Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
369
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Шартты рефлекс қалыптасуының жасқа орай ерекшеліктері

Нәрестелер дүниеге бірқатар шартсыз рефлекстермен келеді. Осы рефлекстер шартты байланыстарға ұласады. Нәрестенің алғашқы күнінен бастап ШР- қалыптасуы әр түрлі тәсілдер көмегімен зерттелді.

Әдеби-деректер бойынша нәрестелердегі алғашқы ШР- пайда болу мерзімдері әр түрлі екендігі көрсетілген. Кейбір мағлұматтар бойынша, нәресте туылғаннан бес күн өткенде емізу уақытына ШР қалыптасады, яғни ол сүтті ему уақытынан бірер минут бұрын оянып, нәрестеде жалпы, жергілікті және ему қозғалыстары пайда болады.

Басқа деректерге сүйенсек,егер де балада (туылғанннан бірнеше күн өткенде) тағамдық және қорғаныс-қимыл ШР-тудыру және УБ-тұрақтандырылуы үшін, нақты қозғалыс пен тіртіркендіргішті бірнеше рет бекіту қажет. Баланың 1-ші айлығының аяғы және 2-ші айлығының басында осы рефлексті құрастыру кезінде екі тітіркендіргіштерді ұштастыру саны төмендейді.

Лабораториялық зерттеулер нәтижесі нәрестенің 6-күнінен бастап, тағамданғаннан соң лейкоцит саны жоғарылайтындығын көрсетеді. Нәрестенің ему уақытынан 15 мин. бұрын екі күн бойы лейкоцитоз бақыланады. Егер баланы төрт сағаттық үзіліспен емізсе, онда балада екі күн бойы лейкоцитоз бақыланған. Содан соң, бала емізудің жаңа мерзіміне үйренген.

Келесі ғылыми еңбектер нәтижесі УБ-сипатына, сыртқы тітіркендіргіштің түріне тәуелді ШР-түрлі түзілістері бар екендігін көрсетеді. 62 күндік балада жарыққа қарашықтың тарылуы сияқты ішкі ШР-әрбір 20 сек. сайын қолданғанда дыбысқа емес, уақытқа қалыптасқандығы айқындалған. Жыпылықтату түріндегі соматикалық рефлекс керісінше, уақытқа емес, дыбысқа қалыптасқан.

Балада ең алдымен, есту және тепе-теңдік жасанды ШР, содан соң дәм сезу, кейінірек көру, проприорецептивтік және терілік ШР-түзіледі. Бағдарлау рефлексі нәрестенің 2-күнінде қалыптасады. Осы кезде көру, есту мен терілік тітіркендіргіштер әсер етілсе, онда бала емуді бірден тоқтады. Бала қаншалықты кішкентай болса, күрделі тітіркендіргіштерге соншалықты жылдам ШР қалыптасады.

Жетілмеген нәрестелерде ШР жетілген нәрестелер сияқты қалыптасады. Осыған орай, ұрықта ШР құрастыру тәжірибелері жасалынған. Тәжірибеде шартсыз тітіркендіргіш-шайқалу жүкті әйелдің ішіне бекітілгенде, осының әсерінен ұрықтың қозғалысы пайда болған. Шартты тітіркендіргіш камертон дыбысы болып табылады. Шайқалу мен дыбыс әсерлерін 15-20 рет ұштастырудан кейін ұрықта шартты қозғалыз рефлексі пайда болған.

2-4 апталық нәресте көзін үрлегенде қолдың бүгілуі сияқты ерікті қозғалыстар туады. Бірақ осы қозғалыстар тұрақсыз болып табылады. Егер де шартсыз және шартты тітіркендіргіштердің ұштастыру санын жоғарылатса, онда 4 айлық балада дәл осы ШР шапшаң және мықты бекиді. Дыбысқа еліктеу реакциясымен бірге, бір жасар балада УБ-сөз (а-на, ә-ке және т.б.) түрінде бекиді. Сонымен, бір жастағы балаларда қалыптасқан ШР-саны арта бастайды, яғни алғашында тек қана вегетативтік (ішкі), содан соң қозғалыс, соңында сөз қимылымен байланысты ШР дамиды.

Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің типтері /и.П.Павлов/, олардың жіктелуі, сипаттамасы, зертеу әдістемелері

Ежелден бері адамдар бір-бірінің тәртібінде жеке ерекшеліктерді байқады. Ежелгі кезеңнен бастап, қазірге дейін Гиппократ бойынша темпераменттің 4 түрі сақталынды.

Темперамент– жігерлі, қызба мінез-құлықтың өткірлігі және организмнің жалпы қызметінің жылдам құбылатындығы.

Гиппократ бойынша:

  • қызу қандылар (sangvis) - тірі қандылар

  • кілегейлі (phlegma) - кілігейлі

  • күйгілікті (cole) -өт

  • бұзылған қара өт (melancole)- қара өт

И.П. Павлов жүйкелік үрдістің 3 қасиетін сипаттады; яғни қозу мен тежелудің күші; тепе-теңдігі; қозғалғыштығы.

1. Жүйкелік үрдістің күшіқыртыстағы жүйкелік жасушалардың күшті және кездейсоқ күшті тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде жауап беруі (холерик; сангвиник және флегматикке тән).

2. Жүйкелік үрдістің тепе-теңдігі – бұл қозу мен тежелу күшінің тепе-тең болуы (сангвиник және флегматикке тән).

3. Жүйкелік үрдістің қозғалғыштығы – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың тітіркендіргіш әсерінен қозудың тежелуге және керісінше жағдайға өту қасиеті (холерик және сангвиникке тән).

