Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Ойын ойнайық!

  1. Бір адам теріс қарап тұрады, қалған адам орындарын ауыстырады. Бір адам дауысын өзгертіп түрлі эмоциялық реңкте бір сөз айтады. Теріс қарап тұрған адам кімнің даусы, қандай мағынада айтқанын табады.

  2. Бір адам теріс қарап тұрады, басқа адамдардың бірі түрлі адамдардың жүрісін салады. Теріс қарап тұрған адам оның жүріс дыбысына қарап, қандай адамды бейнеленіп тұрғанын табады (Мысалы, жеңілтек адамның жүрісі, сенімді, сенімсіз адамның жүрісі т.б.). Кино кейіпкерлерінің жүрісін салуға да болады.

Глоссарий

Сақтандыру компаниясы – сақтандырушы рөлін атқаратын, яғни сақтандыру жағдайы болғанда залалды өтеу міндетін мойнына алушы ұйым. Сақтандыру компанияларының негізгі нысандары – акционерлік, қарыз беру, Ллойд компаниялары.

Сақтандыру тарифтері – белгілі бір кезең үшін сақтандыру сомасының өлшемімен есептелетін сақтандыру жөніндегі төлемдердің мөлшерлемесі.

Көтерме баға – мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар өздері өндірген өнімді халыққа емес, басқа кәсіпорындарға және ұйымдарға өткізетін баға.

Тапсырыс – фирмалар мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жүзеге асыру мен реттеудің ұйымдық-экономикалық және құқылық түрі. Тапсырыстың аса маңызды түрі – өнімді өндіру мен беру, соның ішінде экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс.

Келісімшарт – тараптар арасында қандай да бір байланыстардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Нарық – экономика саласы, тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жасалады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

Бәсеке – өнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсеке.

Тест сұрақтары

1. Келіссөздер қай стильде жүргізіледі:

А. Ресми іс қағаздар стилінде

В. Көркем публицистика стилінде

С. Публицистикалық стильде

Д. Ауызекі сөйлеу стилінде

Е. Әдеби стильде

2. Сөздің қисындылығы:

А. Өз ана тіліңнің ішкі мүмкіншілігін сарқа пайдалана алу.

В. Жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғаны сөйлеу жағдайына сай, орынды қолдану.

С. Өзге тілдегі сөздерді қолданбау, тілді шұбарламау.

Д. Әдеби тіл нормасынан ауытқымау.

Е. Барлық жауаптар дұрыс

3. Сөз қисындылығы сақталмаған сөз қолданысы:

А. Кеше Алматыда грек-рим күресінен Азия чемпионаты ойындары басталып та кетті.

В. Ресейлік қонақтар біздерді ілтипатпен қарсы алды.

С. Жер тарпыған құлындай бұрын-соңды сынға түсіп үлгермеген 6 сазгер күміс жүлде мен Болгарияға курортқа путевканы жеңіп алып, саңлақ атанды.

Д. Мені кезекті демалысқа жіберуіңізді сұраймын.

Е. Барлық жауаптар дұрыс емес.

4. Берілген етістік синонимдердің қатарындағы келіссөздерде жұмсалатындары:

А. Қызығу, әуестену, құмарту;

В. Қыдыру, сенделу, шарлау;

С. Зерттелді, дәлелденді, негізделді;

Д. Қорытындылау, бітіру, аяқтау;

Е. Ғалым, оқымысты, көріпкел

5. Келіссөз жүргізуде қолданылатын қатар:

А. мәселе көтеру; талқылау; қайта қарау;

В. пәрменді қимыл; күш көрсету; бай мазмұн;

С. дәрежеге жету; жедел қарқын;

Д. көркемдік деталь; қарар қабылдау;

Е. келістік; бәрекелді; оқасы жоқ;

6. «Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес» мағынасындағы сөз:

А. Бопса

В. Жаза

С. Қылмыс

Д. Қасірет

Е. Қаһар

7. «Бірігіп, тату болу» мағынасындағы фразеологизм:

А. Түтіп жеу

В. Түтін түтету

С. Түтіні түзу ұшу

Д. Түтін басы

Е. Түтіндеу

8. «Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады» мағынасындағы фразеологизм:

А. Буынына түсті

В. Буыны босады

С. Буына мас болды

Д. Буыны бекіді

Е. Буынын басып көрді

9. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді –

А. Құжат

В. Келісімшарт

С.Шарт

Д.Міндет

Е. Шара

10. Артық сөз:

А. Отандық нарық

В. Қазақстандық нарық

С. Ішкі нарық

Д. Қазақ нарығы

Е. Қазақстандағы нарық

11. Артық сөз:

А. Тиінді

В. Тиімді

С. Көлемді

Д. Өзекті

Е. Желекті

12. Келісімшарт... отыру :

А. -а

В. -ға

С. -та

Д. -қа

Е. -ты

13. Артығы: Келісімшарт...

А. –қа отыру

В. – жасасу

С. – ты талқылау

Д. – ты орындау

Е. – пен тиісу

14. Артығы:

А. Ұлғайту

В. Арттыру

С. Көбейту

Д. Ұзарту

Е. Өсіру

15. Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен –

А. Қуаныш

В. Мәртебе

С. Тиімді

Д. Пайдалы

Е. Сый

16. Артығы: Имидж –

А. –ді көтеру

В. –ді қалыптастыру

С. –ін түсіру

Д. –ін үйрету

Е. –жасақтау

17. Ең төменгі баға –

А. Көтерме баға

В. Бөлшек баға

С. Жеңілдетілген баға

Д. Арзан баға

Е. Тұрақты баға

18. Артығы: Қосымша...

А. Баға

В. Шығын

С. Шығыс

Д. Кіріс

Е. Салық

19. Келіссөздерде белсенді қолданылатын жақ көрсеткіші:

А. Мен

В. Ол

С. Біз

Д. Олар

Е. Сендер

20. Етістік тұлғасы: Тапсырысты көбейткіміз келеді –

А. Тәуелдік тұлға

В. Қалау рай

С. Бұйрық рай

Д. Өздік етіс

Е. Ортақ етіс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]