Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

14. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз. Орыс тіліндегі мағыналас фразеологизмдерді атаңыз.

ІРГЕ ТАСЫН ҚАЛАДЫ Ең бірінші болып істеді, қолға алды. Негізін салды.

ОЙҒА ҚОНЫМДЫ Көңілге, ақылға сыйымды,түсінікті. Жүзеге асыруға болатын іс-әрекет.

БІР ҚАЛЫПТЫ Тұрақты, өзгеріссіз, бұрынғы сияқты.

БІР АУЫЗДЫ Ынтымақшыл, ұйымшыл.

БІР АУЫЗДАН Түгел, тегіс, бәрі бірдей.

БАСЫМЕН ЖАУАП БЕРДІ Істеген ісі үшін шара қолданылды. Жазасын өз мойнымен көтерді.

БАСЫН АШТЫ Күрделі бір мәселенің, талас істің шешімін тапты// хабарлады.

АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫРДЫ Бастаған істі бітірмеді. Текке, босқа қалдырды.

КЕПІЛ БОЛДЫ Жауапкершілігін алды.

Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіз қай банктің салымшысысыз?

2. Сізге қай банктің қызметі ұнайды?

3. Қандай банктерді білесіз?

4. Банктер халыққа қандай қызмет көрсетеді?

5. Ұлттық банкке жеке тұлғалар клиент бола ала ма ?

6. Сіздің банк акционерлік қоғам ба ?

7. Салым салу үшін банк қандай құжаттар талап етеді ?

8. Сіздің банк бір жылға қанша пайыз кепілдеме береді ?

9. Ақшаны қандай пайыз төлейтін ағымдарға салған дұрыс ?

Глоссарий

Банк – несие, салым, төлем операциясын жүзеге асыратын қаржы кәсіпорны.

Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы.

Несие –

Қаржы – ақша қатынасының бір бөлігі. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің экономикалық инструменті, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасау құралы.

Банкнота –мемлекет кепілдемесі бойынша орталық банкпен айналымға шығатын, шексіз мерзімге берілетін айналыс құралы.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі.

Валюта – ақша бірлігі және түрлері (алтын, күміс, қағаз).

Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, оның құны өздері дайындалған металдың құнын сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, алтын, күміс) әр түрлі формада болады.

Монета – бұл монетаның заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Соөж тапсырмасы

1-тапсырма. Сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Банк, шетел валютасы, қаражат, есепшот, пайда, қарыз, қор, ипотека, капитал, теңге, депозит, есепшот, сату, сатып алу, кепіл, қызмет көрсету, несие, бөлімше, тұтынушы, ақпараттық жүйе.

2-тапсырма. Банк және банк ісі туралы әңгімелеңіз. Әңгіме құрастыру кезінде өтілген материалдарды пайдаланыңыз.

СӨЖ тапсырмасы

Өзіңіздің қалауыңыз бойынша банктің бір түрі бойынша реферат жазыңыз.

Тест сұрақтары

1. Синонимдік қатардағы сөздер:

А. ата-ана, бала

В. ата-ана, әке-шеше

С. ата-ана, бала-шаға

Д. ата-ана, әже

Е. ата-ана, әке

2. Дұрыс аударылған тіркес:

А. жоғарғы білім – высшее образование

В. орта білім - высшее образование

С. жоғары білім - высшее образование

Д. аяқталмаған жоғары - высшее образование

Е. Екінші жоғары білім - высшее образование

3. Түйіндеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

А. білімім мен істеген жұмыстарым

В. оқуым мен жұмысым туралы мәлімет

С. оқуым мен қызметім туралы мәлімет

Д. білімім мен өмірбаяным туралы мәлімет

Е. білімім мен қызметім туралы мәлімет

4. Дұрыс аударылған тіркес:

А. бас сектор – начальник сектора

В. аға сектор - начальник сектора

С. жетекші сектор - начальник сектора

Д. сектор бастығы - начальник сектора

Е. сектор жетекшісі - начальник сектора

5. Интернетте ... істей аламын.

А. қызмет

В. жұмыс

С. іс

Д. шаруа

Е. ойын

6. Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

А. жұмыстағылар жақсы көреді

В. оны бәрі сыйлайды

С. әріптестері арасында сыйлы

Д. ылғи сыйлап жүреді

Е. ол да бәрін сыйлайды

7. Дұрыс аударылған тіркес:

А. тәжірибелі маман – опытный специалист

В. бағалы маман - опытный специалист

С. жоғары білімді - опытный специалист

Д. қадірлі маман - опытный специалист

Е.білімді аман - опытный специалист

8. Дұрыс аударылған тіркес:

А. әріптестерімен бірге – среди коллег

В. әріптестері үшін - среди коллег

С. әріптестерінде - среди коллег

Д. әріптестері арасында - среди коллег

Е. әріптестеріне - среди коллег

9. Сөйлем ішінде бас әріппен жазылатын сөздер:

А. сын есім

В. сан есім

С. жалқы есім

Д. жалпы есім

Е. зат есім

10. Көзіне айтты тіркесінің мағынасы:

А. бәріне айтты

В. өзі жоқта айтты

С. тура өзіне айтты

Д. сыртынан айтты

Е. дұрыс жауап жоқ

11. Синонимдік қатардағы сөздер:

А. қарама-қарсы

В. бірдей, тең

С. бір-бірден

Д.айтылуы бірдей

Е. дұрыс жауап жоқ

12. Банктер қандай қызмет жасайды?

