Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Тәртіптің биологиялық негізі. Тәртіптің туа біткен түрлері /шартсыз рефлекстер және инстинктер/, организмнің бейімделу әрекетіндегі олардың маңызы

Эволюция барысында, тәртіп, өмір сүрудің және түрдің биологиялық прогрестегі маңызды факторының бірі. Жеке түрдің өмір сүруін қабілеттендіретін дара тәртіп бекітіліп, тұқым қуалайды. Тәртіп- биологиялық түрге тән, генетикалық түрде бекітілген және орта жағдайының өзгерісіне нақты бейімделетін тұрақты жүйе. Шартты рефлекспен (ШР) қамтылған күрделі шартсыз рефлекстердің бір түрі- бұл инстинкт. Латын тілінен аударғанда инстинкт- ішкі ұмтылу дегенді білдіреді.

Неміс зоологы Циглер инстинкттік әсердің бірқатар критерияларын ұсынды: біріншіден, ол, нақты әрекетке ұмтылу; екіншіден, әрекет қосымша оқытуды талап етеді; үшіншіден, барлық жеке түрлерде әрекет бірдей орындалады; төртіншіден нақты түрдің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері экологиялық жағдайларға сәйкес келеді.

Кез-келген инстинкттің пайда болуы үшін бірнеше факторлар қажет. Ішкі факторға организмдегі эндокриндік ауытқуды жатқызуға болады. Мысалы, тәжірибелік егеуқұйрықтарға жыныстық гормондарды еккенде, оларда жүктіліксіз ұяны сала бастау инстинкті туады. Бірақ, эволюция үрдісінде жоғарғы сатылы жануарларда жыныстық тәртіптің реттелуінде гормондық компонент ролі төмендесе, жүйке-рефлекторлық фактордың ролі жоғарылайды. Табиғи жағдайда инстинкттің іске асырылуы үшін ішкі факторлардан басқа, сыртқы әсерлер қажет. Егер сыртқы әсерлер болмаса, онда бастапқыда іздену басталады. Осы ізденіс табысты қолданылған жағдайда ғана, нағыз инстинкт жүзеге асырылады.

Сонымен, инстинкт келесі кезеңдерде дамиды: біріншісі, қосымша, ізденуші. Ол барынша серпімді, өзгергіш және анық бір жағдайда жеке тәжірибені талап етеді. Екіншісі, аяқтайтын, өте тұрақты және генотипте мықты бекітілген. Ішкі және сыртқы фактордың әсерінсіз, жоғарғы сатылы жануарларда, әсересе, адамдарда инстинкт іске асырылмайтындығын ескеру қажет. Бұл қыртыс асты құрылымдар нейроны тізбегінің, ми қыртысының тежеуші әсерінде болатындығымен түсіндіріледі.

Инстинктшартсыз рефлекс түрi, рефлекторлы реакцияның тiзбектi түрде жүруi, яғни бір рефлекторлық реакцияның аяқталуы келесi реакцияға тiтiркендiргiш болып табылады. Инстинкттің ерекшелігі:

  1. рефлекторлық реакцияның тізбекті түрде жүруі;

  2. гормондық (жыныстық және ата-аналық инстинкт жыныс бездері қызметінің циклдық өзгерістерімен байланысты) және метаболиттік (мысалы: организмнің ашығуында, ондағы зат алмасудың өзгеруіне тәуелді) факторларға тәуелділігі;

  3. басымдылықтың көптеген қасиеттерімен сипатталады.

Адам мен жануарлар инстинктінің бірқатар жіктемесі бар. Оның бірі, П.В. Симоновпен (1986) ұсынылған толық жіктеме. Осы жіктеме бойынша инстинкт немесе шартсыз рефлекстің 3 тобын ажыратады:

  1. Витальді (өмірлік). Инстинкттің бұл түрі жеке тұлғаның өмірін сақтауға бағытталған. Витальді инстинкттерге: тағамдық, қорғаныштық, ұйқы-сергектіктің реттелісі және т.б. жатады.

  2. Зоо-әлеуметтік (жүргізуші). Осы инстинктке: жыныстық, ата-аналық, иерархиялық және т.б. жатады.

  3. Өзіндік даму рефлексі. Бұл рефлекске зерттеуші, ойындық, бостандық және т.б. кіреді.

Барлық қарастырылған инстинктер тек қана түрдің өзіндік қорғануы немесе сақтануын ғана емес, сонымен қатар, адамның материалдық, эмоциялық және ақпараттық қажеттілігінің негізі болып табылады.

Біртұтас организмнің тәртібі сыртқы ортаның өзгерістеріне сай алуан түрлі өзгерістерге ұшырайды. Адамның тәртіптік реакциясы да тұқым қуалай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

1. Барлық шартсыз рефлекстер келесі топтарға бөлінеді:

А. қарапайым шартсыз рефлексі. Бұған сiлекей, асқазан сөлiнiң бөлiнуi; көзді жыпылақтату; тiзе рефлексi және т.б. жатқызуға болады және осы рефлекстер жұлынмен iске асырылады. Мысалы: сілекей бөлінуін рефлекторлық доғаның (РД) құрылымы бойынша толығымен қарастырайық (1-сызба-нұсқа).

1-сызба-нұсқа. РД құрылымдары бойынша сілекейдің бөліну нұсқасы

II. IV.

n. Lingvalis n.n. timpani et sympaticus

Ауыз қуысындағы және жұтқыншақтың рецепторлары ауызға астың түсуімен тітіркенеді (РД 1-бөлімі). Рецептордан серпініс афференттік жол (РД 2-бөлімі) арқылы сілекей бөліну орталығы сопақша миға (РД 3-бөлімі) жетеді. Осы орталықтың қызметі-келген ақпаратты түзу және оны талдау болып табылады. Талданылған ақпарат эфференттік жол (РД 4-бөлімі) арқылы орындаушы мүше (РД 5-бөлімі) немесе эффекторға, яғни сілекей бездеріне келіп түседі. Түскен ақпарат бойынша сілекей бездері өз әрекетін өзгертеді, яғни сөл бөледі.

Б. күрделi шартсыз рефлексі. Оған құсу актiсi кіреді – мұнда тек көлденең жолақты бұлшықет емес, сонымен қатар бiрнеше безден сөлдiң бөлiнуi жүредi. Күрделі шартсыз рефлексі ми бағанымен іске асырылады.

В. өте күрделi шартсыз рефлексіқыртыс, қыртыс асты құрылымдармен iске асырылады. Мысалы: нәрестенің алғаш қадам басуындағы түрлі қозғалыстар өте күрделі шартсыз рефлексін құрайды.

II. Шартсыз рефлекстің тағы екі түрін ажыратады:

А. Даралық (организмнің дербестiгiн қамтамасыз етедi). Даралық шартсыз рефлекстің екі түрі бар:

1. Өзiндiк сақталу рефлексi 2. Өзiндiк даму рефлексi

(су iшу; тағамдық; агрессив- (зерттеушiлiк; ойын-

тiк; қорғаныштық) дық; имитациялық)

Б. Түрлiк (организмнің түрiн сақтайды). Бұған: жыныстық; ата-аналық; территориялық; иерархиялық шартсыз рефлекстер кіреді.

Соседние файлы в папке физиология