Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Глоссарий

Баяндама немесе есеп беру - бұл ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат. Баяндама әрдайым құжаттық мәлiметтердiң негізінде дайындалады. Бұл іс қағазы басқармаға немесе лауазымы жоғары тұлғаға қандай да бір қызметтік ақпаратты жеткізу үшін қолданылады.

Баяндама – белгілі бір қатырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында баяндалаты, ресми түрдегі көп жағдайда ауызша баяндалатын хабарлама

Тіз тазалығы – ана тілін басқа тілдің сөздерімен шұбарламау.

Тіл анықтылығы – айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтылығы дейміз.

Бақылау сұрақтары

  1. Баяндама қандай стильде дайындалады?

  2. Баяндаманы қандай тақырыпқа дайындадаңыз?

  3. Баяндаманы қай ғылым саласы бойынша дайындадыңыз?

  4. Сіз өзіңіздің сөзіңізде тіл тазалығын сақтайсыз ба?

  5. Тіл тазалығын сақтамау дегенді қалай түсінесіз?

  6. А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінің мәнін қалай түсінесіз?

  7. Үйде, көшеде т.б. жағдайларда сөйлескенде сөз тазалығына көңіл бөлесіз бе?

Тест сұрақтары

1. «Ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат». Қай іс қағазының анықтамасы?

А) арыз

Ә) өтініш

Б) қызметтік хат

В) баяндама

Д) өмірбаян

2. Баяндамалардың (есеп берудің) түрлері:

А) ғылыми есептер-баяндамалар;

Ә) әскери есептер;

Б) тексеріс бойынша есептер;

В) бағалау бойынша есептер;

Д) барлық жауап дұрыс.

3. Ғылыми баяндаманың неше түрі бар?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

В) 5

Д) 6

4. Көлемі бойынша 20 беттен аспайтын, зерттеу барысында өте маңызды мәлiметтi қорытып жеткізетін баяндаманың қай түрі?

А) жазбаша (қысқа) баяндама

Ә) жазбаша (толық) баяндама

Б) ауызша баяндама

В) реферат

Д) эссе

5. Баяндаманың бұл түрі баяндама мазмұнындағы зерттеу қорытындыларына негізделген мәліметтің көптігімен, жалпы көлемі 60 бетке дейін жетуі мүмкіндігімен ерекшеленеді.

А) жазбаша (қысқа) баяндама

Ә) жазбаша (толық) баяндама

Б) ауызша баяндама

В) реферат

Д) эссе

6. Баяндаманың кіріспе бөлімінде не айтылады?

А) баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі.

Ә) негізгі ой

Б) тұжырым

В) қорытынды

Д) дұрыс жауабы жоқ

7. Сөз тазалығы дегеніміз:

А) калькаларды пайдаланып сөйлеу

Ә) тілді шұбарламай сөйлеу

Б) мәнерлеп айту

В) дұрыс жауабы жоқ.

Д) барлығы дұрыс

8. Қай аударма дұрыс?

А) аналық қой

Ә) жарты арал

Б) қанатты сөз

В) мал өсірушілер

Д) барлығы дұрыс

9. Баяндама қай стильде жазылады?

А) ауызекі сөйлеу

Ә) ғылыми-ресми

Б) көркем әдебиет

В) публицистикалық

Д) ресми

10. Баяндама неше бөлімнен тұрады?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

В) 5

Д) 6

11. Сәлемдесуге жататын сөзді табыңыз.

А) Сау болыңыз!

Ә) Кездескенше!

В) Амансыз ба?

С) Қош болыңыз!

Д) Көріскенше!

12. ..................... досыңыз - озат студент.

А) менің

Ә) оның

В) сенің

С) біздің

Д) сіздің

13. Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы басқа мәселелермен байланысты, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер....

А) беріледі

Ә) айтылады

В) көрсетіледі

С) жазылады

Д) қарастырылады

14. Біздің үй..... Алматыда. Қажетті қосымшаны қойыңыз

А) –міз

Ә) – дің

В) –іміз

С) –мыз

Д) –ымыз

15. Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжылымдар жасалып, негізгі мәселелер...

А) нақтыланады

Ә) ескеріледі

В) көрсетіледі

С) жазылады

Д) дәлелденеді

16. Біздің университет ...... жатақхана қашық орналасқан. Қажетті шылауды қойыңыз.

А) алайда

Ә) және

В) пен

С) мен

Д) бен

17. «Принять меры» сөзінің аудармасын табыңыз

А) шара қолдану

Ә) шара көрсету

В) шара қолдау

С) көмек беру

Д) шара қолданбау

18. Қазақ тілі – Қазақстанның ........... тілі. Тиісті сөзді қойыңыз.

А) көркем

Ә) ресми

В) мемлекеттік

С) бай

Д) жаңа

19. «Плохая привычка» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) Жаман әдет

Ә) Жаман әрекет

В) Жаман сөз

С) Жақсы сөз

Д) Жаман мінез

20. «Собеседование» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) Сұхбаттасу

Ә) Тайталасу

В) Келісу

С) Пікір айту

Д) Әңгімелесу

СОӨЖ тапсырмасы

1. Тіл мәдениеті туралы баяндама жазыңыз.

2. «Тіл – күретамыр» деген даналық сөзді қалай түсінесіз? Шағын эссе жазыңыз.

СӨЖ тапсырмасы

1.Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, шығарма жазыңыз:

а) Таза сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі.

ә) Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы, Ол – адамның білімсіз бейшарасы.

2. «Сөз тазалығы – білімділік белгісі» – баяндама жазыңыз.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақ тілінің ресми стилін меңгертуге арналған кіші оқу-әдістемешік кешен. Астана, 2008.

  2. Русско-казахский словарь. Алматы: Сөздік, 2010.

  3. Қазақ тілі. Экономикалық жоғары оқу орындарына арналған БҮМ. Алматы: Экономика, 2011.

  4. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша және орысша сөздігі. А: Жеті жарғы, 2007.

  5. Терминдер сөздігі. А: Зият-Пресс, 23007.

  6. Қосымова Г. Шешендік өнердің негіздері. Баянжүрек, Алматы, 2007ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]