A. Дүкен ашуды жоспарлайды

B. өзінің өкімін ұсынады

C. делдалдық қызмет көрсетеді

Д. әр түрлі техника шығарумен айналысады

E. ұйымдар мен жеке адамдардан салымдар қабылдайды.

13.«Банк» сөзі қай тілден шыққан?

А. Неміс

В. Ағылшын

С. Италия

Д. Орыс

Е. Түрік

14. Алғашқы банк қай қалада пайда болды?

А. Париж.

В. Лондон.

С. Мәскеу.

Д. Генуя.

Е. Пекин.

15. Алғашқы банк қай жылы пайда болды?

А. 1554 ж.

В. 1407 ж.

С. 1900 ж.

Д. 1845 ж.

Е. 1667 ж.

16. «Қазақстан Республикасының банктер туралы Заңы» қашан қабылданды?

А.1995 ж.

В. 2000 ж.

С. 1991 ж.

Д. 1993 ж.

Е. 1990 ж.

17. Қай банктің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті сайлайды?

А. АТФ банк.

В. Халық банк.

С. Нұр банк.

Д. Ұлттық банк.

Е. Темір банк.

18. «Ұлттық банк» төрағасы неше жылға сайланады?

А. 10 жыл.

В. 5 жыл.

С. 6 жыл.

Д. 4 жыл.

Е. 8 жыл.

19. Заңды төлем құралын, банкноталарды шығаруға құқы бар қай банк?

А. Ұлттық банк.

В. Каспий банк.

С. Лариба банк.

Д. Альфа банк.

Е. Халық банкі.

20.Сөйлемнің қазақша баламасын табыңыз.

Банк проводит кредитно-денежную политику.

А. Банк ақша-кредит саясатын жүргізбек.

В. Банк ақша-кредит саясатын жүргізіпті.

С. Банк ақша-кредит саясатын жүргізгісі келеді.

Д. Банк ақша-кредит саясатын жүргізеді.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. Алматы, 2011.

  2. Бақытжан хасанұлы. Ісжүргізу әлемі – мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы. Оқу құралы. Алматы, 2011.

  3. ЖекееваК.О., Әбдірахманова Қ. Ж., Қанафина Ф.Қ. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2010.

  4. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. Кәсіби қазақ тілі. Оқулық. Алматы, 2003.

  5. Р.Қалығұлова, Н. Құмар.Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. А: 2000.

  6. Қ.Бектаев. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. А: 2001.

  7. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында.А. «Экономика» 2005. 6,7б.

  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нышандары. А.1993.3-7б.

  9. Н.Қ.Мамыров.А.О.Мұса. Ж.Ш.Әбіш. Орысша-қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі. А. «Экономика» 1999.

  10. Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030”бағдарлама-сы, Алматы, 1997.

  11. А.О.Мусинов. “Словарь экономическихтерми-нов”, Алматы, КазГЭУ, 1992.

  12. К.Б.Базарбаев. “Русско-казахский словарь эко-номических и социальных терминов”, Алматы, “Анатiлi”, 1991.

  13. Қ.Бектаев. «Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік», Алматы, «Алтын қазына», 2001.

  14. С.Р.Токсанбай. “Русско-казахский словарь экономической, финансово-кредитной, банковской, налого-таможенной, страховой, биржевой и предпринимательской терминологии”, Алматы, “Сөздiк-Словарь”, 1999.

  15. М.Р.Насырова. “Рыночная экономика”, русско-казахский толковый словарь-справочник, Алматы, “Бiлiм”, 1995.

П.ғ.к., доцент м.а Молдасан Қ.Ш

14-сабақ. Іссапарда. Ойды дәлелдеу. Сөздің қисындылығы.

Тірек сөздер: заңсыз әрекет, кәсіби дағды, кіріс құжаты, құқық негіздері, лауазымдық жалақы, ресми мәлімдеу, іссапар куәлігі, қаражатты аудару, шебер сөйлеу.

Іссапар – еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы. Іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспайды. Егер қызметкер басқа жерге ұзақтау мерзімге жіберілген болса, онда бұл уақытша ауыстыру болып есептеледі. Жұмыс берушінің іссапар туралы өкімі қызметкер үшін міндетті болып саналады. Тек дәлелді себептерде ғана бас тартуға болады, әйтпесе ол тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы басшының бұйрығы шығарылады, соның негізінде қызметкерге бірыңғай үлгідегі іссапар куәлігі және ақшалай қаражат беріледі. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс орны (қызметі), орташа жалақысы сақталады. Тұрақты жұмысы жол үстінде орындалатын немесе жүргіншілік сипатта болып келетін қызметкерлердің қызмет бабындағы сапарлары іссапар деп танылмайды. Іссапарға жіберу бұйрығының жобасына міндетті түрде жетекшілік ететін орынбасары және қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастықтары, қызмет бастығы (іссапарға топпен шыққанда-тиісті қызмет басшылары) қол қояды. Шетелге іссапарға шығатын жағдайда, қосымша екінші арнайы бөлім бастығы қол қояды.

