Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Соөж тапсырмасы

1. Ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері бойынша тіл мәдениті, ой дәлдігі туралы ғылыми тұжырымдарынан тезис жазыңыз.

2. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты құжаттарының дұрыс рәсімделуіне сәйкес, магистранттың шет елдік іссапарға шығуына кететін қаржылық шығындарын есептеп, іссапарға шығу жөніндегі өтінішті жазыңыз.

СӨЖ тапсырмасы

1. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер туралы қандай ой айтасыз?

2. Қандай қасиет адамды биікке жетелейді?

3.Университетте өткізілетін мәдени шаралар туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Тест сұрақтары

  1. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) Бұлақтың

Б) Көзін

C) Ашу

Д) Игі

E) Іс

2. Қате жазылған сөзді табыңыз.

А) Көрсетеді

Б) Жасайды

С) Орыұдайды

Д) Реттейді

Е) Жөндейді

3. «Должностное лицо» тіркесінің аудармасы

А) лауазымды тұлға

Б) лауазымды орын

С) лауазым

Д) лауазымды жұмыс

Е) жеке тұлға

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Жұмыстан босату... сұраймын.

А) –да

Б) –ды

С) –ға

Д) –ыңызды

Е) –ың

5. Іссапар мерзімі аяқталғанда, оны ___________________________ болмайды.

А) Жазуға

Б) Ұзартуға

С) Орындауға

Д) Реттеуге

Е) Сақтауға

6. Сөйлемді толықтырыңыз. Мен іссапар құжатымен ________ .

А) Оқыдым

Б) Жаздым

С) Куәландырдым

Д) Таныстым

Е) Құрастырдым

7. Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім.

Б) Биік тау.

C) Биік ой.

D) Биік тұлға.

E) Биік сөз.

8. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің.

Б) Қисық.

C) Болса.

D) Ағайынға.

E) Өкпелеме.

9. Етістіктен болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты.

Б) Пайдалану, қолдану.

C) Бағалы, құнды.

D) Әлді, қарулы.

E) Қайратты, қажырлы.

10. Сөйлемді аяқтаңыз. Мені ... ....

А) Музыка тыңдаймын.

Б) Қалаға шақырды.

С) Домбыра үйірмесіне қатысады.

Д) Спорт жарысы болды.

Е) Теңізді көрді.

11.Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз?

А) Көкшүл, домбұра

Б) Үйлері, көшелері, мүсін, көрген

С) Көрүк, нұрұна

Д) Ұғұп,бөпем

Е) Гүлдөр, үнім

12. Іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен

А)Аспайды

Б) Бөлінеді

С) Жіберіледі

Д) Айтылады

Е) Жазылады

13. Көптік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.

А) Бабалер

Б) Ағадар

С) Балалар

Д) Бабадар

Е) Ағаллар

14. Тиісті сөзді қойыңыз. Тату болса, ағайын.....

А) келеді

Б) жақын

С) кешіреді

Д) көреді

Е) қосады

15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) жүрегі суылдады

Б) жүрегі ауырды

С) жазда келді

Д) жүрегін тексертті

Е) жазда барды

16. Іскерлік қарым-қатынас барысында ең бірінші нені ескеруіміз керек?

А) сөйлесу

Б) киіну

С) қарым - қатынас жасау

Д) орын беру

Е) тамақтану

17. Стиль түрін анықтаңыз.

Барлық заттың химиялық қасиеті болады.

А) көркем әдебиет

Б) ауызекі сөйлеу

С) іс қағаздар стилі

Д) публицистикалық

Е) ғылыми

18. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Бай болсаң, халқыңа пайдаң тиер

Б) Не жазып отырсың

С) Кеше келді

Д) Уа, қандай ғажап

Е) Күн сәулесі ашық

19. Диалект сөзді табыңыз.

А) құдаша

Б) бөле

С) жиен

Д) абысын

Е) құдағай

20. Орфоэпиялық заңдылық бойынша жазылған сөзді табыңыз.

А) Әңгіме айт

Б) Ол барсын

С) Сары қыз

Д) Өзен жағасы

Е) Қара ғазан

Глосарий

Сөз айшықтары – сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер.

Сөздердің орын тәртібі – сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті.

Сөздің атқаратын қызметі сөздің сөйлеу кезіндегі мақсаты мен міндетін білдіруі. Қарым-қатынас, байланыс құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі.

Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]