Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
413
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

1. Ауызекі сөйлеу стилі

2.    көркем-әдебиет стилі

3.    публицистикалық стиль

4.    ресми іс қағаздар стилі

5.    ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы. 2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Тілдің негізгі қызметі қандай?

  2. Тіл стильдерін атаңыз.

  3. Ресми құжат стильдеріне тән белгілерді атаңыз.

3. Кестені есіңізде сақтап, екінші кестені өзіңіз толтырыңыз:

  1. Стиль түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Стильдердің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

  2. Стиль түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

1-кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі

Ауызекі сөйлеу стилі

Тұрмыста, отбасында, достық қарым-қатынаста

Еркіндік, эмоциялық, экспрессивтік-бағалаушылық

Диалог, әңгімелесу

Пьеса, хат, көркем шығармадағы төл сөз, кино сценарийі және т.б.

Ғылыми стиль

Ғылым мен техникада, оқу процесінде

Нақтылық, дәлдік, логикалық жүйелілік

Лекция, баяндама, диалог және т.б.

Оқулық, ғылыми кітаптар, диссертация, ғылыми мақалалар, реферат, конспект, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.

Ресми іс қағаздар стилі

Басқару, әкімшілік, құқықтық салада

Ресмилік, нақтылық, дәлдік.

Ресми қарым-қатынастың ауызша түрінде, келіссөздер жүргізгенде, сот процесінде, жиналыстарда, түрлі кеңестер мен отырыстарда және т.б.

Заң, жарлық, қаулы, бұйрық және т.б. ресми іс қағаздары.

Публицистикалық стиль

Бұқаралық ақпарат құралдарында

Сендіру, бағалау.

Теле-радио бағдарламаларында,жиналыстарда сөйленетін сөздер.

Баспасөз беттеріндегі материалдар(мақала, репортаж және т.б.)

Көркем әдебиет стилі

Әдебиет пен өнер саласында

Образдылық, еркіндік, бағалағыштық, эмоционалдық-экспрессивтік.

Өлең оқу, цитаталар келтіру, әзіл-қалжың айту және т.б.

Көркем шығармалар

2-кесте

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]