Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Жағдаяттық тапсырма

Сіз мекеме басшысысыз. Күн тәртібі бойынша баяндама жасауыңыз керек. Сіз басқарып отырған ұжымда өзге ұлт өкілдері бар. Сіз қай тілде баяндама жасар едіңіз.

4-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз:

cобеседование -

обмен мнениями -

научные, учебные темы -

высказывать свое мнение -

делать выводы -

изложения-описания -

полнота содержания -

выражать оценку чему-либо –

5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз, өзіңіз ой қосыңыз.

«Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге доламау, жергілікті сөзден қашу» дейді А. Байтұрсынов.

Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмау» дейді ғалым М. Балақаев.

Тіл тазалығы қажетсіз, басы артық сөздерден бұзылады. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде өзге тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да бар екені, ондай құбылысты тіл-тілдің барлығынан да кездестіруге болатыны белгілі.

6-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Баяндама, есеп беру, ресми хабарлама, құжаттық мәлiметтер, қызметтік ақпарат, ауызша хабарлама, ұсыныс, ғылыми есептер, баяндаманы талқылау.

7-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орысшаға аударыңыз. Сөз тазалығына қатысты негізгі тұжырымдарды талдаңыз.

Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден де байқалып тұрады. «Ана тілің, қайткенде де, ана тілің болып қала береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірде бір француз сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір басқа», дейді Л.Толстой. Бір тілден екінші тілге сөз енуі тәрізді ауыс-түйістердің болуы – тіл-тілде кездесетін құбылыс. Сондай-ақ мұндай ауыс-түйістік ұғымдарда да болады. Кейбір ұғымдар көшірме тәсілмен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған көшірме, ал принять меры француз тілінің көшірмесі.

Ел мен елдің аралас-құраластығы, қарым-қатынасының барысында бір тілден екінші тілдің сөз алуы, жаңа ұғымның пайда болуы тәрізді заңды құбылыстардың шылауында ілесіп жүрген жөнсіз көшірмелер (калькалар) тіл тазалығына нұқсан келтіреді. Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда жарты арал (дұрысы түбек), аналық қой (дұрысы саулық қой), мал өсірушілер (дұрысы малшылар) тәрізді көзсіз көшірмелер тіл шұбарлау екендігі орынды көрсетіліп жүр.

8-тапсырма. Төмендегі ғылыми мәтінді тіл тазалығын сақтай отырып, қазақ тіліне аударыңыз.

Тестирование (от английского test — испытание, проверка) применяется для определения соответствия предмета испытания заданным спецификациям. В задачи тестирования не входит определение причин несоответствия заданным требованиям.

Тестирование - один из разделов диагностики. Диагностический тест - общий термин для обозначения любого теста или процедуры, используемых с целью точного определения характера и (возможно) происхождения нарушения способности, для определения конкретного источника проблем индивида в какой-то области. Большинство тестов, которые называются диагностическими, оценивает такие умения, как чтение, речь, сенсорная/моторная координация и т.п.

9-тапсырма. Төмендегі мәтінді тіл тазалығын сақтай отырып, орыс тіліне аударыңыз.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек.

10-тапсырма. Сөздерді орыс қазақ тіліндегі баламаларымен жұптастырыңыз.

  1. Повседневный а. Ұялы телефон

  2. Сотовый телефон ә. Күнделікті

  3. Недостаточное движение б. Осының бәрі

  4. Все это в. Байлық

  5. Плохая привычка г. Аз қимыл-қозғалыс

  6. Держаться подальше ғ. Егу

  7. Богатство д. Аулақ болу

  8. Прививка ж. Дәрумен

  9. Витамин з. Жаман әдет

12-тапсырма. Мәтін мазмұнына қажетті сөз бен сөз тіркестерін орналастырыңыз.

Жастық

Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір жылда бір-ақ рет 1)_____________. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық – біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді, сол секілді жастықтан 2)____________ кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-түлігін 3)___________ қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы 4)____________ бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік 5)__________.

(Міржақып Дулатов)

1. А) қартаяды Ә) жасармайды Б) жасарады.

2. А) соң Ә) үшін Б) бірақ

3. А) қолданып Ә) даярлап Б) пайдаланып

4. А) мінездерді Ә) заттарды Б) сөздерді

5. А) етеді Ә) жасайды Б) ете алмайды.

13-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Cидоров Иван Петрович по приказу работает у нас с 14 сентября 2008 года.

2. У первого ящика (жәшік) моего стола нет ручки (тұтқа).

3. Где первый экземпляр проекта закона?

4. Возьмите телефонный справочник со стола (поверхности) моего заместителя.

5. Ближе к концу квартала проведите конференцию.

6. Позвоните к начальникам всех отделов.

7. Отдайте на подпись председателю «Алатау жарық компаниясы».

8. Завтра приходите на собрание к трем часам.

9. Отнесите в приемную к моему заместителю.

10. Сегодня до вечера подпишите все счета.

14-тапсырма. Шешендік өнерді зерттеуші Г. З. Апресян ғалым К. А. Тимирязевтің сөйлеу өнері шеберлігі туралы айтқан ой-пікірін оқыңыз. Өзіңіз бір шығарманың тіліне байланысты пікір-қорытынды шығарып көріңіз.

«Так, К.Тимирязев (1843-1920) умел говорить и писать о сугубо сложных явлениях жизни и проблемах науки ясно, без непонятных слов и с большим увлечением. ... Кому довелось слушать К. А. Тимирязева, перед нами оживает образ ученого-революционера, мастерски сочетавшего подлинную научность с доступностью развиваемых им идей и мыслей. Специфика такой науки, как физиология растений, например, не только не являлась барьером для популярности, а наоборот, по- особому заинтересовывала слушателей, становилась предметом увлекательного освещения и даже поэтизации темы лекции».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]