Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен...

...Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Мұқағали Мақатаев

Сөж тапсырмасы

«Экономикалық терминология негіздері», реферат.

Соөж тапсырмасы

Терминдер және олардың жасалуы бойынша жұмыс (жазбаша)

Бақылау сұрақтары

  1. Тілдің қоғамдағы рөлі, атқаратын қызметі хақында не айтасыз?

  2. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» туралы сіздің пікіріңіз қандай?

  3. Терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмауы неден туындап отыр?

  4. «Халықаралық» деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібі қай деңгейде екенін айтып беріңіз?

  5. Мемлекеттік терминологиялық комиссия туралы Ережені тауып, онымен толыққанды танысыңыз.

  6. Қазақ терминологиясында қалыптасқан жағдайға сараптама жүргізудің нормативтік базасын Ережеден табыңыз және ол туралы әңгімелеп беріңіз.

  7. Ағылшын тілінен енген сөздерді атаңыз, мысал келтіре отырып баяндаңыз.

  8. Терминология саласында отандық ғалымдар нендей мәселеге назар аудармай отыр деп ойлайсыз?

Тест сұрақтары

1. «Трейдер» терминінің қазақша баламасын табыңыз.

А. Көтерме сауда;

В. Сауда;

С. Саудагер;

Д. Бөлшек сауда;

Е. Сыртқы сауда.

2. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.

А. -ды, -ді;

В. -да, -де;

С. -шық, -шік;

Д. -лы, -лі;

Е. -қыш, -кіш.

3. «Салым» экономикалық термині қай сөзбен тіркеседі?

А. Аккредитивтік;

В. Инкассациялық;

С. Ұзақ мерзімдік;

Д. Мерзімсіз;

Е. Кассалық.

4. Жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады?

А. Сөз тіркесін жасайды;

В. Сөз бен сөзді байланыстырады;

С. Жаңа сөз тудырады;

Д. Сөзді түрлендіреді;

Е. Сөзге қосымша реңк үстейді.

5. Етістіктен жасалған туынды зат есімді анықтаңыз.

А. Қаламсыз;

В. Басшы;

С. Еңбекші;

Д. Тарақ;

Е. Жерлес.

6. Банк нені ұсынады?

А. Міндеттемені;

В. Кепілдемелік хатты;

С. Есеп айырысуды;

Д. Атаулы салымды;

Е. Шот есебін.

7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігі жалғауын табыңыз.

А. әкемде;

В. әкеме;

С. әкесінде;

Д. әкесін;

Е. әкені.

8. «Демеуші» сөзінің орысшасы қайсысы?

А. Партнер;

В. Брокер;

С. Спонсор;

Д. Инвестор;

Е. Посредник.

9. Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз.

А. Түн-нің;

В. Түн-кеп;

С. Түн-ге;

Д. Түн-дік;

Е. Түн-де.

10. «Маркетинг» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

А. Базар;

В. Сауда;

С. Нарық;

Д. Дүкен;

Е. Дүңгіршек.

11. Сөздің тура мағынасын анықтаңыз.

А. Арқасынан таяқ үзген емес;

В. Бала нанның жартысын үзіп берді;

С. Нариман – тепсе темір үзетін жігіт;

Д. Ол әке-шешеден ерте қол үзді;

Е. Қария әбден күдер үзген екен.

12. «Орфоэпия» терминінің анықтамасы қайсы?

А. Дұрыс жазу ережелері;

В. Дауысты дыбыстардың үндестігі;

С. Дұрыс айту ережелері;

Д. Тыныс белгілері;

Е. Дауыссыз дыбыстар жүйесі.

13. Тұйық валюта – .... валюта.

А. Айырбасталатын;

В. Еркін айырбасталатын;

С. Ішінара айырбасталатын;

Д. Айырбасталмайтын;

Е. Дамыған елдер валютасы.

14. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

А. Ел үмітін ер ақтар;

В. Қарақұс – жыртқыш құс;

С. Сулы жер – нулы жер;

Д. Көңілі бұлақтай таза;

Е. Көк алманы алма.

15. «Текущий вклад» тіркесін қазақ тіліне қалай аударған жөн?

А. Ұтыстық салым;

В. Атаулы салым;

С. Ағымдық салым;

Д. Мақсатты салым;

Е. Жарғылық салым.

16. Ауыспалы мағынада қолданылған сөз қайсысы?

Жаңбырсыз жер жетім,

Жақсысыз ел жетім.

А. Жер;

В. Ел;

С. Жетім;

Д. Жаңбырсыз;

Е. Жақсысыз.

17. Қазақстан ипотекалық компаниясының құрылтайшысы – ....

А. Үкімет;

В. Президент әкімшілігі;

С. ІІ деңгейлі банктер;

Д. Ұлттық Банк;

Е. Қаржы министрлігі.

18. Қай сөзде «көк» сөзі бірге жазылады?

А. (Көк) жел;

В. (Көк) кептер;

С. (Көк) шең;

Д. (Көк) аспан;

Е. (Көк) көйлек.

19. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді көрсетіңіз.

А. Тарамыс;

В. Батпақ;

С. Басқыш;

Д. Адалдық;

Е. Күрек.

20. «Мөлшерлеме» сөзінің орысша баламасы.

А. Баланс;

В. Займ;

С. Ставка;

Д. Средство;

Е. Объем.

ГЛОССАРИЙ

Сертификат1) Шынайылық куәлігі (мысалы, жазбаша немесе басылған түрде берілген меншік құқығы туралы құжат, тауарлардың шығу тегі жөніндегі сертификат, кепілдік сертификат, қолхат);

2) Сертификат иесінің меншігіндегі акциялар саны көрсетілген жазбаша немесе басылған түрде депозитке, акцияға, облигацияға берілген меншік құқығы туралы куәлік.

Инфляция (құнсыздану) – нарықта ақша табыстарының тауарлар, қызмет көрсету және қаржылық активтер ұсынысынан артық болуы нәтижесінде тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуі, яғни ақша массасының тауарлардан артылуы.

Менеджмент – өндірісті басқару принциптерінің, әдіс - тәсілдерінің және құралдарының жиынтығы; өндірістің тиімділігін арттырып, тұрақты табыс алу мақсатымен құрылатын экономикалық саясат.

Менеджер – өндіріс және тауарлар айналымы процестерін басқару жөніндегі маман, фирманың штаттық қызметкері, орташа және жоғары басшылық құрамының лауазымды тұлғасы.

Аудитор – тексерілудегі валюта есебінің дұрыстығын куәландыратын жеке адам немесе тәуелсіз компания.

Жалпы ішкі өнім – басқа елдерге салынған күрделі қаржылардан түскен пайданы қосқандағы ел өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулердің жиынтық бағасы.

Толық серіктес – жауапкершілігі шектеулі серіптестіктегі (ЖШС) өз борыштары мен міндеттемелері бойынша жауапкершілігі шектелмеген серіктес.

Енжар серіктес – жауапкершілігі шектеулі серіптестіктегі (ЖШС) өзі салған капитал мөлшерінде ғана жауап беретін серіктес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]