Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Сөздің қисындылығы дегеніміз не?

  2. Сөз қисындылығына қандай талаптар қойылады?

  3. Сөздің стильдік, ситуативтік-контекстік, жеке тұлғалық-психологиялық қисындылыққа сипаттама беріңіз.

  4. Іскерлік қарым-қатынаста сөз қисындылығы қандай болуы керек?

  5. Келіссөз жүргізуде сөз қисынын қалай келтіруге болады? Келіссөзде сөздерді қалай қолдананорынды?

9-тапсырма бойынша қорсымша мәтін.

Жауаптары:

«Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1, «жоқ» - 0. Жауаптарыңыздан ұпай санын қосып, төмендегі адамдардың қайсысына жататыныңызды анықтаңыз.

30-32 ұпай. Сіздің адамдармен тіл табыса алмайтыныңыз айдан анық және бұл үлкен қасірет, себебі одан бәрінен бұрын өзіңіз көп жапа шегесіз. Жақын адамдарыңызға да оңай емес. Ұжыммен орындалатын істі сізге тапсыру қиын. Ашық болуға, өзіңізді өзіңіз бақылауға тырысыңыз.

25-29 ұпай. Сіз тұйық, сөзге кедей адамсыз. Жалғзыдыққа бейімсіз, сондықтан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс, жаңа қарым-қатынас сізге жағымсыз әсер етеді. Өзіңіздің бұл қасиетіңізді білесіз, сондықтан өзіңізге риза емессіз. Бірақ салыңыз суға түспесін, мінезіңіздегі бұл кемшілікті жою өз қолыңызда. Кейде сізді бір нәрсе қатты қызықтырса, «кенеттен» сөзшең болып кететініңіз бар емес пе? Тек кішкене сергектік қажет.

19-24 ұпай. Сіз белгілі бір деңгейде тіл табыса аласыз, бейтаныс ортада да өзіңізді еркін сезінесіз. Жаңа қиындықтардан қорықпайсыз.Сонда да жаңа адамдарға сақтықпен қарайсыз, айтыс-тартысқа құлықсызсыз. Кейде сөздеріңізде ащы қалжыңның көп болуы негізсіз. Бұл кемшіліктерді жою мүмкін екені кәміл.

14-18 ұпай. Сіз тіл табыса аласыз. Ізденімпазсыз, қызық тақырыпта сөйлесетін әңгімешіл адамды ден қойып тыңдайсыз. Қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз көзқарасыңызды еш қызбалыққа салынбай-ақ дәлелдей аласыз. Жаңа адамдармен кездесуге еш қиналмай барасыз. Сонымен қатар аса шулы ортаны да жақсы көрмейсіз. Шектен тыс нәрселер, дөрекілік, көп сөз сіз үшін жиіркенішті.

9-13 ұпай. Сіз көпшілсіз, әуесшілсіз, сөзшең адамсыз. Түрлі тақырыпта өз ойыңызды айтуға дайынсыз, ал бұл басқа адамдарға ұнамайды. Жаңа адамдармен тез танысасыз. Көпшіліктің ортасында болғанды ұнатасыз. Кейде орындай алмасаңыз да өзгелердің өтініші қайтармайсыз. Кейде тез ашуланасыз, бірақ қайтуыңыз тез. Бірақ қиын мәселелерге тап болғаныңызда сізге жетіспейтіні – тыңғылықтылық, шыдамдылық және батылдық. Егер шын ниеттенсеңіз, батылдық та көрсете алатыныңызға сеніңіз.

4-8 ұпай. Сіздің көпшіл адам болғаныңыз соншалық, әрдайым барлық нәрседен хабардарсыз. Басты қатыратын қандай қиын тақырыпта болмасын, айтыс-тартысқа түсуден бас тартпайсыз. Кез келген мәселеге біліміңіз тайыз болса да, өзіңіздің пікіріңізді білдіресіз. Орта талғамайсыз. Кез келген іске бел шешіп кірісесіз, бірақ оны әрдайым соңына дейін сәтті жеткізе алмайсыз. Сол себепті де әріптестеріңіз бен бастықтарыңыз сізге сақтықпен қарайды. Бұл ойландыратын жағдай емес пе!

3 ұпай және одан аз. Сіздің тіл табысқыштығыңыз сіздің басты кемшілігіңіз. Көп сөйлейсіз, сізге еш қатысы жоқ әңгімеге, кіріспейтін жерге килігесіз. Өзіңіз еш нәрсе білмейтін мәселелерді ойланбастан талқылайсыз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да өз ортаңыздағы кикілжіңдердің басты себепкері өзіңізсіз. Ашуланшақсыз, өкпелегішсіз, көп жағдайда объективті емессіз. Салмақты, жауапты жұмыс сізге арналмаған. Жұмыста да, үйде де, барлық жерде де сізбен бірге болу адамдар үшін өте қиын. Өзіңіздің мінезіңізді қолға алыңыз! Өзіңізді ең алдымен шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеңіз, адамдарға сыйластықпен қарауға үйреніңіз. Әрине, өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз – бұлайша өмір сүрудің салдары қиын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]