Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Глоссарий

Өмірбаян – автордың өзі туралы жазатын құжаты.

Мінездеме – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, адамшылық тұрғыда сипаттайтын құжат.

Өтініш - мекеме басшысының атына азылып, белгілі бір тілек өтінішті білдіретін құжат.

Түйіндеме –талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.

Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір адамға берігенін растайтын құжат.

Анкета – белгілі бірқызмет орнына жұмысқа тұрар алдында толтыратын өзің жайлы толық мәлімет беретін ең қажетті жазбаша құжат түрі.

Бақылау сұрақтары

1.Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігі қандай?

2.Ресми ісқағаздар стилі қандай жұмыстар жүргізуге байланысты?

3. Ресми ісқағаздар қандай орындарда қолданылады?

4. Ресми ісқағаздарда қандай дайын тіркестер мен термин сөздер жиі қолданылады?

5. Ресми ісқағаздарының стильдік сипаттары қандай?

6. Бірізділік дегеніміз не?

Соөж тапсырмасы

1. Өзіңіздің не болмаса отбасыңдағы жақын адамдарыңыздың біреуінің өмірбаянын жазыңыз.

2. Екі жаққа да бірдей жауапкершілік жүктейтін ісқағазының үлгілерін атаңыз.

3.Қолхат пен сенімхат берудің үлгісін жазыңыз. Бұлардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіңіз.

4. Анкета қай кезде жазылады, ал түйіндеме ше? Бұлардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіңіз.

5. Бірнеше үлгідегі түйіндемелер жазыңыз.

Сөж тапсырмасы

1. Іскерлік қатынастағы жеделхаттың тиімділігі неде?

2. Телефонограмма қандай жағдайда, кімдерге беріледі?

3.Университетте өтілетін мәдени шаралар жайлы басқа институтқа жіберілетін телефонограмманың мәтінін құрастырыңдар.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Алматы, «Ана тілі» 2000 ж.

  2. Алтынай Т. «Кәсіби экономика тілі». Алматы, «Қазақ Университеті». 2009 ж.

  3. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж.

  4. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж.

Аға оқытушы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы

4-сабақ. Іскерлік кездесулер. Сөйлеу мәдениеті. Орфоэпия. Сөз байлығы.

Тірек сөздер:Іскерлік, іскерлік кездесу, іскер адам, іскерлік қарым-қатынас, іскерлік байланыс, күнделікті байланыс, іс жүргізу, істі ұйымдастыру, сөз байлығы, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі, әдеп ережелері, кішіпейілділік, сыпайылық, серіктестік, ынтымақтастық, қол алысу, қол қою.

Мәдениет сөзінің өзі тәртіпке бағыну, заңдылықты сақтау деген ұғымға саяды. Демек, сөз мәдениеті – халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс қолдана білу, тілдік норманы сақтау дегенді білдіреді.

Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Қарап отырсақ, ана тіліміздің халықтың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға, аңға, құсқа, т.б.табиғат құбылыстарына байланысты теңеу, эпитет, метафораға, мақал мен мәтелдерге байланысты атауларына басқа тілден балама табу қиын. Қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан-ғайыр көп. Сондай-ақ қазақ тілінің сөз байлығы әртүрлі арналар мен салалардан құралған. Оның басты бір негізі - тіліміздің ежелден бергі байырғы, төл сөздері, олардан өрбіген туынды сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, көп мағыналы сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдер, өзге тілден енген сөздер, мақалдар мен мәтелдер, фразеологиялық (тұрақты) тіркестер, неологизмдер, терминдер,

Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Сөзі жұтаң адамның ойы да таяз тартып тұрады. Соның салдарынан мақсатсыз қайталау да көп болады. Сондықтан сөз мәдениетіне ден қойған адам сөз байлығына ерекше көңіл бөлу керек. Адамның мәдениеттілігі білімімен, дүниетанымымен, еңбектегі қол жеткен табыстарымен ғана шектеліп қоймай, сөйлеу және жазу тілінің тазалығымен, байлығымен, өткірлігімен де анықталады.

Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – дұрыс айтылып, дұрыс жазылуы.

Орфоэпия (грек.orhoepcia, orhos – дұрыс, ерos – сөз – ауызша сөздің дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы ауызба-ауыз тілдесуді жеңілдетуге ықпалын тигізеді. Орфоэпия деген ұғым тілдің фонетикалық жүйесіндегі фонемалардың, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ сөз үндестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар, т.б. дыбысталуын қамтиды.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресі дыбыс үндестігі ерекше орын алады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының мәні ерекше. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү] түнгі, т.б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар.

Орфоэпиялық норма да адамның сөз мәдениетінің қандай екенін көрсетеді. Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, буын жігі, екпіні бұзылмай, сөздің әуіні мен ырғағына мән берген адамның сөзі әсерлі болады. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек.

