Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

1. Зат алмасу туралы ұғым.

Зат алмасу (метаболизм) тіршіліктің маңызды көзі. Зат алмасу – организмге түрлі қажетзаттарды қоршаған ортадан келіп түсуі, олардың ыдырауы, қорытылуы, сіңірілуі, ал сіңбеген заттардың сыртқа шығарылу процесі.

Зат алмасу нәтижесінде үздіксіз түрде клетқалық құрылымдар түзіледі, жаңарады, түрлі химиялық байланыстар түзіледі және бұзылады. Организмде анаболизм, катаболизм процестері динамикалық түрде тепе – теңді.

Анаболизм (ассимиляция) – органикалық заттардың, жасуша мен ұлпа компаненттерінің биосинтезі. Анаболизм биологиялық құрылымның өсуін, дамуын, жаңаруын, сонымен қатар макроэргтардың қайта түзілуін қамтамасыз етеді. Анаболизмнің организмде басым болуы – дене салмағының артуын, оның өсуін жүзеге асырады.

Катаболизм (диссимиляция) – жасуша компаненттерінің күрделі малекуласының қарапайым заттарға дейін ыдырау үрдісінің жиынтығы.Олар ыдырағанда заттардың қайта түзілуі ретінде қолданылады және ыдыраған соңғы өнімдер қалпына келтіріп және жаңа макроэргиялық байланыстар түзіледі.Катаболиттік

Процестің басым болуы – ұлпа құрылымдарының біртіндеп бұзылуына, дене салмағының азаюына әкеп соғады. Организмнің қуат жұмсалуының орнын толтыру, дене тұрақтылығын сақтау және дененің өсуі үшін сыртқы ортадан белок, май, көмірсу, витамин, минерал тұз бен Н2О келіп түсуі қажет. Олардың саны, қасиеті, мөлшері организмнің тіршілік ету жағдайына сәйкес болуы тиіс. Ол тағамдану арқылы жүреді. Сонымен қатар организмнің зат алмасу барысында пайда болады. өнімдерден, метаболиттерден тазартылуы қажет. Бұл сыртқа бөлу мүшелермен атқарылады. Физиологтар организмнен жұмсалған зат және қуат мөлшерін анықтайды және де осы жұмсалынған заттардың орны, толық тамақтану көмегімен толтырылатындығын айқындайды.

Анаболизм мен Катаболизмнің теңесуі немесе теңсіздігі келесі факторға тәуелді:

  • Жасқа – балаларда анаболизм, ересектерде екі процесс тепе-тең, қарттарда катаболизм басым болады.

  • Денсаулыққа – организмдегі түрлі жүйелерде пайда болады, аурулар катаболизм процесін дамытады.

  • Организмге физикалық немесе психалогиялық эмоциялық салмақтың түсуіде. Катаболизм процесін басым етеді.

Зат алмасу үш түрге бөлінеді:

  1. Жеке зат алмасу – 3 нег. Алмасулар жиынтығы олардың бұзылулары - әртүрлі мүшеге әсер етеді.

  2. Жалпы зат алмасу – организм мен сыртқы ортадағы алмасулар.Мысалы: тыныс алу және тағы басқа. Мұның бұзылуы – организмніңжалпы жағдайына әсер етеді.

  3. Негізгі алмасу – организмнің тыныштық жағдайындағы қуатты жұмсау деңгейі болып табылады.

2. Ақуыздың алмасуы.

Органикалық заттардың ішінде, белок негізгі орынды алады. Ол маңызды бірқатар биологиялық қызмет атқарады:

  1. Оганизмдегі зат алмасудың барлық жиынтығы (тыныс алу, асқорыту, сыртқа бөлу) белок болып табылады ферменттер әрекетімен қамтамасыз етеді.Қажетті зат түзілуі мен ыдырауында үлкен роль атқарады.

  2. Организмның барлық қозғалыс қызметін жирылғыш белоктар – актин және миозиннің өзара әрекетімен қамтамасыз етеді. (Дененің қимылы мен қозғалысын қамтамасыз етеді. )

  3. Қанның тасымалдау қызметіне қатысады. Қан жүйесінің эритроцит құрамын Нb белогы арқылы іске асырады.