Қызметкерлердің іссапар мерзімін сапардың мақсатына, қабылдаушы тараптың талаптары мен шарттарына байланысты немесе онымен келісу бойынша әр нақты жағдайда мерзімі белгіленетін Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарлардан басқасын, жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша қызмет бастығы белгілейді, бірақ ол жолға кететін уақытты есептемегенде 30 күннен аспауы керек.

Іссапар кезіндегі есеп айырысу және төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Іссапарға шығатын қызметкерге іссапарға шығар алдында жол жүруге, тұрғын үй жалдауға және тәуліктік шығыстарын төлеуге арналған қаржы беріледі.

1-тапсырма. Көрсетілген үлгі бойынша іссапар куәлігінің орысша нұсқасын жазыңыз.

Іссапар куәлігі

№______іссапар куәлігі

_______________________________

_______________________________

_________________________ берілді.

______________________________

________________________________

______________________ жіберілді.

Іссапар мерзімі «_______» күн.

2012 ж. « » _____ дейін.

Негізі:______________________

____________________________

________________________________

___________________________________

жеке куәлігін көрсеткенде ғана расталады.

2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша іссапар құжатына байланысты сұраққа жауап беріңіз?

Іссапарға қаржы қалай төленеді? Аудан орталығындағы оқу бөлімінде қызмет істеймін. Жақында жұмыс берушінің тапсырмасымен облыс орталығына іссапарға барып келдім. Бірақ маған төлемақыны Салық кодексінің 101-бабының 2-тармағында жазылғандай, тұрғын үй-жайды жалдауға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде емес, тапсырған құжаттарым бойынша жатын орныма үш күнге төлеген 20 750 теңгенің орнына бар-жоғы 11 304 теңге ғана төледі. Барған жерімде ең арзан қонақүйдің қайда екенін өзім іздеуім керек пе еді? Неге мен өз қалтамнан төлеуім керек? Бұл қаншалықты заңды? Жалпы іссапарлар кезіндегі өтемақылар қалай, қандай ережеге сәйкес есептеледі?

3-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөздер мен сөз тіркесін теріп жазыңыз.

Қазақстан үкіметінің басшысы 24-25 қаңтар күндері іссапармен Маңғыстау облысында болды. Маңғыстау облысына Қазақстанның 5 облысы 100 млн. теңгеден қаржы бөлді.

Ақтау. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов 24-25 қаңтар күндері іссапармен Маңғыстау облысында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-министр ең алдымен Ақтау халықаралық әуежайының концессиялық келісім негізінде салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының және қайта төселіп жатқан ұшу-қону алаңындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Терминалдың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталып, мамыр айында жаңа әуежай кешені толыққанды қолданысқа берілуі тиіс. Іссапар аясында үкімет басшысы облыста іске асырылып жатқан бірқатар инвестициялық және әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Әсіресе, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылдың басына дейін барлық ауылдық елді мекендерді газ, ауыз су, электр қуаты, облыстық телехабар тарату желісі және телефон байланысымен 100 пайыз қамтамасыз етуді жоспарлағаны үкімет басшысының қолдауын тапты.

4-тапсырма. Берілген сөздердің орыс тіліндегі аудармасын жазыңыз.

Әдеп нормалары

Мәдениеті адам

Сөз әдебі

Бабалар мұрасы

Шығарма тілі

Қабілетті дамыту

Салмақты ой

5-тапсырма. Үлгі бойынша іссапарға жіберу туралы

  • шетелдік құқық қорғау органдары мен халықаралық ұйымдар өткізетін ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға;

  • дөңгелек үстел өткізуге;

  • семинар өткізуге;

  • тәжірибе алмасуға бұйрық шығарыңыз.

Үлгі:

1) Іссапарға барудың негізі; Іссапардың мақсаты көрсетілуі тиіс;

2) Іссапарға жіберілетін қызметкердің аты-жөні және лауазымы; 3) іссапардың межелі орны;

4) іссапардың мерзімі;

5) Қаржы бөліміне іссапар шығыстарының төленгені туралы тапсырма беру;

Іссапарға жіберу туралы

Бұйрық №1-18 2012 жыл. 22 cәуір.

Курстарға жіберу туралы «Білім және ғылым» министрлігінің бұйрығы негізінде

Бұйырамын:

  1. Қайта даярлау курсына сәйкес қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.М Бектұрғанова және А.Х. Ерімбетова жіберілсін.

  2. Іссапардың межелі орны: Астана қаласы.

  3. Іссапардың мерзімі 24-30 cәуір аралығында.

  4. Іссапар шығыстарының төленуі қаржы бөліміне міндеттелсін.

  5. Бұйрықтың орындалуын қадағалау оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі Е. Б. Болатұлына міндеттелсін.

Облыстық білім басқармасы бөлім бастығы :

Г. Ж. Рахым қолы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]