Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Ойды дәлелдеу. Сөздің қисындылығы.

Қазақтың шешендік дәстүрінен бастау алатын тапқырлық, ойдың

дәлдігі, әдептен аспау, сөзге тоқтай білу, аз сөзге көп мағына сыйғызу − осының бәрі жоғары мәдениеттілікті қажет етеді. Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеу арқылы әр уақытта сөздің парқына ерекше мән берген. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, ойын нақты жеткізу үшін мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған.

Сөз қисындылығы ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болады. Ойды жеткізуде тіл арқылы қарым- қатынасқа түскенде сөз мағынасы өзгеріске түседі. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл- күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады.

Ойды дәлелдеу, сөз қисындылығы дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс құрастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.Ой мен сөз қисындылығының сақталуы функциональдық стильдердің бәрінде орындалуы керек. Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Тілсіз ойлау мүмкін емес.

Сөйлеу мен жазудағы логикалылық ой дәлдігімен тығыз байланысты. Нақтылық болмаса, ой дәлдігі айқын болмайды. Сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы, нақтылықты сақтаудың маңызы зор. Ойды жүйелі жеткізуде, әсіресее, ғылыми зерттеу жұмысында пікірді, ойды, болжамды нақты деректер арқылы дәлелдеу ой дәлдігін талап етеді. Ғылыми еңбектер (мақала, диссертация, диплом жұмысы, баяндама) негізгі үш бөліктен (кіріспе, негізгі, қорытынды) тұрады. Сондай ақ, көпшілік алдында сөйлегенде, тыңдармандардың назарын аударуда сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы зор мәнге ие.

Ой дәлдігінің сақталмауының себептері:

  • сөздің логикалылығының сақталмауы;

  • сөз және сөз тіркестерінің дұрыс айтылмауы;

  • қаратпа, қыстырма сөздердің көп қолданылуы;

  • сөйлем ішіндегі есімдіктердің орнымен қолданылмауы;

  • ойды жеткізуде, баяндауда жүйеліліктің сақталмауы болып табылады.

Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

6-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Кәсіпкер басшысы ретінде халықаралық кездесуде алғашқы сөзді неден бастар едіңіз?

Алыс жолға жалғыз шықсаңыз, не істер едіңіз?

Ұшақ бағыты ауысып кетсе, не істер едіңіз?

Жұмыстан себепсіз босатса, не істер едіңіз?

Кәсіпкерлікте жоспарларыңыз ойдағыдай болмаса, не істер едіңіз?

Ауыр сөз естісеңіз, не істер едіңіз?

7-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріңіз.

Ешкімнің ала жібін аттамады, егіз қозыдай, балдай тәтті, аппақ нұрдай, қаламдай қасы қиылған, балаша мәз болу, желдей есу.

8-тапсырма. Газет, журнал беттерінде кездесетін ауызекі сөйлеу стиліне тән қыстырма сөзді теріп жазыңыз.

9-тапсырма. Берілген сөйлемді аяқтаңыз.

Қымбатты ... кәсіпорын жылына ...28 миллион тонна... Болашақта... 85 миллион тоннаға... Енді осыншама мүмкіндігіміз... Неліктен 150 миллиард ...қызметкерлерге ..? Оның себептері.... Бірақ қарызды... үшін не істеу ... деп ойлайсыз? Ойыңызды... Маған ... қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]