  4. Қан тобының анықталуыда іске асырады. Оны анықтайтын Аt де белоктан тұрады.

  5. Қанды тоқтатуға қатысады. Қан ұю жүйесіндегі фибриноген де белоктан тұрады.

Ұлпада белоктың ыдырауы тұрақты түрде жүреді. Белоктық алмасуыда қолданбаған өнімдер организмнен шығарылуымен қатар, белоктың түзілуі жүреді. Сондықтанда белоктың түзілужылдамдық әртүрлі ұлпаларда біркелкі емес.

  • Жоғарғы жылдамдықпен бауыр, ішектің кілегейлі қабықшасының, қан плазмасының белоктары және таға басқа ішкі мүшенің белоктары жаңартылады. Төменгі жылдамдықпен ми клеткасы құрамындағы, cor, тер бездеріндегі белоктар жаңартып. Өте баяу бұлшық ет, тері және әсіресе тіректік ұлпалар (сіңір, сүйек және шеміршектер) белоктары жаңартып отырады. Тғаммен келіп түскен белок пластикалық және энергетикалық мақсатпен қолданады:

  • Белоктың пластикалық мәні – клетканың құрылымдық компаненттерінің жаңадан түзілуі мен орнының толуы.

  • Белоктық энергетикалық мәні – белок ыдырауында түзілген қуаттың организмді қамтамасыз етуі.

Белок алмасуы N түрде жүруі үшін организмге тағаммен бірге әртүрлі амин-қышқылдары түсуі қажет. Организмге келіп түскен аминқышқылдардың мөлшерін өзгерту, немесе тағамнан аминқышқылдардың кейбірін алып тастау, азоттық баланс, дененің өсуі, дене т. бойынша, организм үшін жеке аминқышқылдардың маңызын түсіндіруге болады.

  • Белок құрамына кіретін 20 аминқышқылдың 12-сі организмде түзілетіндіктеналмасатын, ал небары 8-і (лейцин, изолейцин, валин, метионин және таға басқа) организмде түзілмейтіндіктен алмаспайтын аминқышқылдары деп атайды.Алмаспайтын аминқышқылсыз белоктың түзілуі бұзылады да, азоттың (-) балансы туады. Ол организмнің өсуін доғарады, белок құрамында барлық аминқышқылдары бар, дене салмағын кемітеді.

  • Белоктың N түрде түзілуін қамтамасыз ететін, белок – биологиялқ қаныққан деп атайды. Ал, белок құрамында кейбір аминқышқылдардың тіптен болмауы немесе олардың аминқышқылдарының, аз мөлшерде болуы – қанықпаған белок деп аталады.

Белоктың биологиялық құндылығы жоғары тағам: ет, жұмыртқа, балық, икра, сүт. Осыған байланысты тағам құрамында белок саны жеткілікті болуымен қатар, белоктың биологиялық құндылығы 30%-тен жоғары болуы тиіс, яғни тағам жануар тектестағам өнімдері.

Белогы төмен, өсімдік тектес тағам өнімдерін әрдайым қолдануда, адамда белоктық жетіспеушілік туады.

  • Мұнда туатын ауру "квамеиоркор" деп аталады. Бұл ауруларға 1-5 жасқа дейінгі балалар ұшырайды.

Белок алмасуының реттелісі:

Белоктық алмасу орталығы - гипоталамустың сұр затында орналасқан.

ВЖЖ: n.vagus – ассимиляцияны жоғарлатады

n.simpaticus – диссимиляцияны жоғарлатады.

Гуморальдық реттелу жолы.

Гуморальдық реттелу жолы – гипоталамус, гипофиз, қалқанша безі б/үсті бездері гормондарының әсері.

  1. СТГ – организмнің өсуінде барлық мүше мен тканьдер салмағын жоғарлауын қамтамасыз етеді. Ассимиляцияны жоғарлатады.

  2. ТТГ – белок түзілуін жоғарлата отырып, ткань мен мүшенің дамуын өсуін қамтамасыз етеді.

  3. Глюкокортик – белоктың ыдырап көмірсуға айналуын қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в папке физиология