Гиппократ бойынша ЖЖІӘ - 4 типін ажыратады (2-жоба):

2-жоба. Ағзаның шартты рефлекторлық әрекетінің графологиялық құрылымы

ЖЖІӘ типтері

Қозу

Тежелу

Сигналдық жүйелер

Көркемпаз

Күш

Әлсіз

Инертті

Тепе-теңсіз

І

Аралық

Тепе-теңдік

ІІ

Ойшыл

Қозғалғыштық

Тірі

Салмақты

Ұстамсыз

Әлсіз

Сангвиник

Флегматик

Холерик

меланхолик

Г и п п о к р а т б о й ы н ш а ( т е м п е р а м е н т т ү р л е р і )

  1. Күшті, қозғалғыш, тепе-тең қасиеті басым ЖЖІӘ сангвиник типі болып табылады. Осы түрге жататын жануарлар қозғалғыш, белсенді болып табылады; қозудан тежелу және керісінше жағдайға тез өте алады (5-6 тәжірибеден кейін); бұл жануарларда кешігуші ШР тез құрастырылады және ол, ДС өте алады.

Сангвиниктік (тірі) адамдарға тән сипат: қайғыру және сәтсіздіктерде түңілмей, оларды жеңілй көтереді, көңіл-күйлері тез ауысады, күрделі істерге жеңіл қарайды, оларда тереңінен ойлау жетіспейді.

  1. Күшті, қозғалғыш, тепе-теңсіз – қасиеті басым, темпераменттің холериктік (ұстамсыз) типі болып табылады.

Жануарлары өте күшті қозғыш, тежелуге қарағанда қозу басым болғандықтан, жүйкелік үрдістің тепе-теңсіздігі анықталады, оларда ШР тез құрастырылады, тежелуші (айырмашылық, тежегіш) ШР баяу және толық емес түрде түзіледі, көбіне тежеледі.

Холериктік адамдар: өмірдегі түрлі жағдайларға күшті қиналады, еті тірі, мимикасы мен сермеушіліктері әртүрлі болады, көңіл-күйі тез ауысады, өз дегеніне тез жете алады.

  1. Күшті, тепе-теңді, инертті флегматик (салмақты) болып табылады. Инертті – қозудан тежелуге және керісінше жағдайда ұзақ түрде өту қасиеті.

Жануарлары: жүйкелік жасушалары жұмысқа өте жақсы қабілетті;

  • қозу мен тежелу үрдістері теңескен, тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде, оңай жауап береді.

Флегматиктік адамдар: салмақты, баяу қозғалатын, эмоцияға кедей болып келеді.

  1. Жүйкелік үрдістің әлсіз түрі – меланхолик. Тежелудің әлсіздігінен жүйкелік үрдістердің тепе-теңдігі мен қозғыштығы туралы ешнәрсе айтуға болмайды.

Адамдары: тез шаршағыш, жылдам шешім қабылдауы қиын, көңіл-күйі баяу ауытқитындықтан, тез ренжитін, жылап қоятын, әрдайым қолдауды талап етеді.

И.П. Павлов бойынша, жүйкелік үрдістің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы балаларда біртіндеп дамиды. Бұл туралы оң және тежеуші ШР – түзілуі және сөнуі бойынша талқылауға болады.

Адам организмінің арнамалылығын есепке ала отырып, И.П.Павлов мектебіндегі жануарларға жасалынған тәжірбиелерден алынған нәтижелерді қолдану жүйкелік үрдістің қасиеттері туралы келтірілген мәліметтерді көрсетеді. Екі сигналдық жүйенің өзара әрекеттілігі, тепе-теңдігі бойынша, адамның ЖЖІӘ типтерін анықтауға болады. ЖЖІӘ туралы клиникалық бақылаулар және қағидалық көзқарастар И.П.Павловтың адам мен жануарларға тән 4 типінен басқа, тек адамдарға тән келесі үш типінің бар екендігі туралы тұжырымға әкелді.

  1. Көркемпаз, салыстырмалы түрде 1- сигналдық жүйе жұмысының күшеюімен сипатталады. Осы типтес адамдар ойлаудың арқасында сыртқы ортаның сезім бейнесін кеңінен қолданады. 10% жуық адамдар көркемпаз болып табылады.

  2. Ойшыл, 2-сигналдық жүйе қызметінің басым болуымен сипатталады. Мұндай адамдарда, әрекеттіліктен алаңдау айқын білінеді. Ол әрекеттілікті бөлімдерге бөлу, талдауға содан соң, оларды біріктіруге бағытталған. 10-15% жуық адамдар ойшыл типке жатады.

  3. Аралас типті адамдарға екі сигналдық жүйенің тепе-теңдігі тән. Адамдардың көбі осы типті құрайды.

Егерде 3 айлық балада дыбыс әсеріне кешігіп көзді жыпылықтату ШР құрастыпуға шартты және шартсыз тітіркендіргіштің 350 рет бекітулері талап етіледі және ол 2 айдан соң анықталады.

ЖЖІӘ- типтерін зерттеу әдістемелері. ЖЖІӘ- типтерін әр түрлі ШР қалыптастыру және бірқатар тестілерді қолдану арқылы анықтауға болады. Атап айтқанда, ШР түрлерін құрастыру кезінде жануардың тітіркендіргіштер әсеріне жауап беруінде жүйкелік үрдістің 3 қасиетін, ми қыртысындағы қозу мен тежелу үрдістерінің басымдылығын ескере отырып, ЖЖІӘ- тптерін анықтауға болады. Сонымен қатар, ЖЖІӘ- типтерін «Айзенко сұрауы», «Өзін-өзі бағалау», «Бозторғай немесе жапалақ» және т.б. тестілерді қолдана отырып, табуға болады.

Соседние файлы в папке физиология