Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Іі Физиологиялық қызметтің өзін-өзі реттелуі.

Француз ғалымы К. Бернар тірі организмнің бос тәртібінің жағдайы, ол ішкі ортаның тұрақтылығы болып табылады – деп жазды.

Гомеостаз – организмнің физиологиялық қызметтердің және ішкі ортаның салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы. Гомеостаздың тұрақтануының негізгі жолы – ол, Өздігінен реттелу.

Өздігінен реттелу – бұл басқарылудың бір түрі, яғни ішкі ортаның контанталары немесе қандай да бір физиологиялық қызметтің ауытқуында тіршілік әрекетін қалыпты түрде қамтамасыз ету.

Кез – кеген константаның сәл ғана ауытқуы алмасу процесінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл қатаң константалар. Оған мысалы: осмостық қысым, рН, қанда О2 ,СО2, глюкозаның болуы жатады. Ал басқа константалар – пластикалық, яғни қанның формалық элементтерінің қатынасы, қан айналу көлемі, эритроциттің тұну жылдамдығы жатады. өздігінен реттелу тікелей және қайтымды байланыстармен жүзеге асырылады.

Тікелей байланыс - константалардың ауытқуы жөніндегі ақпараттың негізінде басқарушы әрекеттің құрастырылуын қарастырады. Мысалы: тері терморецепторын суықпен тітіркендіру жылудың өндірілуін күшейтеді.

Қайтымды байланыс - басқару жағдайы туралы реттеуші сигнал шығушыдан жүйенің кірісіне беріледі. Бұл байланыс екі түрі бар:

  1. Оң - байланыс энергетикалық ресурстарды қолдана отырып, энергия ағысымен басқаруды мүмкін ететін басқарушы әрекетті күшейтеді. Мысалы: коагуляция гемостаздың бастапқы этапында тромбиннің түзілуін жылдамдатады.

  2. Теріс – қайтымды байланыс басқарушы әрекет басқару обьектісінің жұмысына қарсылық фактордың әсерін төмендетеді және өзгерген көрсеткіштің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Мысалы: бұлшық еттік қозу.

Тірі жүйе - Тірі жүйе деген не? , Оның реттелу деңгейлері;

Тірі жүйе - тірі организім бір жағынан көп элементті жүйе, екінші жағынан басқа жүйе түрде байланысады. Организімніңфизиологиялық қызметіреттеулі жүйесі үш деңгейден тұрады.

  1. Бірінші немесе төменгі деңгей – физиология константа-ды ұстап тұрады. Мысалы: қанның осмостық қысым; ткан кроватог ЦНС сигналдың қажеті жоқ, бұл механизімнің іске асуы үшін жергілікті реакциялар әсер етуі к/к, сондықтан олар жергілікті өзін-өзі реттеу деп аталады.

  2. Екінші деңгей- сыртқы орта өзгеріске бейімделу реакциясы. Мысалы: қара жұмысқа немесе соған дайындық – бүлшықет О2 деген күшін артады, сыртқы тыныстың жоғары қанға эритроциттердің келуімен және АД жоғары қамтамасыз етіледі.

  3. Үшінші немесе жоғарғы деңгей – сыртқы және ішкі ортаның жағдайын бағалау критер-ң болумен қамтамасыз етеді.

Тірі жүйенің ретт-ң үш деңгейі реттелу екі түріне бөлігеді.

А) Келіспеушілік бойынша реттеліс - сыртқы ортамен байланыстыбар тек ашық жүйеге тән. Бұл реттелу түрі-тірі жүйеге оның тіршілік ету жағдайын өзгертетін сыртқы фактор әсер еткенде ғана іске қосылады. Мысалы: бұлшықет клеткалары қатты жұмыс істеп, О2 жетіспеген сезе бастағанда тыныс алу жүйесі активті түрде жұмыс істеп, О2 аштығын жібермеуге тырысады.

Б) Сөну бойынша реттеліс өзі атап айтқандай екіге береді қайтымды ( -; +) б-с ( + ) қайтымды б-с қандай бір қызметінің активтігі- реттеу механизімінің одан сайын өте жоғары реттелуін шақырады. Мыс; тағамды ішу асқазан асқазан сөлін бөледі.Ол сол заттарды гидролиздеуге қажетті гидролиз продуктілері қанға сіңіріліп сілекей бөліндіріп, әрі қарай ас қортылуын жоғарылатады.

Соседние файлы в папке физиология