Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

4.2. Хатшымен сұхбат.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе? Иә сұраңыз.

  • Мен жұмыс туралы өтініш жазып қалдырып едім. Қорытындысын білуге бола ма?

  • Қазір қарайын. Міне, сіздің өтінішіңіз қаралыпты. Бастық қол қойыпты. Сіз жұмысқа қабылданыпсыз. Құттықтаймын!

  • Өте қуаныштымын. Ықыласыңызға үлкен рақмет! Қызметке қашан кірісейін?

  • Ертеңнен бастап кірісіңіз.

  • Ертеңге дейін сау болыңыз.

3-тапсырма. Төменде берілген кесте мен хабарландыру үлгілерін пайдаланып, бос қызмет орны туралы хабарландыру жазыңыз.

Үміткерге қойылатын талаптар

Бос қызмет орны туралы хабарландыру

Қажетті құаттар

мекенжайы

Жұмыс кестесі

Жасы

Ұйымның атауы

Лауазым атауы

Атқаратын жұмысы

Жалақы көлемі

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Өзенмұнайгаз» ААҚ жоғары немесе орта техникалық білімі, мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі бар, қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін, компьютерде пайдаланушы ретінде жұмыс істей алатын, адамдармен қарым-қатыныс орнатуға бейімі бар, 25-45 жас аралығындағы өндіріс жөніндегі менеджерді жұмысқа шақырады.

Ірі халықаралық компания болып табылатын «Данфосс ЖШС-ға конкурстық негізде бас директор қажет. Офис Алматы қаласында орналасқан.

Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары техникалық немесе экономикалық білімінің болу

  • әлеуметтік-тұрмыстық салаға қажетті жабдықтар шығару жөніндегі ұйымдардағы басшы қызметтерде кемінде 5 жыл істеген жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс;

  • жетекші болу қасиеті, жоғары парасаттылығы және ұйымдастырушылық қабілеті болуы тиіс;

  • компьютерді кәсіби деңгейде меңгерген болуы керек.

  • Қазақ және ағылшын тілін жетік меңгерген болуы керек.

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде егжей-тегжейлі жазылған түйіндемені мына факске жолдау керек 8 (7272) 395969 немесе мына электрондық поштаға жолдауға болады: info danfoss.kz

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз және мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар:

1. Қызметтік құжаттар бейтарап(нейтральный) қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.

2. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізе қоймайды. 3. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек. 4. Ісқағаздарын жазарда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды. 5. Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдаланалылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертіледі) немесе бұйрық райда тұруы керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.).

5-тапсырма. Орыс тіліндегі өтініш үлгісін қазақ тіліне аударыңыз. Қазақ тілінде басқа мәселеге арналған өтініш жазыңыз.

Начальнику отдела эксплуатации

Управления жилищно коммунальным

хозяиством Акимата Ауэзовского

района г.Алматы

Заявление

Мы жильцы нового жилого дома мкр. Калкаман дом №26, заявляем , что с момента заселения ( с февраля 2011года по январь 2012 года) нам до сих пор не подключен газ. Наши многочисленные жалобы( с 25 марта 2011 года, 28 мая 2011 года, 18 августа 2011 года, 23 декабря 2011 года) только регистрируются, но не рассматриваются. Ответ на них не дается. Пожалуйста, рассмотрите наше заявление и дайте удовле- творительный ответ.

Жильцы дома № 26, мкр. Калкаман.

г.Алматы.

15 января 2012 года

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз.

1. Түйіндеме жазуда ... мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен ... , мамандығыңызды, ... ұтымды көрсете білу. (Керекті сөздер: икемділігіңізді, сіздің, жұмыс тәжірибеңізді)

2. Шағым хатқа ... беруші адам, кейде хат мазмұнына ... мекеменің жауапты ... қол қояды. (Керекті сөздер: қызметкері, шағым, байланысты)

3. Ресми-іскерлік қарым-қатынас деп кәсібі, ... байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында, ... мекемелерде жүзеге асатын ... түрін айтамыз. (Керекті сөздер: қарым-қатынастың, мамандығымен, мәдени-көпшілік)

4. Мінездеме ... басқа бір вакансияға я болмаса ... ұсыну... да жазылады. (Керекті сөздер: оқу орнына, мақсатында, қызметкерді

7-тапсырма. Іс қағаздарының үлгілерін дұрыс сәйкестендіріңіз.

Өтініш

Түсініктеме

Бұйрық

Анықтама

Сенімхат

Жеделхат

Мінездеме

Түйіндеме

Өмірбаян

Баяндау хат

Келісімшарт

Приказ

Докладная записка

Справка

Резюме

Автобиография

Контракт

Заявление

Телеграмма

Объяснительная

Характеристика

Доверенность

8-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағыналық айырмашылығын табыңыз.

сыйлық алу - айлық алу жолақы - еңбекақы

жұмыссыз - зейнеткер

қысқартуға түсу - жұмыстан шығу

салық төлеу - айып төлеу

9-тапсырма. Мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

место жительство –

допольнительная сведения –

обязан к воинской службе –

удостоверять, подверждать –

устроиться на работу –

принимать на работу –

принести справку с места работы –

руководствоваться –

служебные письмо –

переходом на другую работу –

уходом на пенсию –

временно возглавить –

издавать приказ –

ознакомиться с приказом -

10-тапсырма. Сөздіктерді жаттап алыңыз.

тұрмысқа шығу – выходить замуж

үйленген - женат

жұмыс істеген жылдары – трудовой стаж

әскери атағы – воинское звание

лауазым, қызмет - должность

марапаттау, мадақтау – наградить

сеніп тапсыру – доверять

қызметкер – служащий

беделді - авторитетный

еңбекқор – трудолюбивый

бойдақ - холостой

еңбек кітапшасы(жеке іспарағы) – трудовая книжка(личный листок)

әлеуметтік жеке код(ӘЖК) – социальный индивидуаьный код(СИК)

салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН) – регистрационный номер налогоплательщика

зейнетақы шарты – пенсионный договор

11-тапсырма. Төменде берілген анықтама үлгілерінің қайсысы тілдік норма ретінде, яғни қалыптасқан норма ретінде қабыланады? Ал қайсы анықтама үлгісі ісқағаздар тілінің өзіне тән бояуы мен құрылымын бұзып тұр? Осындай үлгілерде басқа бір құжат түрін жазыңыз.

1. а) Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді. Болат шын мәнінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқытушы болып істейді. Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясы үшін берілді. Анықтама 4 ай күшінде.

ә) Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді. Назым шын мәнінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінің 3-курсында оқиды. Анықтама 3 ай күшінде.

2. а) Осы анықтама Бейсебеков Болаттың Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің оқытушысы екендігін растайды.

Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясына көрсету үшін берілді.

Анықтама берілген күннен бастап 4 айға дейін жарамды.

ә) Осы анықтама Ахатова Назымның Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінің 3-курсында оқитынын растайды.

Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.

12-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастырыңыз.

Жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас, саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер.

13-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз.

тұрмысқа шығу – выходить замуж үйленген – женат жұмыс істеген жылдары – трудовой стаж әскери атағы – воинское звание лауазым, қызмет - должность марапаттау, мадақтау – наградить сеніп тапсыру – доверять қызметкер – служащий беделді - авторитетный еңбекқор – трудолюбивый бойдақ - холостой еңбек кітапшасы(жеке іспарағы) – трудовая книжка(личный листок) әлеуметтік жеке код(ӘЖК) – социальный индивидуаьный код(СИК) салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН) – регистрационный номер налогоплательщика зейнетақы шарты – пенсионный договор

14-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]