Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Ойынға қатысайық!

Келесі сөздерді түрлі тонмен айтыңыз, ал басқалары оны қандай мағынада айтқаныңызды табуы керек.

Тамаша!

Құттықтаймын

Келісе алмаймын

Кездесеміз

Орындаңыз

Кешіріңіз

Солай ма

Солай деңіз

Тәуекел

Болар іс болды

Өте жақсы

Түсінікті

Әлбетте

Әрине

5-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын өзгерткенде қандай ерекшелік байқалатынын түсіндіріңіз.

І.

А) - Шұбар, сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?! (М.Әуезов).

  • Сіз осы сөзді, Шұбар, осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!

  • Сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз, Шұбар. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!

Ә) - Құнанбаев, не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады? (М.Әуезов).

  • Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады, Құнанбаев?

  • Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы, Құнанбаев, біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады?

ІІ. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын ауыстырып, кем дегенде үш нұсқада қайта жазыңыз. Қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңіз.

1. – Ибрагим Кунанбаевич, сіз алғаш келген кезде бұл қалаға ауру жаңа ғана араласқан-ды (М.Әуезов).

2. – Неткен адам едің, Айбол, - деген ол маған, өзіңді өзің отқа саласың, қайдағы жоқ нәрселерді ойлап қиналасың! (І.Есенберлин).

3. – Ақылбек Ахметжанович, - дедім мен тағы да, - Мен ғой кейбір жағдайларда өзімді өзім сіздің тарихыңыздың зерттеушісі санаймын (І.Есенберлин).

Мәтінмен жұмыс!

6-тапсырма. Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз.

Келіссөзде

А: -Кешіріңіз, кездесуіміз сәл кеш басталып жатыр. Оның өзінің себептері бар. Кешірім сұраймыз.

В: -Оқасы жоқ! Серіктес болу оңай емес!

А: -Дұрыс айттыңыз! Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе.

В: -Бірден іске көшейік. Сіздердің талаптарыңызбен таныстық, көп ойландық... Бірақ тауардың көтерме бағасы бізге тиімді емес.

А: -Біздің бағамыз қаладағы ең төмен баға.

В: -Солай екені рас. Бірақ біз тапсырысымызды келісілген көлемнен үш есеге көбейткіміз келеді. Оның үстіне... біз сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғымыз келеді. Сондай-ақ, біз сіздердің тасымалдау компанияларыңызбен де қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

А: -Біздің компанияға деген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз. Бірақ сізге ұсынған баға біздегі ең төменгі баға. Одан артық түсіру бізге қосымша шығындар әкеледі.

В: -Әлбетте. Бірақ біздің ұсынып отырған бағамыз сізге де, бізге де ұтымды деп ойлаймын. Қазақстандық нарықта сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. Бізбен серіктес болсаңыздар, тауарларыңызды сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік ашылатынын ескерсеңіздер деймін. Оның үстіне біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имиджіңізді көтере түсетіні анық.

А: -Сіз өте жақсы ой айттыңыз. Біз сыртқы нарыққа шығуға талпынып жатырмыз. Тауар көлемін күн сайын өсіріп жатырмыз. Қазір сақтандыру компаниясымен тауарды сақтандыру тарифтері туралы келіссөздер жүргізудеміз.

В: -Тауар көлемін ұлғайту туралы шешімдеріңіз өте дұрыс шешім. Болашақта сіздің тауардың 40 пайызын тек біздің компания ғана сатып алып отыратын болады. Біздің болашаққа жоспарларымыз өте көп.

А: -Әрине, әрине. Еш күмәнім жоқ. Мен бұған қатысты шешімді қазір айта алмаймын. Ұсыныстарыңызды компания мәжілісінде көтеремін.

В: -Өте жақсы. Екі жаққа да ұтымды шешімге келетіндеріңізге сенемін.

А: -Мен сізге ешнәрсеге уәде бере алмаймын. Акционерлердің ортақ шешімін тосуға мәжбүрміз.

В: -Түсінікті. Алайда бізге жауаптарыңызды тез арада берсеңіздер екен. Тауардың алғашқы партиясын біз келесі айда алуымыз керек. Төлемақысын есеп-шоттарыңызға бірден аударамыз.

А: -Әлбетте. Жақын күндерде хабарласамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]