Мысалы:

Жазылуы

Айтылуы

Тәкаппар

Аппақ

Көкөніс

Жүрек

Жайында

Менмендік

Зиянкес

ақ алма

Тәкәппар

Әппәқ

Көгөніс

Жүрөк

Жәйіндә

Меммендік

Зиаңкес

Ағ алма

Үлкен бір істі жүзеге асыру барысында іскер адамның алдында сол іспен айналысып жүрген басқа мекеме адамдарымен қарым-қатынас, іскерлік кездесулер жүргізу міндеті тұрады. Біздің қоғамымыз нарықтық қатынастар жүйесінде даму кезеңін басынан өткізуде. Демек, адамдар арасында істі дұрыс ұйымдастыруда басқа мекемелермен, шетелдермен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесі күн тәртібіне қойылады. Істі ұйымдастыруда оң нәтижелерге жету үшін қоғамның басқа мүшелерімен байланыс орнату, қарым-қатынас жасау ауқымы да кеңейеді.Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде? Істі ұйымдастыруда, іс барысында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін, әдеп нормаларын бұзуда. Іскерлік байланыста, іскерлік қарым-қатынаста адамдармен сөйлесе, әңгімелесе білу өнері ең басты рөл атқарады. Іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтамай, үлкен табыстарға жету, өзін мәдениетті адам ретінде көрсету мүмкін емес. Яғни іскерлік ортаға тән сөйлеу түрі, сөйлеу мәнерін, сөздік қорды, бір сөзбен айтқанда, іскерлік ортада қалыптасқан сөйлеу ерекшеліктерін толық меңгеру қажет.

Іскерлік әңгіме барысында мына сөз орамдарыныңдұрысын қолдануға дағдыланыңыздар.

Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз:

Мен (мәселе) деп есептеймін.

Сіз түк білмейсіз.

Ол туралы кейін түсінесіз.

Сіз(дер) кейін түсінесіз(дер).

Мына сөз орамын қолдану тиімді:

Менің ойымша, болуы керек.

Ол сізге белгілі ғой.

Сіз келісесіз бе?

Сіз ойлайсыз ба?

Іскерлік әңгіме соңында айтылатын сөз орамдары есте ұзақ қалады және ол істің оң шешімін табуына үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан іскерлік әңгіме, іскерлік кеэдесуге дайындық барысында қорытынды сөзді әңгіменің қандай бағытта өрбитінін ескере отырып, бірнеше нұсқада қағазға түсіріп, тіпті жаттап алған орынды.

Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары:

Іскерлік әңгіменің басталуы

Сіздің (мәселе жөнінде) бізген әңгімелесуге келгеніңізге қуаныштымын.

(мәселелерді) талқылауға уақыт бөлгеніңізге алғысымды білдіремін.

Сізбен (мәселе) жөнінде кеңескім келеді.

Сіздің (мәселеге) деген көзқарасыңыз қандай?

Іскерлік әңгіменің барысы:

(барысы) жөніндегі біздің ұстанған бағытымыз мынадай.

Сіздер (мәселені) бірлесе орындауға қалай қарайсыздар?

Сіздің ойыңызша, (мәселені) қалай шешуге болады?

Меніңше, (мәселенің) шешімін былай табуымыз жөн.

Сіз (мәселе) жөнінде келісесіз бе?

Бізге (мәселе) жөнінде істің басқа нұсқаларын (варианттарын) қарастырғанымыз жөн болар.

Іскерлік әңгіменің қорытындысы:

Сізбен бірлесе жүзеге асыратындығымызға сенімдімін.

Өз тарапымыздан орындайтынымызға сізді сендіремін.

1-тапсырма. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар. Іскерлік әңгіменің мазмұнына назар аударыңыз. Сөз орамдары қалай қолданылған?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсізбе! Сізге қандай көмек көрсете аламын?

  • Уақытыңызды алғаныма ғапу етіңіз. Маған «Нарда» компаниясының директоры Қалғұлова Шырын керек еді.

  • Мына кабинетке кіріңіз.

  • Рақмет.

  • Сәлеметсізбе?

  • Сәлеметсіз бе! Мен – «Жи-Мур» компаниясының директоры Әбділда Жанерке боламын.

  • Төрлетіңіз. Танысқаныма қуаныштымын. Сізге қандай көмек қажет?

  • Біздің компания Қазақстанның барлық облыстарына өнімдерін шығарып, елімізді сүт тағамдарымен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан сіздердің компанияларыңызбен бірлесе отырып, сүт өнімдерін ТМД елдеріне экспорттасақ деген ұсыныспен келіп отырмын. Бұл мәселе туралы не ойлайсыз?

  • Жақсы. Ол үшін өнімнің сапасын жоғарылатып, жылдық есеппен санын көбейту керек. Сонда ғана сіздердің өнімдеріңіз жақсы экспортталды. Біздің компания ТМД елдеріне өнімін он жылдан астам уақыт экспорттап келеді. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, өнімді өндіру сапасын жақсартайық. Бұл істі орындау сіздердің қолдарыңыздан келе ме?

  • Тіптен тамаша болды ғой. Керекті құжаттарды қашан толтыра аламыз?

  • Онда бір жеті ішінде барлығы дайын болады.

  • Сізге көп рақмет. Осы аптаның аяғында бұл іс жайында тағы келіп кетермін. Уақытыңызды бөлгеніме кешіріңіз.

  • Сау болыңыз!

  • Көріскенше.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз жәнемәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]