Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Глоссарий

Әдеп – адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.

Мінез-құлық – адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет.

Мәдениет – адамзаттың өндірістік, қоғамдық және ақыл-ой жетістігінің жиынтығы.

Іскерлік қатынас – адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында , мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынас түрі.

Серіктестік – екі немесе оданда көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.

Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормаларының жиынтығы.

Бақылау сұрақтары

1. Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?

Соөж тапсырмасы

1. «Іскерлік - бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» атты пікірталас ұйымдастырыңыздар.

2. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқындаңдар. Екеуін салыстыра отырып, оны кесте түрінде көрсетіңдер.

3. «Адам әдебімен көрікті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

Сөж тапсырма

1. Мақалдарды жаттаңыз.

Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ж.Баласағұн)

Тәкәппардың құты қашады. (А.Иүгінеки)

Көкірекшіл – тақсірет тартады. (М.Қашқари)

Менмендікті тәңір де сүймес. (Қорқыт)

Құрмет ақымақты тәкаппар етеді. (Ж.Баласағұн)

Әдепті келіп сұраған кісінің ісі алға озады. (С.Барайн)

Өтінішті білгеннің өрісі бар. (Б.Алақұс)

Сөз білгенге патша тағы тиеді,

Көп сөз басты жерге әкеліп иеді. (Ж.Баласағұн)

Әдептің басы - байқап сөйлеу. (А.Иүгінеки)

2. Мақал-мәтелдерді пайдаланып «Кішіпейілдің абыройы асады»

тақырыбына эссе жазыңыз.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж.

  2. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж.

  3. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА». 2001 ж.

  4. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж

Абдрахманова Қ.Ж., Дәркенбаева Г. Қ.

8-тақырып. Құжатты рәсімдеу. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.

Жұмысқа қабылдау.

Тірек сөздер: құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа.

Құжаттарды рәсімдеу

Құжаттармен жұмыс істеуді үйрететін ғылым: іс қағаздарын дұрыс жасау, толтыру және рәсімдеу, сондай- ақ олардың қозғалысын, есепке алуды орындауды, сақтауды ұйымдастыруды бақылайтын ғылым. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі - құжаттау болып саналады. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.). Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжат - ақпараты бар материалық объект, оны құзырлы тұлға құрастырады және өкілетті орган бекітеді. Әрбір құжаттың құрамына бірқатар элементтер (реквизиттер) кіреді: мәтін, құжат түрінің атауы, авторы, адресаты, күні, қолы және т.б. Құжаттың негізгі реквизиті болып оның мәтіні саналады. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай жай және күрделі , шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді. Құжатты рәсімдеуді зерделеудің негізі - құжат, сондай-ақ олармен жұмыс істеу үдерісі болып саналады.

Рәсімделетін құжаттың негізгі бір түрі - Жарғы. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

Мемлекеттік стандартқа сай үлгіде жазылатын ресми құжаттың бірі - Жарғы. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында, жалпы мәжілісінде немесе Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, қабылданады.

Жарғының деректемелері:

1.Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2.Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі – мәтін, ол санымен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]