіне әсер етеді. m.stapedius жиырылуында дыбыс дабыл жарғағына → балғашық → төс → үзеңгі → ішкі құлақ мембраналарына жетеді. m.stapedius - ішкі құлақтың мембранасында белгілі бір ырғақпен, күшпен өзгертеді.

3. Ішкі құлақ – кіре беріс пен жартылай айналмалы каналдардан басқа ұлу бар. Ұлуда дыбыс толқын қабатында рецептор орналасқан.

Ұлудың соңына дейін, өзінің ұзындығында сүйек каналы екі жарғақпен бөлінген:

  1. Өте жұқа – тепе-теңдік мембранасы (Рейснер мембранасы)

  2. Негізгі мембрана. Бұл екі мембрана ұлудың сүйектік каналы үш тар жолға бөлінеді:

а) жоғарғы

б) ортаңғы

в) төменгі

Жоғарғы және төменгі каналдар перилимфамен толтырылған, оның құрамы жұлын –милық сұйықтыққа сәйкес. Тепе-теңдік және негізгі смембрана арасында ортаңғы – жарғақтық канал бар. Ол эндолимфа сұйықтыққа толтырылған. Эндолимфа перилимфаға қарағанда К ионы жоғары, Na ионы төмен.

Ұлудың ортаңғы каналының ішінде дыбыс қабатын ақпарат- спиральды (кортиев) мүшесі бар. Онда рецепторлы түкті клеткалар орналасқан. Бұл клеткалар механикалық толқуды электрлік потенциалға айналдырады, осының салдарынан есту жүйкесінің талшығы қозады.

3. Тепе теңдік талдағышы

Организмнің сыртқы ортадағы қалпын оның түрлі физикалық өзгерістерге, қайтаратын жауабын қамтамасыз етіп, осы өзгерістерге бейімдейтін талдағыш. Бұл талдағыштың ерекшелігі; Ол ішкі ағзалар мен жүйелермен тығыз байланыста болады. Құрылымдық жағынан, орналасқан аймағына байланысты есту талдағышына өте жақын орналасқан. Себебі: бұл талдағыштың шеткі бөлімі ішкі құлақта үш түрлі кеңістікте орналасқан жартылай каналдар. Оның рецепторлық клеткалары организмнің кеңістіктегі қалпын, қозғалыс жылдамдығын, оның үдею ерекшелігін қадағалайды. Тепе-теңдік аппаратында екі қапшық: саккулус және утрикулус бар. Оның біріншісі ұлуға жақын, ал екіншісі жартылай айналмалы каналдар жақын орналасқан. Бұл аппараттың рецептірлік клеткалары оттолиттер деп аталады. Олар ерекше химиялық күрделі құрамы бар заттар.

Бұл аппараттар орталық бөлімі мидың әр қабатында орналасқан. Оның өзгеруіне байланысты өте кең болғандақтан ақпарат миға жетеді.

4. Дыбыс

Дыбыс – газ тәрізді, қатты немесе сұйық ортаның механикалық толқуы. Дыбыс есту талдағышына әсер ете отырып онда оның бір физиологиялық процестің тууын, яғни дыбыстың сезілуін субьективті қабылдауын қамтамасыз етеді. Ауада дыбыс толқудың таралу жылдамдығы 332 м/с, суда 1450 м/с. Ауасыз жерде дыбыс болмайды.

Дыбыстың физикалық мінездемесіне дыбыстық толқудың жиілігі мен амплитудасы жатады толудың жиілігі ГЦ-н өлшенеді.

Дыбыстың жылжуының толқу мінездемесі бойынша: таза тон, күрделі тон және шулар деп бөлінеді. Камертон дыбыс – таза дыбыс.

Иллюстрациялы материалдар: Л-ОМ1-14

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.

Қосымша:

  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Көру өткірлігінің есептеу формуласын жазыңыз.

  2. Вестибулярлы аппарат бұзылуының негізгі 3 тобын атаңыз.

  3. Керең болу стимуляциясын қалай тексеруге болады?

  4. Жалғастырылушы бейнелермен зерттеу жүргізу.

  5. Көру иллюзиясымен демонстрация жасау.

«Астана медицина университеті» АҚ

Қалыпты физиология кафедрасы

15 Дәріс

Тақырыбы: Туа біткен және жүре пайда болған мінез-құлық. Шартты рефлекторлық қызметтердің тежелуі.

Мақсаты: Туа пайда болған және жүре пайда болған қылықтардың формасы туралы білім беру, шартты рефлексті шартсыз рефлекстен айыра білуді үйрету,уақытша байланыстың тоқтау механизмі туралы түсінікті жүйелендіру,анализатордың шартты рефлекстерін шығаруына эксперименттер жүргізудің әдістерін үйрету.

Дәріс тезистері:

Дүниеге келген әрбір тұлғаның бас миындағы қозу мен тежелу үрдістері өмір шарттарымен әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Адам психикасын ұғыну мәселесімен атақты физиологтар (Аристотель, Ф.Гольц, Гален, И.М. Сеченов, И.П. Павлов және т.б.) бастаған зерттеулер қазіргі таңда өзекті мәселелердің жалғасы болуда.

Елу жыл бұрын атақты физиолог Ф. Гольц иттердің ми қыртысын толығымен алып тастау барысында ағзада қай қызмет жойылып, қандай қызметтің сақталынатындығы туралы зерттеу жұмысын бастаған. Кейінірек И.П.Павловтың физиологтар мектебі, ми физологиясын зерттеу нәтижелерін қолдану барысында Гольц жануарларында (иттерінде) ми қыртысымен бірге, өмірде жүре пайда болған шартты рефлекс жойылғандығын анықтады. Иттерде не сақталынды? Ми қыртысы жоқ иттерде өмірлік маңызды үрдістерді реттейтін орталықтар, атап айтқанда: тыныс алу, қан айналым, асқорыту және т.б. сақталынды.

Ми- бұл организмдегі барлық қызметтерді реттейтін орталық. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі қызметі – осы орталыққа кіретін ми бөлімдері (алдыңғы, ортаңғы, артқы және т.б.) арқылы біртұтас ағза тәртібін жүзеге асыру (1-жоба).

1-жоба. Ми құрылымдарының тыныс алуды қамтамасыз етуі

Ми қыртысы

(барлық өзгерістерді біріктіріп,

сыртқы орта өзгерістеріне бейімдейді)

  1. I. Сопақша ми.

    Мұнда өмірлік маңызды тыныс алу орталығы орналасқан. Ол

    дем алу мен

    дем шығаруды іске асырады.

    II. Торлы

    құрылым мен көпiр.

    Осы дем алу және дем шығару үрдістерінің кезектесуiн қамтама-сыз етедi.

    III. Гипоталамус.

    Ағзаның ішкi ортасының өзгергерістеріне ты-

    ныс алуды бейiм-

    дейді.

    IҮ. Лимбиялық жүйе

    Түрлi эмоциялық реакцияларда (мысалы: жылау, қуану, қайғыру және т.б.). тыныс алудың

    өзгеруін қамтамасыз

    етедi.

Сонымен, ОЖЖ негізгі қызметі- ол осыған кіретін мидың барлық бөлімдерінің атқаратын арнайы қызметі болса, одан жоғары орналасқан ми қыртысының қызметі барлық үрдістерді біріктіру және оларды болатын өзгерістерге бейімдеу.

Соседние файлы в папке физиология