Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Тест сұрақтары

  1. С. Тоқсанбайдың «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздігі» қай жылы шықты?

А. 1993 жыл

В. 1997 жыл

С. 1991 жыл

Д. 1999 жыл

  1. Сөздік қанша мың терминнен тұрады?

А. 20 000

В. 70 000

С. 50 000

Д. 100 000

  1. Терминжасамның неше түрі бар?

А. 5

В. 2

С. 7

Д. 4

  1. Қазақ тілі терминологиясының дамуы қай жылдан басталды?

А. 1930

В. 1924

С. 1935

Д. 1955

  1. Терминжасамның екінші тәсілі қандай тәсілдер арқылы жасалады?

А. Қосымшалау, біріктіру, қысқарту

В. Сараптау, талдау, жариялау

С. Қабылдау, іріктеу, ашу

Д. Қолдану, аудару, жабдықтау

  1. Аударма үрдісінің жандануына байланысты пайда болған тәсіл.

А. Ұлттық тіліміздегі кейбір сөздердің терминдік мәнге көшудегі

семантикалық тәсіл

В. Қосымшалау, біріктіру, қысқарту тәсілі

С. Сөзжасамның синтаксистік тәсілі

Д. Калькалау тәсілі

  1. Государственное регулирование

А. Мемлекеттік тіркеу

В. Мемлекеттік нұсқау

С. Мемлекеттік реттеу

Д. Мемлекеттік қадағалау

  1. Сұраныс пен ұсыныс бойынша тауар алмасу арқылы туындайтын еркін бәсеке?

А. Көлеңкелі экономика

В. Нарықтық экономика

С. Отбасы экономикасы

Д. Бәсекелі экономика

  1. Өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа да нышандарында болатын жағдай?

А. Дағдарыс

В. Тоқырау

С. Айналым

Д. Сұраныс

  1. Сатып алынған затты меншікке беру.

А. Маржа

В. Манко

С. Манципация

Д. Мангонизация

11. Ұлттық байлыққа жатпайды

А. Бабалардан қалған мұралар

В. Мәдени ескерткіштер

С. Қазба байлық

Д. Фольклор

12. «Гарантия прибыли» тіркесінің аудармасы

А. Табыс мөлшері

В. Табыс көзі

С. Табыс кепілі

Д. Табыс көлемі

13. Акциядан түсетін табыс қалай аталады?

А. Дивидент

В. Депозит

С. Эмитент

Д. Лимит

14. Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы трактат қалай аталады?

А. Бухгалтерлік есеп

В. Шоттар мен жазулар

С. Қаржылық есеп

Д. Есептеу құралдары

15. Заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексеруші

А. тұтынушы

В. бухгалтер

С. аудитор

Д. есепші

16. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы қай жылдан бастап пайда бола бастады?

А. 1993 жыл

В. 1991 жыл

С. 1995 жыл

Д. 1997 жыл

17. Валюта жүйесі үш түрде қалыптасқан. Олар:

А. ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық

В. мемлекеттік, дүниежүзілік және ұлтаралық

С. қоғамдық, дүниежүзілік және мемлекеттік

Д. отандық, нарықтық және экономикалық

18. Банктер қандай қызмет жасайды?

А. дүкен ашуды жоспарлайды

В. делдалдық қызмет көрсетеді

С. ұйымдар мен жеке адамдардан салымдар қабылдайды

Д. өзінің өкімін ұсынады

19. Қор биржасының қызметкері

А. брокер

В. бухгалтер

С. аудитор

Д. қаржыгер

20. Биржа түріне жатпайды:

А. тауар

В. валюта

С. ғимарат

Д. еңбек

Глоссарий

Брокераж брокерлердің жүргізетін делдалдық операциялары.

Брокеридж брокер алатын сыйақы. Ол келісім құнының(мысалы, сату кезінде) немесе жеткізілген жүк үшін төленетін белгілі бір соманың пайыз түрінде белгіленуі.

Дисконт(жеңілдік) валютаны дереу сату кезіндегі бағамы мен форвардтық бағамы арасындағы айырма .

Форварднақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді.

Онколь (сұраныс) банкілер беретін несие нысандарының бірі, мұнда қарыз алушы өзіне банк белгісіз мерзімде ашқан несиені бірте-бірте пайдалану құқығын алады.

Клиринг – өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі.

Эмбарго, тыйым – валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттік өкіметтің тыйым салуы.

Оферта(ұсыным) – бір тұлғаның екінші тұлғаға жасаған жазбаша немесе ауызша ұсынысы, онда шарт жасасу туралы тілек хабарланады (хат, факс т.б.)

Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма.

Толлинг – Қазақстан Республикасы аумағында фирмалардың импорттық өңделмеген шикізатты өңдеуі жөніндегі жұмыс немесе жекелеген мәмілелері.

Бақылау сұрақтары

  1. Экономикаға көшу барысында қандай өзгерістер пайда болды?

  2. Экономика салаларындағы қандай жаңа терминдермен таныстыңыз?

  3. Қай ғасырда нарықтық жолға түсті?

  4. Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қай салаларда қарым-қатынасты қарқынды дамытуда?

  5. Нарықтық экономика дегеніміз не?

  6. Алғашқы американдық қор биржасы қашан және қайда пайда болды?

  7. Ақша алғаш қай елде пайда болды?

  8. Сенімхат қалай аударылады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]