Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Әдеби норма мен стилистикалық норманың байланысын түсіндіріңіз.

2. Тілдік қоғамдық қызметінің неше түрі бар және олардың тілге әсері қандай?

3. Синтаксистік тұлға – бірліктердің функционалды стильдік ұйымдасуы

барлық жағдайда бірдей ме?

4. Салық реформасы туралы не білесіз?

5. ҚР салық түрлері.

6. Жанама салық деген не?

Соөж тапсырмалары

1. «Салық комитетінде» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

2. Ең көп қолданылатын салық түрлерін анықтаңыз.

3. Сөз таптарын қайталаңыз, мысалдар келтіріңіз.

СӨЖ

1.Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы салықтары туралы жазыңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Шалабай. «Қазақ тілінің стилистикасы». Алматы, «Республикалық оқулық баспа орталығы».2006ж.

2. В.Д. Мельников. «Основы финансов». Алматы, ТОО«Издательство». 2005ж.

3. Қ.Қ. Илиясов. «Қаржы». Алматы, «Экономика». 1999ж

4. К.О.Жекеева, Қ.Ж.Әбдірахманова, Ф.Қ.Қанафина. «Қазақ тілі». Алматы, «Экономика», 2010ж.

5. Н.Мухамадиева, М.Атабаева, Р.Ибраева «Іскерлік қазақ тілі» Алматы «ЦЕННЫЕ БУМАГИ», 2000ж.

6. Ш.Ә. Рамазанова, К.М.Мұхадиева. «қазақ тілі». Алматы, «Қазақ университеті», 2004ж.

Құрастырушы : аға оқытушы Қ.Ж.Абдрахманова.

7-тақырып. Мамандыққа байланысты лексика. Компания( фирма) тұсаукесері. Отандық тауарлар көрмесінде.

Тірек сөздер, сөз тіркестері: тұсаукесер, көлік, лизинг, техникалық база, үздік тауар, көрме, кепілдік беру, келісім жасау, ипотека, акция, стартегиялық бағыт, көрме-конкурс,тапсырыс, жеңімпаз, байқау жеңімпазы, алтын сапа, донор қала, өнеркәсіп флагманы, жәрмеңке, биржа, делдал, сарапшы, қор т.б.

Мамандыққа байланысты лексика – тек белгілі бір кәсіп саласына байланысты қолданылатын сөздер. Олардың қолданылу аясы кең болмайды.Мамандыққа байланысты сөздерді негізінен сол маманның иесіболып келетін тұлғалар қолданады.Кәсіби лексикаға өндіріс, техниканың әр түрлі салаларында пайдаланылатын, алайда жалпы қолданысқа енбеген сөздер мен сөйлеулер жатады. Арнайы ұғымдардың ресми ,әрі ғылыми атаулары – терминдерден бөлекше профессионализмдер ауызекі тілде қатаң ғылыми сипатқа ие емес «жартыла ресми» сөздер ретінде қызмет етеді .

Экономикалық мамандыққа байланысты кәсіби сөздер кестесі

Қаржы

Есеп және аудит

Ақпараттық жүйе

Кеден ісі

Экономика

Әлеуметтік жұмыс

Қаржы

Бағалы қағаз

Қаржы саясаты

Қаржы құқығы

Қаржы ресурсы

депозит

Есеп

Аудит

Төлем-есептеу

Бағалау

Экономикалық талдау

Есептеуші

Тексеруші

Ақпарат

Жүйе

Есептеу

Компьютер

Интернет жүйесі

Электронды есептеу

Ақпараттық орта

Кеден

Бақылау

Тексеру

Бағалау

Кедендік шарт

Кедендік тапсырма

Кедендік ұйым

Экономика

Үнемдеу

Нарық

Салық

Ақша

Валюта

Сұраныс

Табыс

Кіріс

дағдарыс

Әлеуметтік қамсыздандыру

Зейнеткерлік төлем

Әлеуметтік жұмыс

Төлемақы

Зейнетақы

Жұмыспен қамту

Басқару

Экология

Әлеуметтік жұмыс

Статистика

Туризм

Кеден ісі

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Кәсіби сөздер дегеніміз не?

  2. Олардың қандай түрлері бар?

  3. Кәсіби сөздердің әдеби сөздерден қандай айырмашылығы бар?

  4. Кәсіби сөздерді топтастырып айтыңыз.

3-тапсырма. Мамандыққа байланысты 1-кестені оқып шығыңыз. Сөздердің қолдану аясын, қызметін т.б. ерекшеліктерін есте сақтаңыз. 1-кестеге қарап, басқа да экономикалық мамандықтар бойынша сөздікті жалғастырыңыз. Өз мамандығыңызға байланысты сөздерді толықтырыңыз.

4-тапсырма.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]